2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу, олардың әдістері, қарқыны және зардаптары.
3. Қазақстан аумағындағы мустье кезеңінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз.
Мусьте кезеңіне жататын тұрақтарыға Қаратаудағы Қызылрысбек, осы өңірдегі Арыстанды мекенінен табылған Ш.Уәлиханов атымен аталатын тұрақты, Батыс Қазақстандағы Шақпақата, Орталық ҚазақстандағыАғадыр ауданы жерінен табылған тұрақтарды жатқызуға болады.
25-билет
Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
«Тоқырау» жылдардағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
Қазақстан жерінде құрылған ұлыстардың (Жошы, Шағатай, Үгедей) және аумақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
1783-1797жылдары кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің Байбақты руынан шыққан Сырым Датұлы басқарды.Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, билер және батырлар белсене қатысты.Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығы ауыртпалығын көтерген де, Орал казак әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын.Көтерлісшілердің басты мақсаты-патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сонымен қатар сұлтандардың ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу еді.С.Датұлы бастаған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қазақтардың Ресей империясының отаршыл әкімшілігіне қарсы ең алғашқы ірі баскөтеруінің бірі еді.1801 жылы Жайық өзенінің оң жақ жағалауында Ішкі Орда құрылды.Сырым қазақ халқының есінде саяси қайраткер ретінде қалды.
2. «Тоқырау» жылдардағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
1960 жылдардың аяқ шенінде Қазақстан КСРО-ның ірі ғылыми орталықтарының бәрәне айналды. 1985 жылы республикада 40377 ғылыми қызыметкер жұмыс істеді. Олардың 864-і ғылым докторы, ал 650-і Ғылым академиясының академиктері, корреспондент –мүшелері, профессорлар болды.С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», М.Иманжановтың «Алғашқы айлар», А,Тоқмағамбетов,Т.Жароков, Ғ.Орманов, поэзиялық шығармаларында көркемдік бейнесін тапты.Репрессияға ұшыраған жазушылар мен ақындар С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларының жарық көруінің қазақ халықының рухани өмірі үшін орасан зор маңызы бар еді. Бұл кезеңде әншілер Роза Бағланова, Б.Төлегенова,Е.Серкебаев, балетмейстер Болат Аюхановтардың таланты жарқылай ашылды.Ш.Аймановтың «Алдаркөсе», «Қыз Жібек», С.Қожықовтың «Менің атым Қожа» атты кинофильмдер кең танымал болды.М,Төлебаев, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев әндерә халы жатқа білді. Сахна төрәнен әншілер: Ғ. Құрманғалиев, Ж.Омарова, Р.Рымбаева, Ә.Дінішовтар болды. Жастар арасында «Досмұқасан», «Айгүл», «Ариран» ансамбльдер шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |