Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары
: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен,
тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен
иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы
: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам
жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл - осы кезеңдегі ру,
тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:
ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып
келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және
батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
2.Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы:
Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс
(Монғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді. Батыс Түрік қағанаты 603 жылы ежелгі
үйсін мемлекетінің жерінде құрылды.
Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды
.
Аумағы:
Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай, Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы
аралықтарын қамтыған. Құрамына Шығыс Түркістан, Самарқанд, Кеш, Бұқара сияқты отырықшы-егінші аймақтар да
енді.
Шығыс Түрік қағанаты
(Екінші Түрік қағанаты) 682 (683) жылы Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздіктерін
Монғолия жерінде қалпына келтірді. Екінші Түрік қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі
ескерткіштердегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл ел биледі» дейді.
Мемлекеттің орталығы – Ханғай таулары.
Батыс
шекарасы Алтай тауларымен шектесті. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы
екіншісінің халқы, негізінен көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал, Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы
отырықшы,егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан, әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік
қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс
Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі
лауазым иелері болған. Қағаннан кейін екінші адам ұлық болды.Үшінші билік қаған руынан шыққан –шад, одан
кейінгілеріне -тегін, елтебер деген лауазымдар берілген. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты
Достарыңызбен бөлісу: |