І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


ХХғ. басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелер



бет65/99
Дата17.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69192
түріҚұрамы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
Байланысты:
к тарих 1 нуска
к тарих 1 нуска, к тарих 2 нуска
2. ХХғ. басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелер.

ХХғ. басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелероқу-ағарту мен білім идеяларын бұғара арасына насихаттау және халықтың мұқтажыдығына бағытталды.

Қазақтардың  рухани  өмірі  тарихына  1911  жыл  тұңғыш  ұлттық  бейресми  мерзімді  басылымдар  шыққан  жыл  ретінде  енді. Сол  жылдың  қаңтарынан  бастап  қазақ  тіліндегі  бірінші  журнал  “Айқап” , шықты. «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды. «Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жайды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдарда  жарияланды.

ХХ ғасырдың бас кезәндегә қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі С.Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен әлеуметтік теңсіздік тақырыбынна арналған алғашқы өлеңдері мен әңгімелерін жариялады.

А.Байтұрсынов 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда қазақ тілінде шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Газетке халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелерін көтерген көптеген мақалаларын жариялады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет