3. ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы-ХV ғасырдың ортасы). Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда, кейін Сарай-Беркеге көшірілген.
Ақ Орда (ХІV-ХV ғасырдың басы). Жайық өзенінен батыс Сібңр ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.
Моғалстан (ХІV ғасырыдың ортасы-ХVІ ғасырдың басы). Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғыстан аумағы.
Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір (ХІV-ХVІ ғасырлар). Қазақстанның солтүстік-батысы. Алғашқы алып жатқан жері еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы. Нойғалар солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген.
Әбілқайыр хандығы батысында-Жайық (Орал), шығысында-Балқаш, оңтүстігінде-Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде-Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.
17- билет
Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Астананың Ақмола қаласына көшірілуінің себептері мен тарихи маңызы.
Қазақстан аумағындағы сақ-сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштері және олардан табылған алтын киімді адамдардың обаларын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
Достарыңызбен бөлісу: |