И. П. Петров Жоспар: Кіріспе: Негізгі бөлім


Сүйіспеншіліктің негізгі түрлері



бет3/4
Дата20.12.2021
өлшемі24,32 Kb.
#103829
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ7
кос11, Plan Shevchuk, Plan Shevchuk, гос экз, Дип.-Математикалық-ұғымдар, физика гос сурак
Сүйіспеншіліктің негізгі түрлері

Сүйіспеншіліктің негізі үш түрі бар

1.Риясыз сүйіспеншілік

2.Өзара сүйіспеншілік

3.Өзімдік сүйіспеншілік

Риясыз сүйіспеншілік танытудың ең басты ерекшелік адамдардың бәріне бірдей нұр шуағын шашушы, ештеңе қажетсінбестен қайтарамын. Риясыз сүйіспеншілік – Ақиқат(ойдағы сөзді)

Әрекет арқылы сүйіспеншілік – Дұрыс әрекет(іс-әрекеті)

Сезім арқылы сүйіспеншілік – Ішкі тыныштық(сезімдегі)

Түсіну арқылы сүйіспеншілік(түсінудегі)

Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі. Риясыз сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп, көре бастайды. Мейірімін төккен ата-ананың ыстық құшағына олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті көру-көрмеуі екіталай. Әйтседе адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Жарық дүниеде барша кедергі кесапатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілік. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы риясыз сүйіспеншілік сөзі.

Өзімшіл сүйіспеншілік – бұл менмендік эгоист басымдылығы. Тек қана менде ғана болсын деп айтатын. Риясыз сүйіспеншіліксіз сүйіспеншілік. Өзара сүйіспеншілік екі адамның арасындағы сезім. Мысалы: ата-ана, ұстаз бен шәкірт. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілігі жоқ жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Сүйіспеншілік энергиясы дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия. Сүйіспеншілік энергиясына қалай берілу керек? Сүйіспеншіліктің көзі не?

Сөзбен, оймен, жанасумен, көзқараспен, іспен, эгоизм, ашу-ыза, көреалмаушылық, шыдамсыздық, сараңдық, қалаулылар. Барлық заттар үлкен бір ойды білдіреді. Ал бұл қандай ой? Бұл ой сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.Байқағанымыздай сүйіспеншілік өте қуатты энергия секілді.Біз өзгелерге деген сүйіспеншілік сезімімізді білдіре отырып одан күш қуат аламыз, сезінеміз. Ал адамда сүйіспеншіліктің жетіспеуі, ол қуаттың аздығынан сипатталады. Демек өзгелерге сүйіспеншілік танытуымыз үшін де, қуатымыз күшті болуы керек екендігін байқадық. Сонымен қатар қазіргі жаңа бағыттағы өзін-өзі тануда сүйіспеншіліктің мына секілді берік ұғымдары қалыптасқан. Яғни оқушылардан талап етуден бұрын оларға өзіміз қол ұшын беруіміз қажет; дамыту арқылы бойларындағы ерекшеліктерін ашуға талпына білуіміз қажет; өзгелерден сұрамас бұрын ең алдымен өзіміз беруіміз қажет және де ең соңғысы нәтиже күтпес бұрын сол үрдіс барысында нәтижеге қол жеткізе алатын жағын көре алуымыз қажет. Демек адам өзгелерден сұраудың орнына ең алдымен өзі соны өзгелерге бере алуы қажет. Сонда ғана өзге адамдарда шын ниетпен, сүйіспеншілік таныта отырып көмек қолын созуға тырысады. Тағы да бір айта кететін жағдай, қоғамымыздағы өтіріктің, алдап-арбаудың, жасампаздықтың, зорлық-зомбылықтың көбейіп кең етек жайып келе жатқандығында. Ал бұндай жағдайдың бірден-бір себебі адамдардың бір-бірлеріне, сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарамауында. Себебі біздің өзгелерге қандай әрекет жасауымыз, басқаларды да бізге сондай әрекетпен қарауға итермелейді. Егерде біз өзгелерге риясыз, қайтарым күтпестен, тек жақсылық тілеу арқылы әрбір әрекетімізді сүйіспеншілікпен жасайтын болсақ өзгелердің де бізге сондай сүйіспеншілік таныта алатындары сөзсіз.

Кезінде Тереза ана «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен жасаңдар», - деп айтып кеткендей барлық істің ұлы сүйіспеншілікке толы, ұлы істер жасауға тиіспіз. Себебі Тереза ана да өзгелерге көмек қолын созған ешқашан қайтарымын сұрамады, өзі ішіп жемеседе өзгелерге берді, кедейсің немесе жамансың деп бөлмеді, алдына келген адамдарға күліп қарап оларды паналатып, асын беріп, тек жақсылық тіледі. Мұның бәрі риясыз болады. Сондықтан да оны халық «Тереза ана» деп атап кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет