Операторлар бөлімі.
Программаға операторлар бөлімінен басқа бөлімдердің енгізілуі міндетті емес. Олар қажетіне қарай енгізілуі тиіс. Program тақырыбының да жазылуы міндетті емес, ол программаны оқуға ыңғайлы болу үшін жазылады.
Операторлар бөлімі – программаның орындалу бөлімі. Ол Begin қызметші сөзінен басталып end сөзімен аяқталады. End сөзінің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі. Begin (басы), end (соңы) – ашу, жабу жақшаларының ролін атқаратын қызметші сөздер немесе оларды басқаша операторлық жақша деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |