Паскаль тілінің негізі.
1.1. Деректер типтері.
Паскальдағы деректер типтері.
Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер, өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған объектінің қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды. Паскаль тілінде деректердің төмендегідей типтері бар:
Стандарт жәй тип: бүтін (integer)
нақты (real)
логикалық (boolean)
процедуралық
символдық (char, string)
Стандарт емес жәй тип: санақты және шектеулі типтер
Құрылымдық тип: массив
жазу
жиын
файл
Бүтін және нақты сандардың integer және real-дан басқа бірнеше типтері қолданылады.
Char – мәні символ болатын айнымалы типі, жадыдан 1 байт орын алады.
String – символдар жолы, жадыдан max+1 орын алады. Мұндағы max – жолдағы символдардың ең көп саны.
Boolean – логикалық тип, false (ақиқат) немесе true (жалған) екі мәннің біреуін қабылдайды, жадыдан 1 байт орын алады.
Мәліметтер типтері
Программада пайданылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері паскаль тіліндегі алдын – ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ған сәйкес келетін операцияоар жиынын орындата алады.Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болады. Ал, <> және <
> мәндері сөзтіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады (<>) . Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты айнымалы функция немесе өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдында оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және онң типтері көрсетілуі қажет.
Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық және құрылымдақ болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип жатады. Стандартты типтерге:
Бүтін – integer
Нақты – real
Логикалық – boolean
Тіркестік – (string)
Мәтіндік – (TEXT) тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтегі жиымдар - ARRAY, жазбалар – RECORD, жиымдар – SET, және файлдар – FILЕ түлеріне бөлінеді.
Бұлардан өзге типтер программаның типтерді сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап – ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар типтьері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Бүтін сан түрдегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады, олардың сипаттамасы төмендегі кестеде көрсетілген.
Нақты сан түріндегі типтер. Ондық сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірі жылжымалы және тұрақты түрде жазылады. Үтірі тұрақты он сандар кәдімгі үтір орнына математикадағыдай жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады.
Мысалы, 25.48б -127.25, 0.67, -8.0. Үтір жылжымалы ондық сандар жәрежелік көрсеткіші берілген экспоненциалды түрде жазылады, мысалы, -1.25 + 12 (1,25* 1012), 1.3E-05 (1,3* 10-5) т.б.
Логикалық типтегі(BOOLEAN) шамалар, негізгінен, екі мән қабылдайлы – TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алды.
Символдық типтегі (CHAR) шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’ т.б.
Тіркестік типтер шамалар(STRING) апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды. Мысалы, ‘компьютер’, ‘университет’ , ‘#7’ т.б.
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:
Атау = (1-идентификатор, 2-идентификатор,… n-идентификатор );
Kinder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’… ‘Жексенбі’);
Идентификаторлар орналасқан орны бойынша 0-ден бастап нөмірленеді. Бір идентификатор тек бір ғана саналатын типті көрсетеді.
Диапазондық немесе ауқымдық тип. Мұнда көрсетілетін шама қабылдай алатынмәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |