І. Паскаль тілінің негі



бет5/10
Дата25.06.2020
өлшемі37,78 Kb.
#74526
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Паскаль, енгізу шығару опер

Таңбалар бөлімі.

Оның құрылымы: label таңба;

label (таңба) – қызметші сөз. Таңба кез-келген идентификатор немесе бүтін сан болып табылады. Егер программада бірнеше таңба қолданылса, онда олардың арасына үтір белгісі қойылады.

Мысал : label 1;

label a1, b1, c1;

Таңбалар бөлімінің болуы операторлар бөлімінде кейбір оператордың ерекше аталып көрсетілетінін білдіреді. Таңба мен оператор арасына қос нүкте белгісі қойылып жазылады.

Мысал: 1: 1-оператор;

a1: 2-оператор;

b1: c1: 3-оператор;



  1. Тұрақтылар бөлімі.

Тұрақты деп программадағы мәні өзгермейтін шаманы атайды. Оны сипаттау бөлімінің құрылымы:

Const тұрақтының аты = мәні;

Мысал: const x=25; n=4;

Text = ‘Программа’;



  1. Типтер бөлімі.

Оның құрылымы:

Тype типтің аты = типі;

Турбо Паскальда деректердің стандарт 5 типі бар екені белгілі:

бүтін (integer), нақты (real), символдық (char), логикалық (boolean), жолдық (string). Сонымен қатар программалаушының өзі санақты және шектеулі (немесе аралық )деп аталатын стандарт емес жаңа тип енгізуі мүмкін.

Санақты тип- мәндері латын әріптерімен белгіленетін, әр мән өзінің атауы бойынша ғана анықталатын скаляр тип. Оның сипатталу үлгісі:

Тype типтің аты = (мәндер тізімі);

Var айнымалының аты: типтің аты;

Мысал : Type Month = (January, February, March, April, May);

Colors = (red, write, blue);

Var a: Month; b: Colors;

Шектеулі тип – екі бүтін санның, екі реттелген символдық тұрақтының, не санақты типті екі мәннің аралығындағы мәндерді қабылдайтын айнымалылар типі.

Сипатталу үлгісі:

Type типтің аты = 1-мән . . 2-мән;

Var айнымалының аты: типтің аты;

Мыс: Type San = 5..15;

Text = ‘a’.. ‘k’;

Month = 1..12;

Var a: San; b: Text; c: Month;




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет