КУРС МОДУЛІ: «ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Көлемі: 72 сағат
Тыңдаушылар: Мектеп мұғалімдері және колледж оқытушыларына арналған
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар – білім алушылардың қабілеттерін ескере отырып, саралап оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын күрделілігі әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Достарыңызбен бөлісу: |