И переподготовки кадров


Формативті (қалыптастырушы) бағалау



бет7/35
Дата07.02.2022
өлшемі166,13 Kb.
#93248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
Бағалау курс

Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады.
Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.
Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады.
Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау.
Сыртқы жиынтық бағалау – оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы. Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет