Иқ-спектроскопиясының техникасы мен әдістемесі


ИҚ және КШ спектрлері бір-бірін толықтырып отырады



бет4/4
Дата11.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#135031
1   2   3   4
Байланысты:
ФЗӘ лекция 5
ДШ РК1 нақты✅
ИҚ және КШ спектрлері бір-бірін толықтырып отырады: 1. тербеліс жолақтары ИҚ-спектроскопияда бөлшектердің дипольдық моментінің өзгеруімен байланысқан болса, ал КШ-спектроскопиясында бөлшектердің сәуле өрісіндегі полярлығының өзгеруімен байланысты болады. ИҚ спектрлерінде полярлық байланыстар мен ассиметриялық тербелістер жақсы көрінсе, КШ спектрлерінде, керісінше, ең интенсивті жолақтар полярлығы төмен байланыстардың симметриялық тербелістеріне (мысалы, С=С және С≡С байланыстарының тербелістері КШ спектрлерінде өте интенсивті, бірақ олар ИҚ-спектрлерінде болмайды) сәйкес келеді. 2. Қалыпты жағдайда ЖКШ толқын ұзындықтары көрінетін облысқа жататын сәулемен қоздырылады және КШ спектрі сол облыста орналасады. Сондықтан, ИҚ-спектроскопияға қарағанда, КШ спектроскопиясында шыны оптикасын қолдануға және сулы ерітінділерді зерттеуге болады. 3. Сонымен қатар, ИҚ-спектроскопияда негізгі тербелістердің жолақтарын обертондар мен комбинациялық жиіліктерден бөліп қарау қиынға соғады. Ал КШ спектрлерінде обертондардың интенсивтілігі төмен. 4.КШ спектрлерінде ароматтық молекулалардың толық симметриялық (пульсациялық) тербелістері жақсы байқалады, бірақ О-Н және N-Н сызықтары әлсіз, яғни КШ спектроскопиясы үшін еріткіш ретінде спирттер мен су қолданыла алады.
Не себептен көрiнетiн және УК обылысында iстейтiн спектрофотометрлерде үлгі монохроматордан кейiн сәуле қабылдағыштың алдында, ал ИҚ спектрофотометрлерде сәуле көзiнен кейiн монохроматордың алдында орнатылады?
1. техникалық себептермен байланысты;
2. жiктелмеген УК сәулесi фотохимиялық реакцияларға келтiруi мүмкін;
3. ИҚ обылысындағы қабылдағыштардың УК обылыста iстейтiн фотоэлементтермен салыстырғанда сезiмталдығы төмен;
4. үлгінiң люминисценциясын жою үшін;
5. ИҚ сәулелер УК сәулелерге қарағанда ұнтақтар мен ұсақкристалды үлгілерден жақсы өтеді.
Ұнтақ түріндегi және ұсақкристалды заттардың ИҚ спектрлерiн алғанда вазелин майын немесе KBr қолданылуының себебi не?
1. затты ИҚ сәулесiнiң әсерiнен сақтау үшін;
2. үлгінiң өткiзуiн арттыру үшін және оған түскен сәуленi тарату үшін;
3. Бугер-Ламбер-Бер заңы орындалу үшін;
4. ұнтақтардың қалыңдығы бiрдей болу үшін;
5. ұнтақтардың бiркелкi таралуы үшін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет