I т а р а у Ќазаќ тілін оќыту методикасыныњ ПЅНІ


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ



бет10/59
Дата11.01.2022
өлшемі1,64 Mb.
#111277
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

3 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ

Бастауыш сыныптарда ана тілінен берілетін білімнің мазмұны мектеп бағдарламасында белгіленеді.

Бағдарлама жасаудағы негізгі әдістемелік проблемалар: 1) ана тілінен қандай теориялық мағлұматтар беріп, практикалық дағдылар мен іскерліктерге үйретуге болатынын анықтау; 2) жекелеген тақырыптардың қайсысын қайсысынан кейін оқыған жөн; 3) ұсынылған материалдарға қанша сағат бөлінетінін белгілеу болып есептеледі.

Педагогика оқу орындарына арналған қазақ тілін оқыту әдістемесінің бағдарламасы мына бөлімдерді қамтиды1.

  1. Кіріспе — 4 сағат.

  2. Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі— 25 са­ғат.

  3. Оқу және тіл дамыту әдістемесіне (класта және
    кластан тыс оқу)—30 сағат, лабораториялық жұмысқа — 4 сағат.

  4. Жазу (көркем жазу) және тіл дамыту әдістемесіне — 10 сағат, лабораториялық жұмысқа — 2 сағат.

  5. Грамматика және тіл дамыту әдістемесіне — 20 сағат, лабораториялық жұмысқа — 4 сағат.

  6. Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесіне — 10 сағат, лабораториялық жұмысқа — 4 сағат.

Бағдарламада көрсетілген көлем мен мазмұнға қарай оқулықтар жасалады. Оқулықтармен қатар түрлі жаттығулар жинағы, диктанттар, мазмұндамалар жинағы, дидактикалық материалдар, таблицалар, карточкалар т. с. құралдар жасалады.

Педагогикалық оқу орындарында қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің мазмұнымен танысуда мына жағдайлар ескертіледі. 1) бастауыш кластар­да оқушылардың алдағы уақытта жоғары сыныптарда оқуына, жүйелі білім алуына дайындық жасалады; 2) балалар ана тілінің құрылысымен шолу ретінде үстірт қана танысады; 3) кебіне олар оқуға және жазуға дағдыланады; 4) балалар ана тілі сабақтарында түрлі құбылыстарды бақылай білуге, қорытынды шығаруға, суреттеуге, анықтамалар беруге үйренеді; 5) сөйтіп, мұның барлығы балаларды жүйелі білім алуға дайындауда орасан зор маңызы бар алғышарт болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет