8 САУАТ АШУ БАРЫСЫНДА ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан
ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, бар-
лық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің, арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге (партаның табан
тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей,
бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл ты-
нысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сан-
тиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның
жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей
жағдайда болғаны жен;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы
қашықтық 25—30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба танбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сауат ашуға дайындық кезеңінің негізгі міндеттері және осы кезеңде істелетін жұмыстар туралы әңгімелеп айтыңыз.
2. Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар қандай?
3. Бір сабақтың конспектісін жасаңыз.
4. Жазуға үйренуде сөзді буындап, іштен қайталап айтудың пайдасын айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |