I т а р а у Ќазаќ тілін оќыту методикасыныњ ПЅНІ


САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН



бет19/59
Дата11.01.2022
өлшемі1,64 Mb.
#111277
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

9 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ен, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар.

Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.

Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті ал­фавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.

Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.

Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.

Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі.

Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.

Әр сыныпта оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.

Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинка­лар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.

Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық матери­ал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен, тақтаға дөңгелекшемен, сызықшамен т. б. с. с). Сөздегі дыбыс­тарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі.

Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда көрсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.); 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Әліппеде суреттер берудегі мақсат қандай?

2. Кесте әліппе не үшін қажет?



3. «Жазу үлгісін» пайдалану жөнінде әңгімелеңіз.

4. Дидактикалық материалдарды қалай пайдалануға болады?



5. Карточкаларды пайдаланудың тиімді жолдары туралы айтыңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет