4 МӘТІНДІ ҚАБЫЛДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардыц сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі, Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық
дайындау.
Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
Шығарманы оқу.
Әңгіменің жоспарын жасау.
Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін
шығармашылық жұмыстар.
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы жасаған көркем бейнесі, картинасы арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы т. б.) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: «— Ей, тілсіз жануарлар. Мені, де, сені де балапанынан айырған американдық қарақшылар ...» деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде үйьмдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.
Мысалы, М. Әуезовтың атақты «Абай жолы» романы кішкене балалардың түсінігіне сай келетіндей етіп, қысқартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта «Бүлдірген тере барғанда» тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп керген-көрмегендері жөнінде әңгіме өткізеді. Сонан соң асау атты үйрету жайында балалардың білетін оқиғалары туралы әңгімелеседі. Осылайша, алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, «Бүлдірген тере барғанда» шығармасының мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және әңгімеден молырақ әсер алуына жағдай жасалады.
Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіндерлің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды. Яғни оқулықты сөздікке айналдыруды оның қағидасы көтермейді. Мысалы, шет мемлекеттердегі балалар өмірінің қандай екендігінен мағлұмат беру мақсатында «Егерде мен мэр болсам», «Африкадан хат» әңгімелері, сондай-ақ «Джон—негр баласы» өлеңі сияқты материалдар беріледі. Осы шығармаларды оқымас бұрын ақ, қара, порт, батырақ сөздерінің мәнін түсіндіріп алмай, оқуға кірісуден нәтиже шамалы болар еді. Сондай-ақ «Советтік менің өз елім» тақырыбының аса күрделі ұғымын күн ілгері нақты түсініп біліп алмаса, ондағы материалдардың қоғамдағы алып құрылыстар жөнінде жазылғанына, ол шығармалар тобы елімізді сүюге, оның ерекшелігін көрсететініне көңіл аудару мүмкін емес. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабынан үзінді «Сорлылар», «Қостағы өмір» сияқты әңгімелерді оқымас бұрын Қазан революциясына дейінгі елдің балаларының жағдайы, панасыз балалардың халі жөнінде сөйлесіп, кедей балаларының жағдайы, өмірі туралы біраз түсінік беріп алмаса, әңгіменің мазмұны оқушыларға күңгірт қалады. Сондай-ақ Б. Майлиннің «Күлпаш», «Колхоз қорасында», «Кедей теңдігі», т. б. с. с. шығармалардың әрқайсысының алдынан олардың қай кездегі оқиғаны баяндайтыны, сол кездегі елдегі жағдай жөнінде балалардың I—II сыныпта оқығандары мен ата-аналарынан естігендерін еске түсіре, соларды пайдалана отырып, әңгіме өткізбей, бірден оқуға кірісуге болмайды. III сыныптағы «Сырым батыр» әңгімесіндегі Сырымның, «Тарас Шевченко» әңгі-месіндегі Шевченконың кім екенін айтып, оның неге елін аңсағанына түсінік бермейінше, мәтінді сыдыртып оқып, оның мазмұнын балаларға қайта айтқызумен тынса, сабақтың білімдік те, тәрбиелік те әсері шамалы болып шығады.
Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты.
Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты — балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:
а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ. Мұстафиннің «Қырман үстіндегі ту» әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған-болмағандары анықталып, әңгімеге тартылады.
С. Мұқановтың «Сең үстінде» әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы, А. Кононовтың «Шушь өзені бойында» шығармасын оқу алдында балалардың коньки теуіп ойнауы т. с. с. әңгімеге арқау болады.
ә) Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті фактілерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, «Джон — негр баласы» шығармасымен танысуды жоспарлағанда мұғалім, Америкадағы теңсіздік жөнінде оқушыларды сендіретіндей мағлұмат беруге дайындалады. Осыған байланысты фактілер жинайды. Ондай фактілерді көбінесе күнделікті баспасөзден, әдеби шығармалардан алуға болады. Фактілер балаларды қызықтыратындай болғаны жөн, яғни балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шығарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда — дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені.
б) Ұжымды түрде әңгіме айту. Біреу білмсгенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағддйда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады. Мұғалімнің міндеті – балаларға басшылық
жасау егер қажет болса, олардың айтқандарын қорыту.
Әнгіменің барысында бұрын оқылып өткен матери-
алдардағы фактілерді немесе балаларға басқа кітап-
тардан күнделікті тәжірибелерінен белгілі фактілерді
пайдаланған тиімді. Мысалы, Б. Майлиннің III сыныптағы
«Күлпаш» әңгімесін оқуға дайындалуда II сыныпта оқылып өткен, осы шығарманың, басқы бөлімдерінде әңгімеленген оқиғалар еске түсіріледі. Ю.Гагариннің «Космосқа тартқан жол» әңгімесін оқыр алдында ІІ сыныпта өтілген Ю Гагариннің «Космоста мен не көрдім» т.с.с материалдардан оқушылардың есінде қалған фактілер пайдаланылады.
в) Экскурсияда б а й қ а ғ а н д а р ы н пайдалану Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын қай-қайсысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғанның бір әңгімені немесе өлеңді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген тумасқа тиіс. Бірақ мұғалім жыл бойы өтетін материалды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін балаларға дүниетану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан кірген-білгендерін оқушыларға окулықтағы шы-ғармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде: өзен бар жерлерде) экскурсия ұйымдастырып сеңнің түсуін бақылатады. Осы экскурсияның материалы ретінде (С.Мұқанов) әңгімесін оқығанда пайдаланылады немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін далаға, орманға, егін жинау құралдарымен таныстыру үшін егістікке, қырманға т.б.с.с. жерлерге экскурсия ұйымдастырылады. Мұнда экскурсияның материалдарын оқулықтағы табиғат көрінісін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануға болады.
г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың «Қыс келбеті» өлеңін оқымас бұрын тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен «Қысқы ойын», «Қыс» тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді. Немесе оқығалы отырған әңгіменің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалану (мысалы, М. Әуезовтың «Бүлдірген тере барғанда» әңгімесін оқуға дайындық кезінде Молдахмет Кененбаевтың «Қашаған қуу» картинасын көрсетуге болар еді). Жекелеген портреттер, суреттер, пайдаланылады (мысалы, «Мейірімді тәрбиеші» мақаласын оқыр алдында Н. К. Крупскаяның түрлі портреттерін пайдалануға болар еді). 3. Иманбаевтың «Мысалдарын» оқымас бұрын маса мен өгіздің, қасқыр мен кірпінің т.б.с.с. суреттерін қолданған тиімді. Мұнда есте болатын нәрсе — оқулықта берілген суреттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып қоюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.
д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Мұнда көп нәрсе материалдың дауыстап немесе іштен оқылатынына байланысты болып келеді. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ. Ал шығарма іштен оқылатын жағдайда оның мазмұны бойынша оқушыларға 2—3 сұрақ беріп қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |