И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет53/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
Табиғатқа келтіретін негізгі жағымсыз әсерлері 
- геотермальдық 
қондырғылар негізінен кен орнын игеру кезінде, су-құбыр желілерін және 
ғимараттар салу кезінде зиян келтіреді, бірақта олар өндіріс аймағымен 
шектелген. Ең басты қолайсыз жағдай - бұрғылау кезінде жоғары 
концентрациялы қоспалардың төгілуінен жер үсті және жер асты суларының 
ластануы.
Геотермальдық энергияны қолдануға қатысты экологиялық және 
әлеуметтік әсерлер нақты аймақпен, нақты технологиялармен байланысты 
болады. Бірақта ол әсерлерді жоюға, жағымсыз әсерді барынша азайтуға 
немесе жеңілдетуге болады.
Мәселелердің ең маңыздысы – геотермальдық энергияны алу үшін
ауданы үлкен жер аумақтарын оқшаулату (бөлектеу ) қажеттілігі. Мысалы, 
гейзер аумағында (АҚШ) әрбір скважина 7 МВт пайдалы қуат береді. Қуаты 
1000 МВт болатын стансалар 150 скважиналарды қажет етеді, олар 19 км
2
аумақты иемденеді.
Геотермальдық энергетканы дамытудың мүмкін болатын залалы - ол 
топырақтың шөгуі мен сейсмикалық эффектілер. Термальды көздердің және 
гейзерлердің өнімділігі төмендеуде. Мысал келтірсек, Вайрокей (АҚШ) кен 
орнын эксплуатациялау кезінде 1954-1970 жылдар аралығында жер беті 4 м 
төмендеп кеткен, ал төмендеген жердің ауданы 70 км
2
, бұл аудан жылдан 
жылға ұлғаюда.
Жоғары сейсмикалық белсенділіктер геотермальды кен орындарының 
жақын орналасқанын білдіреді және олар ресурстарды іздеуде қолданылады.
ГеоЖЭС-да отынды жақпайтындықтан, жалпы ЖЭС-мен салыстырғанда 
олардың бөліп шығаратын улы газы мөлшері айтарлықтай аз және химиялық 
құрамы да бөлек болады. Геотермальды скважиналардан алынған су 
буларында 80% көмірқышқыл диоксиді және аз мөлшерде метан, сутегі, азот, 
аммиак, күкіртті сутек бар газ қоспалары болады. Көріп тұрғанымыздай, СО
2
геотермальды көздерден шығатын негізгі «жылыжайлық» газ. Энергия 
өндірісінде СО
2
ауаға тікелей шығуы өндірілген 1 кВт∙сағ шаққанда 4 
грамнан 740 грамға дейін жетеді.
ГеоЖЭС-тың 
ПӘК төмен болғандықтан 
салқын суды тұтынуы 
(1 
кВт∙сағ электр энергиясына шаққанда) ЖЭС-на қарағанда 4...5 есе жоғары.
Ескі жобаларда қолданылған геотермальды су жақын маңдағы су қоймасына 
ағызылатын. Бұл судың құрамында әртүрлі тұздар, ауыр металдар болатын 
болса, онда су қоймаларының жылулық ластануымен қатар, химиялық 
ластану да орын алады. Кейіннен бұл жағымсыз жағдай қолданылған суды 
жер астына кері айдау арқылы шешілді.


98 
Жер қыртысын жұмсарту үшін қолданылатын гидрожарылыстар 
жер асты сулары ластануына, топырақтың шөгуіне әкелуі мүмкін, жер 
сілкінісін болдыру да мүмкін.
Бұдан басқа да 
жағымсыз әсерлер

- жер асты суының деңгейінің өзгеруі, батпақтану; 
- кремний, сынап, аммиактың аз мөлшері қосылған улы су мен 
конденсанттың сыртқа тарауы; 
- жер асты сулары мен су қабаттарының ластануы, топырақтың 
тұздылығының артуы; 
- құбырлардың жарылуынан көп мөлшерде тұзды судың сыртқа
таралуы. 
Теңіз және мұхит суының энергияларын қолданудың экологиялық 
салдары. 
Теңіз және мұхит су энергиясының кез келген түрін қолдану кезінде 
экожүйенің табиғи жағдайы міндетті түрде өзгереді.
Судың жылулық градиентін қолдануға негізделген мұхиттық ЖЭС-ның 
жұмысы кезінде жылулық сорғыштарда қолданылатын заттардың (аммиак, 
пропан, фреон) және жылуалмастырғышты жуу үшін пайдаланатын
заттардың да (хлор және т.б.) сыртқа ағу қауіпі бар. Тереңдіктен жоғарыға 
көтерілген суық судан парциальды қысымның төмендеуі мен температураның 
жоғарылауы себебінен судан көмірқышқыл газының (СО
2
) бөлінуі әбден 
мүмкін. Органикалық отын қолданатын ЖЭС-мен салыстырғанда онымен 
қуаты бірдей мұхиттық ЖЭС көмірқышқыл газын 30 % артық бөледі. Мұхит 
суын салқындау әсерінен судың жоғарғы қабатында қоректік заттар және 
фитопланктон көбейеді. Тереңдіктен көтерілген микроорганизмдер мұхиттың 
жоғарғы қабатын ластайды және оны тазалау үшін арнайы шараларды қажет 
етеді.
Айдың тарту күші әсерінен мұхит (теңіз) деңгейінің периодты 
көтерілуінен (төмендеуінен) туындайтын су ағындарының энергиясын 
пайдаланатын электр стансалардың жұмысы
жағалауға, жағалау 
маңындағы жерлерге айтарлықтай зиян келтіреді: су тасқыны, тұзданудың 
қалыпты жағдайдан өзгеруі, жағалаудың эррозияға ұшырауы, жағажай 
ауданының өзгеруі. Жер асты суларының қозғалысының өзгерісі де жағалау 
маңындағы жерлердің тұздылығының артуына әкеледі.
Ашық мұхиттың терең жеріндегі толқынның механикалық энергиясын
пайдалану мұхит суындағы үрдістерге әсер етеді. Жағадан алыс орнатылған 
түрлендіргіштер жағалаудың тұрақтылығына кері әсерін тигізбейді.
Егерде түрлендіргіштерді жағалауға жақын орналастырса, онда олар 
көрініп тұратындықтан эстетикалық сипаттағы мәселелер туындайды. 
Тыңғылықты жасалған, әрқайсысы бірі бірінен бөлек орнатылған энергия 
түрлендіргіштерінің тобына қарағанда бірнеше километр қашықтықта 
созылған сүңгуір үйрек тәріздес Солтер құрылғысының тізбегі эстетикалық 
тұрғыдан сәнсіз көрінеді. Сонымен қатар, бір бірінен алшақ орналасқан 
құрылғының үздіксіз тізбегі кемелер қозғалысына кедергі келтіреді және
күшті дауыл кезінде қауіпті болады.


99 
Жағалау 
аймағына 
орналасқан 
толқын 
энергиясының 
түрлендіргіштерінің қоршаған ортаға әсеріне қатысты маңызды мәселе – 
эрозия мен шөгінді арасындағы баланс және тұрақтылық. Осыған байланысты 
Солтер құрылғысын толқын ұратын жерлерге екі мақсатпен арнайы 
орнатады: толқын энергиясын қолдану және жағажайды сақтау үшін.
Теңіз ағысы энергетикасының жағымсыз экологиялық салдары: 
теңіз 
аңдары мен балықтардың зардап шегуі және жаппай қырылуы; балық 
миграциясының жолының өзгеруі; су арқылы тасымалдау жолдарының 
бұзылуы. 
Табиғат қорғаудағы ҚЖЭК-нің тиімділігін бағалау.
ҚЖЭК
қолдану 
арқылы қазіргі уақытта атмосфераға шығаратын қалдықтардың мөлшерінің 
және қолданылатын су ресурстарының көлемінің азаюын сандық түрде 
бағалауға мүмкіндік беретін көптеген мәліметтер жинақталған.
1 млн кВт∙сағ электр энергиясын өндіретін күн, жел, геотермальды, су 
стансалары осындай шамада энергия өндіретін, көмірді қолданатын ЖЭС 
шығаратын мынадай мөлшердегі зиянды газдар мен қалдықтарды 
болдырмайды: көмірқышқыл газы – 750 т...1250 т; күкірт диоксиді – 5 т...8 т; 
азот қышқылы - 3 т...6 т; күл – 40 т...70 т; шаң – 270 кг...470 кг. 
Әлемде судың ресурс ретінде маңыздылығы шарықтап келеді, бұл 
Қазақстанға да қатысты. Отындық және атом электр стансаларында электр 
және жылу энергиясын өндіру кезінде термодинамикалық циклдарда
конденсаторларды салқындату үшін судың үлкен мөлшері қажет. Көмірлік 
электр стансаларында суды отынды тазалау және өңдеуде жұмыстарында да 
қолданады. Екінші жағынан, жел және фотоэлектр стансаларының 
жұмысында судың аздаған мөлшері жел дөңгелегінің қалақшаларын жуу үшін 
және фотопанельдерді тазалау үшін қолданады. Мысалы, желдік электр 
стансаларында суды қолдану АЭС-на қарағанда 475 есе, көмірлік стансасына 
қарағанда 400 есе, ал газдық ЖЭС-на қарағанда 275 есе аз.
Бақылау сұрақтары 
 
1.
 
Күндік энергетиканы дамытудың экологиялық салдарын сипаттаңыз.
 
2.
 
Желдік энергетиканың қоршаған ортаға әсері қандай болады? 
3.
 
Биоэнергетикалық қондырғыларды қолданудың экологиялық 
аспектілеріне түсініктеме беріңіз. 
4.
 
Геотермальдық энергетиканың экологиялық аспектілерін атаңыз. 
5. 
Мұхит (теңіз) деңгейінің периодты көтерілуі-төмендеуінен 
туындайтын су ағындарының энергиясын пайдаланудың экологиялық 
салдарын сипаттаңыз. 
6.
Т
олқынның механикалық энергиясын пайдаланудың экологиялық 
салдарын сипаттаңыз. 
7.
 
Теңіз ағысы энергетикасының жағымсыз экологиялық салдары қандай 
болады? 


100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет