12
Қазіргі кезде Қазақстанның отын-энергетикалық балансындағы
ҚЖЭК-
інің үлесі 15 % айналасында
,
бұл көрсеткішке негізінен «үлкен»
гидроэнергетиканы пайдалану арқылы қол жетті. Ал алтернативтік ДЕҚЖЭК-
інің (күн, жел) үлесі 0,3 %...0,4 % құрайды.
Қазақстандағы ДЕҚЖЭК-інің өте үлкен
потенциалын және оны
қолданудың қажеттілігін ескерсек, мұндай жағдай (өте төмен көрсеткіш)
ешкімді қанағаттандырмайды.
Дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалануға көшудің себептері:
- органикалық отындардың қорының сарқылуына дайын болу («бу
ғасырының» аяқталуына);
- экологиялық апатты болдырмау және табиғатты болашақ ұрпақтар
үшін сақтау;
- энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінен
қашық орналасқан
мекендерде тұратын халықты энергиямен қамтамасыз ету;
- дәстүрлі энергетикалық ресурстартарға (мұнай, газ, көмір) ие болу
үшін болып жатқан саяси тартыстар мен әскери қимылдардың деңгейін
төмендету;
- жылулық процестерде органикалық
отындарды қолдануды азайту
және оларды химиялық өндіріске шикізат ретінде сақтау.
Күн мен желдің сарқылмайтын энергетикалық ресурстары ешкімнің
меншігінде емес және сатылмайды. Олар барлығымызға және әркімге теңдей
бөліп берілген. Бұл салада бәсекелестік күрес дәстүрлі емес энергетикалық
қондырғылардың халықаралық нарығында өтеді.
Эксперттік қоғамдастықтың есебі бойынша дәстүрлі
ресурстарды
қолдану 2030 жылға дейін тек арта береді. Сондықтан ДЕҚЖЭК-ін
айтарлықтай ұзақ уақыт бойы
дәстүрлі энергетикаға альтернатива
деп
қарауға болмайды, оларды маңызды экологиялық және әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік
беретін
қосымша энергия
көздері
Достарыңызбен бөлісу: