I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы


"Дәлел – аргумент доказательство, довод, основания, мотивировка". Осыларды салыстырғанда бұл сөздердің бір-бірімен синонимдестігі білінеді. Ал "айғақ"



бет23/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
"Дәлел аргумент доказательство, довод, основания, мотивировка". Осыларды салыстырғанда бұл сөздердің бір-бірімен синонимдестігі білінеді. Ал "айғақ" та , "дәлел" де заңдық ұғымдарды білтіреді, сондықтан заң терминдері: "улика - дәлел. Қылмысты істер жүргізу заңдарында кездесетін ұғым. "Айғақты қараңыз. "Дәлел" сөзі түсіндірме сөздікте былай берілген: "Дәлел зат, себеп, сылтау, айғақ. Ерекше халықшыл бағыты үшін, өнер, еңбегі үшін Абайды бағалаушы халық саны сол тұстың өзінде де көбейіп қалғанына осы дәлел еді. Сөзім сол – мейлің жандыр, мейлің өлтір! Қисық десең, кәнеки дәлел келтір. Осы сөйлемде туындаған "дәлелдеме", "айғақтама" деген атаулар бар. Олар да заңдық ұғымды білдіреді.

Заң терминдерінің, онымен синонимдік қатар түзетін атаулардың жасалу жолдары әр түрлі болады. 1) заңдық ұғымды білдіретін ана тіліміздің төл атауларының қызметін басқа тілден енген кірме сөздер де атқаруы мүмкін. Сонда ол осы мәндегі төл сөздермен синонимдік қатар түзеді. Мысалы, "кәсіптің түрі" деген ұғымды білдіретін не жалпы мамандық ұғымын білдіретін кірме сөз "квалификация" –бұл күнде осы мәндегі заң термині қызметінде жиі қолданылып жүр. Ертедегі "би" сөзі кейін көрші елдің тілінен "сот"сөзі келіп, осы екі сөз бір ұғымды қатарласа, жарыса атқаратын болды да ақырында осы мәнді "сот" сөзі жеке білдіретін болды. "Жол", " жарғы " < "заң" сөзі атқаратын болды. 2) Ана тілімізде синонимдік мәнде қолданылып жүрген сөздердің бірі кейінірек заңдық ұғымды білдіретін болып, біртіндеп заң терминдерінің қатарына қосылуы мүмкін. Сөйте тұра, ол алғашқы өзімен бір синонимдік қатардағы сөздерден көпке дейін мағыналық байланысын үзбейді. Мысалы, Болғанбаев "арандату", "ұрындыру" сөздерін бір синонимдік қатарда қарастырады да, мына мысалдарды келтіреді: Ойының болса айт, мені бекерге арандатпа! Кейде әдейі өздері түртіп, бір пәлеге ұрындырып, одан тағы өздеріқұтқарып алған боп та бауырына тартады. Осындағы "арандату" сөзі кейінгі кезде заңдық ұғымды білдіретін терминге айналды. Бұған тағы да мына мысалдарды келтіруге болады. "үкімет, өкімет", ана тілімізде кесік, кесім, шешім, үкімет сөздері – бір синонимдік қатардағы сөздер т.б

Кейде заң терминдері қатарынан кейбір сөздердің жалпыхалықтық лексикаға өтіп отыратын жағдайлары да болады. Мысалы, "тергеу" заң термині бар: следователь – тергеуші. Прокуратураның тергеушісі, ішкі істер органының тергеушісі, мемлекет қауіпсіздігі органдарының тергеушісі, қылмысты істер бойынша алдын-ала тергеу жұмысын жүргізеді./26.215/ "Бұл бала біздің үйдің тергеушісі; кімнің не істегенін, қайда жүргенін тергеп, біліп отырады", - дегенде "тергеуші" сөзі құқықтық ұғымды білдірмейді, отбасының бір мүшесінің әдетін әр нәрсені біліп отыруға құштарлығын білдіреді. Бұл сөздің соңғы мағынасы оның ауыспалы мәнде қолданылуынан пайда болған. Енді бір сөз "тапсырма". Ол "Қазақша – оысша сөздікте" былай берілген. "Тапсырма – задание, поручение". Көп мағыналы сөз. Осы атаудың "поручение" деген мағынасының негізінде жаңа термин пайда болды. Ол заңдылық ұғымды білдіреді де, бастапқы мағыналарымен парадигма құрайды. Сөйтіп, жаңа омонимдік қатар пайда болды. Бұл сөздің заң термині қызметіндегі мағынасы: поручение – тапсырма. Тапсырма шарты бойынша сенім алушы сенім берушінің атынан немесе соның атынан белгілі бір заңды әректтерді жасауға міндеттенеді. Егер заңда немесе шартта ақы төлеу белгіленген болса, сенім беруші сенім алушыға ақы төлеуге міндетті. Келесі сөз "делдал" сөзі. Соның бір мағынасы заңдық ұғымды білдіріп, заң терминдерінің қатарынан орын алған. Бұл сөзге 10 томдық түсіндірме сөздікте №3 томында мынандай анықтама берген: "Делдал", зат.1.Екі адамның арсын келістіру үшін жүретін кісі. Терминдік мәні мынандай: "Посредник" – делдал. Келістіруші кісі немесе ұйым.

Заң термині қызметінде жұмсалып жүрген сөздердің көпмағыналылығы, омонимділігі, синонимділігі, эмоционалдылығы, негізінен, терминдік мәндегі сөздер мен лексикамыздың басқа стильдік тармағына жататын сөздердің аралығында ған ұшырасады. Олардың өзі екі түрлі жағдайда көрінеді: бірде көпмағыналы сөздердің бір мағынасының негізінде заңдық ұғымды білдіретін атау қалыптасса, енді бірде заң термині жолында халықтың сөйлеу тілінде әртүрлі экстралингвистикалық себептердің әсерінен ауыспалы мағынада қолданылып барып, қосымша мағынаға ие болады. Сөйтіп, терминдік лексикадағы сөздер мен оның пайда болған мағынасының арасында қатынастар – көпмағыналылық не омонимдік қатанастар пайда болады. Осыны дәлдейтін бір қатар мысалдар келтірдім. Терминдік ұғымды білдіретін сөздер құрамында антонимдік қатынастар да болады: жәбірленуші – жәбірленуші, айыпкер – айыпталушы, ақталушы – қаралаушы, қылмысты – тергеуші.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет