III тарау. Заң терминдерінің лексика - грамматикалық табиғаты
3.1. Лексикалық табиғаты.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2. Грамматикалық табиғаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.3. Заң терминдеріндегі жаңа атаулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Кіріспе
Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың "Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны – жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырыр алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегіескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет." /1.3/ деген пікірі орынды айтылған.
Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында-логигтар мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі түрде шұғылдана бастады.
Атап айтқанда, орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда 1927), Терминологический словарь (Агыбайулы, Алма-Ата, 1936), Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда 1936), Русско-латино - қазахсий терминологический словарь (Т.2), М.Исламбеков, Алма-Ата, Изд.Ан Каз.ССР, 1960), Краткий русско-казахский словарь литературоведческих терминов (Т.Абетов, Алма-Ата, Изд. Ан Каз.ССР.1962), Русско-казахский краткий словарь лингвистических терминов (С.Кеңесбаев, Т.Жанузақов, Алма-Ата, 1963), Химия терминдерінің орысша-қазақша сөздігі ( Б.Бірімжанов, С.Омаров, Алматы, 1969), Орысша-қазақша қоғамдық – саяси терминологиялық сөздік (Алматы, "Қазақстан" баспасы, 1974).Ғ. Сапарғалиев Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. (Алматы, 1995), Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер мен атаулар сөздігі. Мемтерминком бекіткен. Алматы, 2004. Ғ. Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005 т.б.
Қазақ терминологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті етіп қалыптастыру, тілдік тұрғыдан түсінік беру, олардың нәтижесін әртүрлі салаға баянды етіп сіңіру мәселесі өте зор маңыз алып отыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда үлкен қажеттілікке айналып отырған терминология мәселесі, оның ішінде заң терминдерінің мәселелері терең зерттеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |