Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі заң терминдерінің мағынасы мен ерекшеліктері, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары ескеріледі. Зерттеуде тілдік құбылыстардағы заң терминдерінің жүйелілігі, дәйектілігі негізінде алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Қазақ тіліндегі терминдік ұғымдарды, оның ішінде заң терминдерінің ерекшеліктерін, олардың көпшілікке беймәлім жақтарын анықтап, топтастырып, ғылыми айналымға қосу мәселесіне назар аударды. Осыған сай төмендегі мәселелерге назар аудардық. Осыған сай төмендегі мынандай мәселелерді шешуге ұмытылыс жасалды:
зерттеу жұмысының теориялық әрі практикалық негізін анықтау;
заң терминдерінің қазақ тілінде бұрын қалыптасқан түрлеріне тарихи шолу жасау;
заң терминдерінің лексикалық құрамын сипаттау;
заң терминдерінің құрылымы мен лексика-грамматикалық ерекшелігіне сипттама беру;
заңда қолданылатын терминдерге семантикалық талдау;
терминдердің арақатынасын, грамматикалық бағытын анықтау;
құқықтық терминдерді дұрыс пайдалану, оны жетілдіру бағыттары мен жолдарын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |