I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы


Зерттеудің әдістері мен материалдары



бет5/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Зерттеудің әдістері мен материалдары. Зерттеу жұмысында баяндау, салыстыру, этимологиялық талдау, жүйелеу сияқты әдістер қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

1 Терминология және оның зерттелуі мен дамуы


    1. Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары. Заң терминдерінің зерттелу жағы

«Термин» - латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні «шекаралық белгі», «шекара», «шек» ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдардың атауы болып табылатын сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған. /2.85-96/

Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол - термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі бағытқа тоқталады: яғни – терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар, екіншісі – терминді ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатскийдің байқауынша, терминді ұғыммен байланысты қарайтындардың бағытының кең етек алып, дамып келе жатқандығын, яғни оның ғылымда анығырақ байқалатындығын көруге болады. Осы кезге дейінгі термин мен терминологияға берілген анықтамалардың кемшілігін атап көрсетеді.

А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады:

«термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылу керек те, ол термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат» - дейді. А.А.Реформатсеий терминнің екі жүйе ретінде қарастырады:



  • терминологиялық жүйенің элементі ретінде;

  • жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде./3.46-54/

Ғылыми терминдерді тексергенде олардың қай сөз таптаптарынан жасалатынын білу де аса қажетті мәселелердің біріне саналады.

Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деген пікір айтады. Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе, қимыл атауларына назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары болып келеді деген қорытынды жасайды. /4.13.т.5/

Н.А.Щегловтың еңбектерінен де осындай пікірлерді кездестіруге болады. /5.89/

Әзірбайжанның көрнекті тілшісі А.А.Оруджев: «дербес мағынасы бар кезкелген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол сын есім болсын, тіпті етістік пен үстеу де термин бола алады» - дейді./6.12/

В.Н.Прохорова «Актуальные проблемы современной русской лексикологии» деген еңбегінде терминге мынадай анықтама берген: «Термин – бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып табылатын және дифинициясы ( тиісті ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі» /3.10/

Термин жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Атап айтқанда, энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады:

«Термин – рим мифологиясында шекара құдайы. Т. – терминалдар құрметіне арналған мейрам» дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин – шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл – 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық «Советский энциклопедческий словарьда» берілген анықтама./7.12/

О.С.Османова «Словарь лингвистических терминов» деген еңбегінде: «Термин (ағыл.) дегеніміз – арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды да белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген және т.б ). Тілдегі арнайы ( ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» - деген пікірді айтады./8.18/

Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағынаны береді, - дейді. / Бұл, әрине, термин сөздердің табиғатын анықтайтын басты белгісі деп есептеуге болады./

Сайып келгенде, бірсыпыра тілші ғалымдар әртүрлі болжам жасағанмен негізінен бір тұжырымға келеді.



Термин – ерекше лексикалық құбылыс. Оны қолданушы топ сапалы түрде тәртіптеп, ретке келтіріп отырады. Сондықтан бір сөзді белгілі бір ғылым өкілдері термин ретінде қабылдап, қолдана бастаса, ал сол сөздің мағынасы кәсіпке қарай ыңғайланады, сонымен шектеледі. Бұл сөзді қабылдаған ғылым ерекшелігіне қарай онымен тіркесетін сөздер де ерекшеленеді.

Қазақ тіл білімі трихында теңдесі жоқ үлгі қалдырған ғажап лингвист, тамаша ақын, көсемсөздің көрнекті өкілі, керемет мысалшы А.Байтұрсынұлының лингвистикалық термин жасауда «Тіл құралы» еңбегінің зор маңызы бар.Байтұрсынұлы заманынан бері әлеуметтік және қоғамдық өмірде санаулы өзгерістер болып жатса да, жасаған терминдердің бұлайша тұрақтылық танытуы таңқаларлық жай. А.Байтұрсынұлының еңбектерінде терминжасамның лексика-морфологиялық және морфологиялық-синтаксистік тәсілдері басымырақ. Әсіресе, терминжасамның лексика-морфологиялық тәсілі жеке сөздерді мәністік-морфемдік жағынан түрлендіруді қамтыса, ал морфологиялық-синтаксистік тәсіл сөздерді біріктіру жағына бейім. А.Байтұрсынұлы бұл екі тәсілді де қазақ тілінің ерекшелігіне қарай шебер қолдана білген.

Қазақ тілі терминологиялық жүйесін қалыптастыру, салалық терминдерді ретке келтіру мәселесімен қазақ тіл мамандары да көптен бері шұғылданып келеді. Ұлт терминдеріде терминдер жүйесінің қалыптасуына үкімет тарапынан бірсыпыра қамқорлық жасағаны белгілі.

Қазақ тіл білімінде, терминдерді қалыптастыру, оларды қазақ тілі заңдылықтарына икемдеу, жүйелеу жөніндегі пікірлер баспа беттерінінен көрініс тапты. Мысалы, А.Байтұрсынұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, Х.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов, Қ.Кемеңгеров сияқты зиялы ғалымдар термин қалыптастыруда үлкен еңбек етті.

1920-30 жылдар аралығындағы «термин» деген атаулар өзі бірде «термин», бірде «пән сөздері», немесе «жат сөздер», «шет сөздер» болып түрлінше қолданылды.

Қазақ терминологиясының даму тарихында елеулі пікірлер айтып, пән атауларын жүйелеуде маңызды үлес қосқан ғалымдардың бірі – Халел Досмұамедов кірме сөздерді, соның ішінде орыс тілі арқылы енген сздерді қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап айтылуын дұрыс құбылыс деп есептеді. Мысалы: песір (писарь), жәрменке (ярмарка), ауылнай (волосной), сот (суд), т.б сөздерді мысалға алып, олардың дыбыс жағынан өзгертіліп айтылуын дұрыс деп санайды.

Сондай-ақ, Х.Доамұхамедов терминдердің жүйеленуі туралы: «Бүтін қазақ халқы үшін жалғыз білім кеңесі болу керек. Ол білім кеңесінің жанында әр пәннің мамандарынан сайлаған комиссиялар болу керек. Пән сөздерді әуелі пән комиссиясының сынына түсіп, оның қабылдап алған сөздері сонан соң ғана барып білім кеңесінің қарауына түсіп бекітіліп шығуға тиіс» /13.33/ - деп пән атауларын бекітудің дұрыс жолын ұсынады. Кірме сөздер тілімізге тән сингармонизм заңына лайықталып алынуын сол кездегі көптеген ғалымдар да қолданғандығын көреміз.

Н.Төреқұлов «Жат сөздер тұралы» деген мақаласында «қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ сөзі болып кірсін» дейді. /14.6/

Сол кезеңде термин жөнінде пікір айтқан адамдардың көпшілігі кірме терминдердің емлесі, дыбысталуы жөнінде ана тіліміздің фонетикалық заңдылықтарын сақтау принципін ұстанады.

1927 жылы Қызылорда қаласында «Пән сөздігі» деген атпен Қ.Қаратышқановтың сөздігі жарық көрді. /15.116/ Бұл сөздік мектеп оқулықтары мен оқу құралдарында қолданып жүрген терминдердің ала құлалығын реттеп, бір жүйеге түсуіне себебін жасаудың алғашқы үлгісі болды.

1930 жылдары термин жасау, дамыту және қалыптастыру ісіне республикада мемлелеттік мән беріліп, терминдерді жинақтап, зерттеу жұмысы қолға алынды. Көп кешікпей 1931 жылы Қызылорда қаласында 800 сөз қамтитын « Атаулар сөздігі» жарық көрді. /13.13/

1920 жылдары мәдени-ағарту саласында үлкен өзгерістер болды. Бұл кезеңде термин қалыптастырудың белгілі бір жүйесі болмаса да, тілімізге ғылымның сан-саласы ұғымдары енді. Қоғам дамуына, мәдениет, ғылым, техниканың өрістеуіне сай заттар мен құбылыстардың жаңа мазмұндарының ашылуы, жаңа ұғым туғызып, лексиканың баюына септігін тигізді.

Қазақ терминологиясының негізгі басқа халықтар сияқты, алдымен туыстық, мал шаруашылығына, дене мүшелеріне, ұлттық тірлікке байланысты дәуір бойы жинақталған атаулардан тұрса, ал ғылыми терминдердің дамуының, толығуының негізгі кезеңі – осы қарастырылып отырған 1920 жылдар екені аян.

Қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық т.б өзгерістер тілдегі көптеген терминдердің, атаулардың пайда болуынане сирек айтылатын сөздер қатарына ауысуына себеп болды.Қоғам өмірінде өзгерістер неғұрлым көп болса, тілдегі сөздердің архаизм, неологизмге ауысуы, сөздердің жаңадан пайда болуы да соғұрлым көп болады.Олар дамудың барысында уақыт сайын, бірқатары тілдің актив сөз қатарына еніп, енді біреулері қолданыстан шығып қалып немесе сирек қолданылмаған бірқатар сөздер кейін қайта жаңғырып, актив сөздік қорына қосылып жатады. Енді біреулерінің мағынасы кеңейіп, жаңа қосымша мағына үстеп алады. Бірақ, жаңа сөздердің басым көпшілігі түрлі жұрнақтар арқылы жасалған немесе шет тілдерінен сөз ауысу арқылы енген сөздер./13.34-40/

Бір тілден екінші бір тілге сөз ауысып отыруы, тіл дамуының өзіндік заңды құбылыс екендігі және жер бетінде "таза тіл" болмайтындығын, сөз алмасу ежелден келе жаткан процесс екені тіл зерттеушілерінен белгілі тілге еніп жатқан атаулар сол тілдің дамуына зор ықпалын тигізеді.

Жалпы қазақ терминологиясының қалыптасу процесі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталғанымен, көптеген термин атаулардың тілімізге енуі, әсіресе,кғнес дәуірі кезінде қарқынды дамыды.

Тілімізде кірме сөздердің бірқатары қазақ тілінде ертеден сіңісіп, әбден қалыптасып, орныққандары болса да, басым көпшілігі 20-30 жылдарда пайда болған неологизмдер екенін байқадық. Араб, парсы, орыс, европа тілдерінен енген кірме сөздерді І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Л.Рүстемов, Р.Сыздықова, т.б тіл зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілгендей, үлкен екі топқа бөлуге болады:


  1. араб-парсы тілдерінен енген сөздер;

б) орыс тілі арқылы енген кірме сөздер;

Араб-парсы сөздерінің қазақ еліне енген сөздердің ену кезеңін XI ғасырға дейінгі және XIX ғасырдан кейінгі кезең деп екіге қарастырса, Р.Сыздықова XYIII ғасыр мен XIX ғасырдағы ақын-жырыулардың тіліндегі араб-парсы сөздерін айта келіп, Л.Рустемовтың пікірін қолдайды да қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерін сипатына, түріне қарап екі топқа бөледі;



  1. мұсылманша діни ұғымдарды білдіретін сөздер;

б) діни ұғымға қатысы жоқ сөздер

"Дала уәлаяты" газеті тілін зерттеуші Б.Әбілқасымова; "Араб-парсы тілдерінен сөз ауысу талай ғасыр жемісі... дінмен байланысты бірсыпыра сөздер кейін де, яғни 10-19 ғасырларда реакциялық бағыттағы паниисламизмнің дәуірлеп тұрған кезінде көптеп кіргенен. Бұған... қазақ жерінде салынған медресе, мешіттердің әсері болған тәрізді ," /15.74.75/ деп көрсетті. Ал, XX ғасырдың бас кезіндегі 1920-30 жылдарда араб-парсы сөздерін қабылдау қарқыны мүлдем әлсіреп кеткен.

Қазақ топырағында ғылыми ой-пікірлердің өрбуіне байланысты сөздік қорымыз орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы енген халықаралық атаулармен толығып отырғаны белгілі. Мысалы, агроном, химия, физика, лекция, академия, клуб, нота т.б.

Европа тілдерінен енген сөздердің дыбысталуы туралы Ж.Аймаутов "Емлені оңайлату жобасы" деген мақаласында былай; "үндестік" заңына (сингармонизм) тіл атауларын бағындырамыз деп... жаңа жат тілдерді жаурытпа тілінен аса алыстатпау керек. Жат тілдермен араға кедергіні көбейте мәдениеттен алыстатады.

Мемлекеттік терминология комиссиясы Ұлы Отан соғыс жылдарында да тоқтатпады. 1948-50 жылдары екі томдық орысша-қазақша терминология сөздігі жарық көрді. Сөздік жасауға академиктер Н.Сауранбаев, С.Бәйішевтер қатынасты.

1956 жылы Тіл білімі мен әдебиет институтының құрамында терминология бөлімі ашылды. Осы кезде Қазақ кеңес энциклопедиясы жарық көрді.

60-жылдан бастап, 70-80 жылдарда қауырт дамыған бұл жұмыс қазақ тілі терминологиялық лексикасының дамып, қалыптасуына, саналуан ұғымдардың заңды түрде терминдік сипатқа көшуіне, тіліміздің ғылыми-техникалық қолданыс өресін биіктете түсуге себебін тигізді.

1950-70 жылдарда термин жасаушылар 1920-30 жылдардағы тәжірибені жеткілікті түрде пайдаланбады. Көптеген сәтті жасалған атауларды пайдаланбай, оларды баламаларын орыс тілінен іздейтін болды. Соның нәтижесінде тіліміздің өз мүмкіндіктері еленбей тіліміз орыс тілінен енген шет сөздерімен шұбарланды. Соның нәтижесінде ол баста пайда болған көптеген атаулар, кейін түрлі сыртқы факторлардың әсерінен көнерген сөздер қатарына ауысты.

Ал, қәзіргі тіл дамытудағы өзгерістерді байқап отырсақ, сол кезеңде пайда болып кейін қолданыстан шығып қалған атаулардың біразы қайтадан жаңғыруда.

Бүгінгі күні орын тауып, қолданысқа қайтадан еніп, орнығып жатқан терминдік атаулар сол кезеңдегі баспа беттерінде, әсіресе "жаңа мектеп" тілінде кеңінен қолданылғандығын көруге болады. Мысалы, кеңес, төраға, төңкеріс, мөр, таңба, алқа, дәріс, сарап, құқық, құрылтай т.б.

Сөз болып отырған мерзімде қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтитын жүздеген сөздер пайда болды. Жаңа сөздердің саны жағынан бұл дәуірде енген терминдер кейінгі дәуірлермен салыстырғанда әлдеқайда мол. Мысалы, ағару одағы (союз просвещения), туысқандар жиналысы (родительское собрание), күн белгі (календарь), білім басқармасы (глав наука), жылдық жоспар (годовой план) т.б

Алпыс жылдан астам уақыт ішінде мемлекеттік терминология комиссиясының құрамы бірнеше рет жаңартылып, қайыра құрылып отырылды.

Қазақ терминологиясының әр кезеңдегі дамуы, ұстанған принциптері, бағыттары, қолдану ерекшеліктері жөнінде 1930, әсіресе 1950 жылдардан бастап А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев, Ө.Айтбаев, С.Исаев, Б.Әбілқасымов, Ә.Әбдірахманов, А.Сатыбалдиев, Р.Өркенова, т.б зерттеушілердің еңбектерінің үлкен маңызы болды. 1927 жылы 25 сәуірде Қазақ ССР Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясының Ережесі бекітілді.

Термин жасауда негізгі принциптері анықталып, бұл істегі жүйелік қалыптаса бастады.

Принциптер бойынша ана тіліміздің ішкі қоры, өз сөз байлығы қолданылуы тиіс болды да, сонымен қатар, орыс тілі мен кеңес халықтары тілі арқылы еніп жатқан халықаралық терминдерді игеру қажеттігі басшылыққа алынды.

Қазан төңкерісінен кейін дінге деген көзқарас мүлдем өзгеріп, діни атаулар көнерген сөздер қатарына кетсе, 1980-90 жылдары бұл атаулар әдеби тілімізге қайтып, келді. Мысалы, мешіт, молда, тұмар, таспиық, садақа, айт, құрбан айт, құран.

Неологизм болып еніп, кейін тілде қолданыстан шығып қалып архаизм тобына ауысып, бүгінде қайта жаңғырған атаулар. Мысалы: кеңес, төраға, елтаңба (герб), құқық (право), сарап (экспертиза), дәріс (лекция), құрылтай (съезд), алқа (коллегия)т.б.

Сол кезеңде неологизм болып, кейін архаизмге айналған атаулар. Олар тек белгілі бір кезеңнің қажетін өтеп, қызмет атқарған сөздер. Мысалы: кіндік кәмитет, сауат ашу мектебі, партия ұясы, кедейлер ұясы, жалшылар кәмитеті, қызыл отау, ересектер мектебі т.б. өзгертілмей қолданып келе жатқан атаулар да кездеседі. Мысалы: онкүндік (декада), жылдық жоспар (годовой план), жоғары мектеп (высшая школа), бастауыш мектеп (начальная) т.б.

Орыс тілінен енген терминдер алғашқыда аударылып, кейінен ол баламасы әдеби тілде тұрақталмай, оның орнына бүгінгі күнге дейін орыс тіліндегі нұсқасы норма болып қалыптасқан атаулар да бар. Мысалы: кредитор (аласылы),конус (шошақ), экскурсия (серуендеме), семестр (оқу маусымы), воспитание (тәрбие), құқық қорғау ұйымы (орган защиты прав), искусство (көркем өнер), методическое бюро (әдістеме бюросы), ответственный за выпуск (жауапты шығарушы, редактор) т.б

Қорыта кеклгенде, қазақ тілінде термин жасау ісін шартты түде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең XX ғасырдың 10-жылдары мен 30-жылдардың екінші жартысындағы аралық. Бұл- терминжасамның бастапқы кезеңі. Бұл кезеңде терминдерді қазақыландыру бағыты басым болды. Бұл жерде, сөз жоқ Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов тәрізді тұлғалардың зор ықпалы болды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет