Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................43
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, эканомикалық, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім.
Сондай бетбұрыстың бірі биология пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстырып, соның негізінде жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай деп жазылған: «Ол ұрпақ тәрбиесіне дана болады. Оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарастың дамуына қамқор жасайды. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық эканомика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»: «білім беру жүйесінің міндеттрі: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және республикадағы басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» деп айрықша атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Білім министірлігінің «Тәлім- тәрбие» тұжырымдамасында үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарынан жүйелі өткізу, сондай-ақ болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтік оқу орындарында этнопедагогиканы жеке оқу пәні етіп ендіру ұсынылған.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақтың ақындарын, жазушыларын, композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете біле бермейді. Ал осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының өскелең өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім.
Ұстаз оқушыларға білім беру барысында оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде тұлғаның дұрыс қалыптасу мүмкіндігін зерттеп, жеке бас ерекшелігін аңғарып, осыған сәйкес жұмыс істегенде ғана орынды педагогикалық шешім табады.
Мектептерде биология пәнінде көркем әдебиет пен поэзияны, ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану арқылы оқушының танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту жолдары биология пәні мұғалімдері С.Әубәкірова, Г.Жұмаділқызы, Б.Қаденова, Г.Диханбаева, К.Құрбанбекова, Ж.Қожамқұлқызы, А.Райымжанованың жұмыстарында қарастырылған.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз әңгімелері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары, ұлттық ойындарының ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес жыл қазына болып табылады.
Оқушыларды биология ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүріп жатқан биологиялық құбылыстармен таныстыруда, оны көруге, сезінуге, түсінуге халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың маңызы зор.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде жасөспірімдердің табиғатпен қарым-қатынасын орнықтыру, білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын дамыту, осылардың негізінде адамгершілік қасиеттерін жетілдіру қазақ халқының ағартушы-ғалымдары мен ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдабердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханұылы, Х.Досмұхамедұлы өз еңбектерінде тілге тиек еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |