I тарау. Биологияны оқытуда халықТЫҚ педагогиканы қолданудың педагогикалық психологиялық алғышарттары


Биология сабақтарына халықтық педагогиканы пайдаланудың жолдары мен әдістері



бет9/12
Дата18.05.2020
өлшемі343,5 Kb.
#69488
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Халықтық педагогика элементтерін биология сабағына енгізу

2.2 Биология сабақтарына халықтық педагогиканы пайдаланудың жолдары мен әдістері.
«...Ал, қазақ, мешел болам демесең,

бесігіңді түзе»



(Мұхтар Әуезов).

Халық дәстүрлерінің бірі-сәбиді бесікке бөлеу. Бесік – адам баласы игерген игіліктердің ішіндегі ең парасаттысы. Ол үй шаруасында пайдаланатын заттардың ешқайсысымен де салыстыруға болмайтын мүлік. Тіпті, оның өзіне тән қасиеттерін кең түрде тарата алсақ, күллі адамзаттың игілігіне айналдыруға да болар еді. Өйткені, бесік жаңа туған бала үшін де, онан да бетер, жас босанған Ана үшін де қажет. Оның атқаратын биологиялық және физиологиялық қызметтерінің теңдесі жоқ. Тіпті, оның кейбір өміршең қасиетін басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Себебі, бұл қасиеттер тек Бесікке ғана тән.

Ұрпақ тәрбиесінің негізгі бір тірегі-бесік. Кешегі халқымызды мәңгүрт етуге тырысқан зобалаң жылдар бесік тәрізді қасиетті мүлкіңді де күресінге лақтырды емес пе? Бас пайдасы үшін арын сатқан ғалымсымақ әзәзілдердің азғыруымен қалың қауым ата-баба қасиеттерін тепкендей болды. Соның әсерінен қаншама жылдар бойы ұрпақ тәрбиесінің құтынан айырылдық. Бесіксіз өскен баланың сағат сайын шырқырап, мазасыздануынан, жас босанған талай ананың түн ұйқысы төрт бөлінуінен жүйкесі тозып, олардың омырауларынан сүт шықпайтын ауыр халге ұшырады. Қазір бұл әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Осыған орай, тек бесікке ғана тән Бала мен Анаға берер қасиеттерге тоқталып көрелік. Барынша ойымызды топтастырып айтсақ: біріншіден, бесік-әмбебап тазалық, екіншіден- терең ұйқы, үшіншіден –сәби үшін теңдесі жоқ микроклимат.

Мінеки, бесік беретін осындай үш түрлі қасиеттің арқасында дүниеге жаңа келген сәбилердің дендері сау болып қана қоймай, сонымен қоса, олардың дене мүшелері мен жұлын-жүйкелері табиғи үндестікке өсіп жетілмек. Бесіксіз тәрбие жас босанған анаға да, жаңа дүние есігін ашқан сәбиге де оңай тиіп отырған жоқ. Сәбидің сағат сайын дәретпен асты суланып, ұйқысы қашып, жүйкелері тозып, өзінен-өзі әлсірейді. Бұл жағдайды түсіну үшін аса үлкен ғұламалықтың қажеті жоқ. Өйткені, жаңа туған жас сәбидің денесіне тиген дәреті оның балғын терісін тітіркендіріп қоймай, тіпті тұз құйғандай ашытады. Бөленбеген аяқ – қолдары ербеңдеп терең ұйықтап тыныстауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан жас нәрестелер аз ғана уақыт ішінде, шала ұйқыдан асқынған невроз дертіне шалдығады. Бебеу қаққан анада, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалатындықтан оның да жұлын-жүйкесі тозып тынады. Оның үстіне тәулік бойы таудай болып үйіліп қалатын зәрмен шыланған жаялықтарды жуып-ақ жас босанған аналардың күш-қуаттарынан ештеме қалмайды.

Міне, халқымыздың бесігінен бездіріп, қолдан жасалынған есуас іс-әрекеттерімен ұйқысыз түндер, жаялық жуумен өтетін күндер, тұмса аналардың жұлын-жүйкесін тоздырып тынады...

Жүйкесі тозған нәрестенің тәрбиеге икемділігінен не қалады?... Міне, бұл сауалдар... сөз жоқ, кезек күттірмей шешетін мәселелер екендігі даусыз. Ендеше, бүкіл халқымызды азапқа салған аздырған заманның ландарын тез арада танып қана қоймай, оны бірден пәрменді тәсілдермен күнделікті тұрмысымыздан аластауымыз керек. Бұл мәселеде де, біздерге қол ұшын берер халқымыздың қасиетті дәстүр-салттары болмақ. Ендеше бесіктен безінуіміздің салдарынан жас босанған ананы да, дүниеге жаңа келген нәрестені де қолдан невроз жасап отырғанымызды, оның үстіне бісікке бөленіп мойындауымыз керек.

Осы зауалдың ықпалымен тұмса аналар исінуден қалып отырса, нәрестелеріміздің психикалары дұрыс жетілмеуінен қоса, балалардың шығыны да аса көп. Өйткені, жөргегінде дұрыс ұйықтаудан айырылып, ана сүтіне жарымай өскен баланың дене құрылыстары түгел, оның енді ғана, ояна бастаған писихикасының да орасан ауыр зардаптарға ұшырайтындығы белгілі. Оның үстіне бесікке бөленіп тәрбиеленбеудің салдарынан жас нәрестенің бесік жырымен жетілетін жүрек тәрбиесі де өз бетіне әдірә қалады. Бұл ойланбасқа болмайтын аса ауыр ахуал. Себебі, жүрек тәрбиесі- күллі адам тәрбиесінің іргетасы екені белгілі. Еліміздің ежелгі мүлкі- Бесікке жаппай қайта оралудың мәні ешқандай үгіттеуді көтермейтін шындық. Ол ұрпақ тәрбиесінің де алатын діңгегі болып қала бермек. Бесікке бөлеп өсірген балалардың асты құрғақ, үсті жылы болғандықтан, өзіне қажет мөлшердегі ұйқысы да дұрыс пайдаланады. Жас нәресте алғашқы айларында, нақтырақ айтсақ, сәби қырқынан шыққанда, тіпті үш айға дейін, кем дегенде 18-20 сағаттан аса уақыт ұйықтаулары ауадай қажет. Ол үшін оған тек астының құрғақтығы ғана емес, сонымен қоса, айналасындағы дыбыстармен ауа қозғалыстарының екпінін де қағып қалатын бесіктің шымылдығының да маңызы зор. Ол тіпті бұдан басқа толып жатқан тітіркендіргіштердің сақтай алатын – микроклимат екендігін де ерекше ескергеніміз жөн.

Осындай аса үлкен мәні бар жағдайларды қамтамасыз ететін бесік, жас сәбидің жан жайлауындай қасиет берер құдіретті мүлік. Тек, бесік ішінде ғана ұйқысы қанып, тән рахатына кенеле алатын болғандықтан, бала оянған сәттеріне жадырай езу тартып, бесіктен босанысымен-ақ керіле –созылып, кереметтей ләззатқа бөленеді. Осы сәтте ұзақ уақыт сәбиін қолына алмаған ана да бар мейіріммен емірене толғанып, нәрестесін сылап-сипаған алақанының табымен де таңғажайып әсер етпек. Мұндайда халқымыз «... бала сылаумен, қар қылаумен өседі» дейтін тамаша тұжырымдарын қалдырған. Айта берсе, бесіктің сыры тым тереңде жатыр.

Ана тәрбиесі. Баланың ана құрсағындағы өсетін тоғыз айы мен қырқынан шығару және үш айға дейінгі нәресте тәрбиесіндегі анаға тиісті сыбаға тым ерекше ауқымды екендігі баршамызға аян. Ол нәрестенің құрсақтағы кезінде оған өзінің түйсігін, ішкі жан сезімдерін және сыртқы бес сезімін алпыс екі тамыры арқылы жеткізіп, әсер етсе, енді сәбидің дүниеге келген алғашқы айларында жағымды әуен, аялы алақан, сөз, дыбыс, аналық мейірім, бәрі-бәрі де ана тәрбиесінің пәрменді құралдарына айналады.

Ата-бабамыздың дәстүрінде жас босанған ананы ауыл аймағы болып қастерлеп, оны қол-аяғын бауырына алып, сергігенше ерекше күтімге алады. Алғашқы сәттен-ақ, жайлы да таза төсек орынға орналастырып, арнайы күтім өмірге жаңа адамның келгенін паш ететін шілдехана тойының бел ортасында жас босанған ананың болуына жағдайлар жасалынады. Бұл қуанышты жас босанған ана ерекше көтеріңкі көңілмен қарсы алатыны айтпаса да түсінікті.

Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өмір – тәжірибесінде дүниеге жаңа келген нәрестенің кіндігін кесіп орап-қыштап алғаннан кейін-ақ, көп кідіртпей анасының омырауына салады. Баланы, алғашқы сәттен-ақ анасының уызына қандыруға тырысады. Қазіргі кезде бұл тәртіп те бұзылған. Өйткені, уызға жарымаған нәресте қашанда аурушаң келеді. Бәрінен де қиыны, сәбилердің аллергиялық және басқа дерттері – диатез, есек жемі, құрқұлақ, бұлақ ағу тәрізді көптеген сырқаттардың белең алуларының негізгі бір себебі оны анасының уызына қандырмаудан шығатындығын ашып айтқан жөн. Ананың уызында нәрестенің бүкіл иммунобиологиялық жүйесі қалыптастыратын белокты заттар көп болады. Олай болса, нәрестені анасының омырауына ерте беру сәбидің болашағы үшін орасан үлкен биологиялық мәні бар нәрсе екендігін түсінуіміз керек. Міне, бұдан кейінгі бір атап өтетін сәт – баланың кіндігі қатып үлгеретін жетінші күннен бастап- ақ, бесікке салу рәсімі. Ол бала білімдарлықпен жасалынады.

Бесіктің құрылысы. Бесік түп-түгел ағаштан жасалынады. Қазақ халқы негізінен тал бесікті ерекше қадір тұтқан. Себебі, талдан жасалынатын бесікке иіс-қоныс көп сіңбейді және әр түрлі кішігірім жәндіктер де жоламайтындығы ескерілген. Бесікке қажетті баланың «жөргегінде» мыналар болады: 1. Түбек. 2. Шүмек. 3. Бесіктің жазғы жабуы. 4. Бесіктің қысқы жабуы. 5. Қолбау. 6. Тартпа бау. 7. Баулар байланатын бел ағаш. 8. Бас жастық. 9. Екі бел жастық. 10. Аяқ жастық. 11. Бел көрпеше. 12. Аяқ көрпеше. 13. Арқалық ағаш. 14. Бесіктің басы. 15. Бесіктің аяғы. 16. Арқалыққа ілінетін жез қоңырау.

Баланы бесікке салу өнер деп қабылданған. Сондықтан да бесік тойы жасалынады. Бесікке салуды аса тәжірибелі, парасатты әжелерге табыстайды.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Еліміздің президенті Н.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» – деген өзінің жолдауында еліміздің дамуына, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.

Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйласты, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты „көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды „иманды” деп атаған. Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.

Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.

Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы  К.Д. Ушинский  “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің    дамып жетілуі де  ұлты мен халқына  қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты   азаматтар  болып  өседі” – деген ой түйген болатын.

Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді», -деп жазады.

Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.

Қазақ халқының этностық  ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын    сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.

Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, “халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..

“Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.

Көбінесе тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі – орыс мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарынан, әдістемелерден аударып бағдарламаларға енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай, біздің ұлтымызға ғана тән тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі, тұрмыс салты мен әдет-ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын ерекшеліктер ескерілмеді. Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай саясаттың шырмауында, сол кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде, ұлттық мектептерде тәрбие мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес. Бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығын атап өтіп, егемендігіміздің еркіндігінің есебі өмірдің – сан-саласында қанат жайып, шарықтаған тұста, әлі де ауыз толтырып, ұртымыз ісіп, мақтанып айта алмайтын күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелер аз емес.

Жоғарыдағы ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде дәріс беретін көптеген мектептерде “Халық педагогикасы” өз дәрежесінде жүргізілмейді.

Осының салдарынан ұлттық дәстүр  мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы, жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен маскүнемдік, пайдакүнемдік т.б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс беруде.

Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден  қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай, айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын  оқып-үйрену  үшін жағдай жасау” деп көрсетілген.

Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарында  дейін кең түрде насихаттау қажет.

Бұл мәселемен Республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаев, М.Балтабаев, Ә.Табылдиев, С.Тілеуова, Қ.Ералин, Б.Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.

Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда. Егер қазақ салт-дәстүрлерінің оқушыларда имандылық қасиетті қалыптастыруы тәлім-тәрбиелік тұрғыдан сұрыпталып, оқу-тәрбие процесі не ендірілсе, онда оқушылардың иманды қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі артады.

Жеңіл өнеркәсіп биологиясы 7- сыныпта «Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары» тақырыбын өткенде қазақ халқының қымызды қажетіне жарата білгенін айтамыз.


Сапырылған сапты аяқты сары қымыз,

Сауға қуат, ауруға- еш дәрі қымыз.

(І. Жансүгіров)

Сахара төсінде мал мен бірге тоқтаусыз көшіп – қонған көне халықтың ежелден қадірлі асы, тағамы әрі сусыны болған. Арқалы ақын айтқандай, ауруға- ем, сауға қуат дәрі қымыз да осы. Оның құрамында 2-2,5% белок,1-2% қант; 4,8% май; С, А, Д, Е, РР дәрумендері, В дәрумен тобы, яғни науқастың тәбетін ашатын В1, В2 дәрумендері, басқа да ағзаға пайдалы заттар бар. Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы санаторий Көкшетау облысында, Бурабайда ашылды. Қымызды бүгінде ауа-райымен емдейтін курорттар мен санаторийлерде жиі қолданылады. Өйткені, далалы және орманды далалы аудандардың ауа температурасы жоғары болғандықтан ылғал төмен болады. Сондықтан адам терлегіш келеді де, қымыз жақсы сіңеді. Қымыздың құрамындағы қоректік заттар (ақуыз, май, қант) толық (95%) қорытылады, себебі оның құрамындағы алкоголь мен көмір қышқыл ішек-қарын жүйесінің сіңіргіштік қасиетін арттырады. Қымызбен емдегенде, қанда гемоглобин, эритроцит көбейеді. Холестерин құрамы өз қалпына келеді, тамырдың соғуы жылдамдап, қан қысымы көтеріледі, осыған орай жүрек, қантамыр жүйесінің жұмысы жақсарады.

Халық қымызды құндап, бірнеше түрге бөлген: уыз қымыз, бесті қымыз, құнан қымыз, қысырдың қымызы, түнеме қымыз, сірге жияр қымыз.

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жағымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ең құрметтісі. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігілген тобылғы түтінінің иісі сіңген сабада, не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Қымыздан біраз мөлшерде қотарып алғаннан кейін, орнына қайта саумал құйылады. Бұл үрдіс бие ағытылғанға дейін жалғаса береді. Қымызды қотарғанда ыдыстың түбінде ашытқы қор қалуға тиіс. Төрт күн ашып, ашуы мейлінше күшейген бесті қымыз дейді. Үш түнеген қотарылған қымызды дөнен қымыз дейді. Биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз уыз қымыз не бие бау деп те аталады. Әбден пісіліп бойына жылқының қазысын сіңірген бапты жұмсақ қымыз бал қымыз деп аталады. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан гөрі сары әрі қою болады. Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз.

Қысырдың қымызы – бие ағытылып кеткеннен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып, қыстай қолда ұстап сауады. Бұл қымызды «қысырдың қымызы» - дейді.

Сары қымыз – шөп пісіп, биенің сүті қоюланған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазғы күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.

Түнеме қымыз – ескі қымыздың үстіне саумал құйып, келесі күні тағы бір түн асқаннан кейін қотарылған қымыз.

Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.

Жылқының қымызы - өте құнды, шипалы табиғи сусын болса, қылы- арқан, жіп, желі, көген ескенде, олардың мықтылығын сан есе асыратын. Жылқының еті - өте жоғары сапалы тамақ, қазысы тағамдық та емдік те қасиеттері мол дүние. Жылқының терісінен түрлі қасиетті бұйымдар жасалады – құлын жарғақ, етік, жүген, айыл – тартпа, құйысқан, саба, өмілдірік, үзеңгі бау, қанжыға бау, ноқта, шідер, қамшы.

Әр биеден 800, жас малдан 400 грамм қыл түседі, оған жүн қосып көген, желі, қыл арқан, шылбыр, ноқта сияқты өте мықты күнделікті шаруаға қажет бұйымдар жасайды.

Қымыздың құрамына тоқталатын болсақ, онда 4,5% – спирт, 30-70% протейн болады, сондықтан олар  өте жоғары протейнді диеталық қоспа болып табылады. Протейінде бос амин қышқылдарының 26 түрі және  17 гидролизденген белоктық амин қышқылдары бар. Бос амин қышқылдарының өзінде жеті амин қышқылдары – треонин, фенилаланин, валин, лейцин, изолейцин, лизин, метионин бар. Бұлардың бәрі де адам ағзасы үшін өте маңызды. Қымыз құрамында сондай-ақ 28 түрлі микроэлементтер, көптеген витаминдер, тритерпеноидтар, аденозин, трифосат, стероид, жыныс гормоны, кортикалды бүйрек үстіндегі бездің гормоны, көптеген алколоид пен хош иісті альдегидтер, мысалы, децил спирті, гендекалон, додеканол, гептадеканол, өзінің этилациттары және изомерімен, сондай-ақ тез буланатын алифатты көміртектері  және темір (Ғе) бар.

Ең алғаш қымыз жайлы ерте грек тарихшыларының еңбегінде (484-424 б.з.д) берілген. Онда «скифтердің ең сүйікті және ерекше асы» деп жазылған болатын.

Қымыздың емдік пайдасы өте зор. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына (атрофтикалық артритке) өте пайдалы, оны желдеткіш (стимулятор) және байланыстырып біріктіретін зат ретінде қолдануға болады. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын ауруларымен сүйектің қақсауын (атрофикалық артрит, ревматикалық артрит), еркектік күшті (эректикалық дисфункция), жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың  алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз іштегі ыстықты азайтады. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қортуды жақсартады, жаңа босанған келіншектің сүтін қалпына келтіреді.

Биология пәні сабақтарында ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану. Ауыз әдебиеті – халықтық қазына. Ол дүниеге бірден келген жоқ, оған халықтың ғасырлар бойғы еңбегі, білімі өнері жұмсалады. Ауыз әдебиеті – халықтың жазу, сызу өнері болмаған кезеңде туған көркем шығармалары. Оған: ертегі, мақал-мәтел, тұрмыс салт жырлары, жұмбақтар, батырлар жыры, лиро–эпос, тарихи жырлар, айтыс өлеңдері және т.б. кіреді. Биология сабақтарында ауыз әдебиеті түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың қиялын, биологиялық ұғымды меңгеруін дамытуға толық мүмкіндік туады.

Сондықтан да біз өз іс-тәжірибемізде ертегіні іріктеп, тақырып мазмұнын аша түсуге көмектесетін және оқушылар ұғымын тиянақтауға септігін тигізетін жағдайда паидалануға тырыстық.

Мәселен, 7-сыныпта «Ашық тұқымды өсімдіктер» тақырыбын өткенде «Қарағай мен сексеуіл» және «Тобылғы, Баялыш, Арша» атты ертегілерді пайдаландық. «Қарағай мен сексеуіл» атты ертегінің мазмұны: тым ерте заманда қарағай да сексеуіл де ойпаттардағы жасыл алқапта өседі екен. Бұлар, қонысқа таласып, «әрі отыр, бері отыр!» деп қыжақ болып, ең соңында сойылдасып соғысыпты. Олардың арасына түсіп арашалау ешкімнің қолынан келмепті. Тал мен терек ақылдасыпты да, бұлардың жасақ сайлап, соғысып жатқан, майданына сел қаптатып жіберіпті. Сексеуіл селден қашып шөлге кетіпті, қарағай судан қашып тауға шығыпты. Сексеуіл мерген екен, қарағайдың өн бойына түйреген, ішкі бұтақтар сексеуілдің атқан оқтары екен. Қарағай найзагер екен. Сексеуілдің тұла бойындағы тыртықтар қарағайдың найзасынан қалыпты. Содан бері қарағайлар сексеуіл келіп қалмасын деп, тау басында тұрып қарауыл қарайды, ал, қарағайдан қорыққан сексеуіл құм-шөлге бұғып, солуын кезейді. Қонысқа сыйыспай соғысқан екі мықтының бірі үркіп тауға шығып, бірі ығып шөлге бұққан соң, кең өзенді өңір тал мен терекке қалыпты.

Бұл ертегілерді тыңдағанда оқушылардың жалаңаш тұқымдылардың құрылысы мен тіршілігін анықтай түсуіне көмегі тиеді.

Жұмбақ арқылы оқушының пәнге қызығушылығын да арттырып. Оларды тапқырлыққа, ой ұшқырлығына жаттықтыруға болады. Сабақ барысында жұмбақты пайдалану сабақтың басында болса, оларды тақырып мазмұнын меңгеруге дайындайды. Егер жұмбақ сабақты қорытындылау, бекіту кезінде қолданылса, оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтауға жағдай жасайды.

Мәселен, 7- сыныпта «Бунақденелілер» тақырыбында мына жұмбақтарды пайдаландық:

Қайда барсаң сонда болатын,

Жүздеп ұшып, мыңдап қонатын.

Күресін, лас, сасық етсе,

Өлексе, тіпті лас жерге

Бәріне қонып мекендейтін,

Қандай жәндік «Қылырғыр екен» дейтін

Шыбын. Нағыз шыбындардың 3000- нан аса түрі белгілі. Оның көпшілігі – адам мекенінде тіршілік ететін жәндіктер, солардың бірі – үй шыбыны.

Маса – қанмен қоректенетін қос қанатты насекомдардың бірі, ол суда толық түрленіп дамиды.

Шұлғытып басын жылқының

Суға иіріп, ызыңдап,

Дамылсыз алған тынымын

Қай жәндік ол ойлап тап?

Бөгелек тақ тұяқты жануарлардың – жылқы, есек, құлан, мүйізтұмсықтың ас қорыту жолдарында, көбінесе қарынның ішкі бетінде паразиттік тіршілік ететін жәндік. Олардың кейбір түрлерінің личинкалары жануарлардың кеңсірік қуысында дамиды.

Аралап гүлді ұшады,

Жиғанын бал қып құсады.

Бал арасы. Аралар – қауымшыл жәндіктер. Олар топталып үлкен отбасы болып тіршілік етеді. Әрбір ұяны (омартаны) аралардың бір отбасы иемденеді.

7- сыныпта «Сүйекті балықтар класы» тақырыбын өткенде мына жұмбақты пайдаландық;

Ұйқасын тап

Қ-ны қойсаң басыма,

Қайнап жатқан қазанмын

Егер С-мен өзгертсең

Суда жүзген...

Сазан – тұқы тәрізділер отрядына жататын, әрқилы суларда мекендейтін кәсіптік балық. Оның еті дәмді болғандықтан әртүрлі тамақты жасауға пайдаланады.

7- сыныпта «Жорғалаушылар класы» тақырыбын өткенде мына жұмбақты пайдаландық:

Ұзындығы қамшыдай,

Көзі тамған тамшыдай

Түсі сұсты, көне тым,

Тістегені өлетін

Қандай жәндік сүмбідей,

Жүретін жылжып үндемей.

Жылан. Қазір бүкіл дүние жүзі бойынша жыландардың 2500 түрі белгілі. Оның 410-ы адамдар үшін қауіпті, улы жыландар.

7-сыныпта «Құстарды топқа бөлу» тақырыбын өткенде мына жұмбақты пайдаландық:

Құрлықта жүрсе, майпаңдап,

Суда жүзсе қайықтай еседі.

Үйрек. Оның көптеген түрлері белгілі: барылдауық, біз құйрық, сіңгуір, айдарлы сіңгуір сияқты түрлері ТМД территориясында кеңінен тараған.

Жазда қоңыр,

Қыста тек ақ болатын,

Бұл қай құс,

Қарға еніп, жоқ болатын?

Аққұр – тауық тәрізділер отрядына жататын құс. Қазақстанның Солтүстік облыстарында, Қостанай облысының батыс шекарасынан Алтайға дейін таралған.

Дамылсыз барабан қағады,

Сол жерден тамағын табады.

Тоқылдақ – Қазақстан территориясында оның 6 түрі кездеседі.

Болса да көзі,

Жарықта


Көрмейді өзі,

Көргіш-ақ түнде,

Құс па, бұл не?

Анықта.


Үкінің Қазақстанда бір ғана түрі кездеседі. Үкі – қанатының созындысы 460-498 мм, салмағы 3 кг болатын, ірі түн жыртқышы.

7-сыныпта «Сүтқоректілер класы» тақырыбын өткенде мына жұмбақты пайдаландық:

Шала туып баласын

Қалтаға сап алатын

Неткен ғажап жануар

Қай материкте әлі бар?

Кенгіру – Австралияда тіршілік ететін қалталылардың ең ірісі. Оның бойының биіктігі 2 метрден асады.

Сүт қоректі – қанаты бар ұшатын,

Аяғы бар затты бекем қысатын.

Күні бойы, бұғып жатып шатырда,

Қараңғыда ұшып жемін тұтатын,

Қалалы жерде әлі бар,

Құс емес, ол қай жануар?

Жарқанат. Қазір жарқанаттардың 800-ге тарта түрі белгілі. Бұлардың көпшілігі насекомдармен қоректенетін пайдалы жануарлар.

Түрі, түсі иттен аумайды,

Бірақ үй малын аулайды.

Қасқыр – Қазақстанның барлық облыстарында таралған. Бұл тек ғана етпен қоректенетін, жыртқыш.

Жұмбақтарды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын, дүниетанымын, белсенділігін арттыруға болады.

7 – сыныпта «Гүлдің формуласы мен диаграммасы» тақырыбын өткенде мына жұмбақты пайдаландық:

Қыздар үшін арналған,

Бір көркем бар.

Жеміс жасап беретін,

Бір өркен бар.

7 – сыныпта «Омыртқалы жануарлар» тақырыбын өткенде мына жұмбақты пайдаландық:

Денем ұршық пішінді,

Қайрап қойған тісімді.

Қаңқамнан желім жасап,

Қарқ қылған кісіңді.

Бауырымнан май жасап,

Оңға басар ісіңді.

Қаңқам менің шеміршек,

Оны бәрі түсінді.

Мұхитты мекен етемін,

Жеңіске жүзіп жетемін.

Халықтық педагогикаға негізделген сабақ, кеш үлгілері.

Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда тақырыпқа байланысты әдеби шығармалардан үзінділер келтірудің маңызы зор. Мысалы, «Жарғаққанаттылар отряды» тақырыбын өткенде балара мен құмырсқаның тіршілігіне байланысты үзінді келтірілді. Ол үшін ең алдымен жаңа сабақ түсіндірілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет