I тарау. Биологияны оқытуда халықТЫҚ педагогиканы қолданудың педагогикалық психологиялық алғышарттары



бет11/12
Дата18.05.2020
өлшемі343,5 Kb.
#69488
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Халықтық педагогика элементтерін биология сабағына енгізу

Қорытынды
Халықтық педагогика элементтерін пайдалану, оқушылардың өзіндік жұмыстарында биологиялық өлеңдер, жұмбақтар жазу арқылы оқушының биология пәніне ізденушілік қабілетін арттыруға әсерін тигізді. Пәнді түсіну қабілетін өсіріп, түсінуге қиын сабақтарды оңай меңгеруге және есте жақсы сақтауға дағдыландырды.

Халық педагогикасы материалдарын пайдалану барысында бақылаған бір ерекшелік оқушыларының сабақта да, үй тапсырмасын орындауда да шығармаларды, ауыз әдебиетін, аңыздарды ынтамен білуге құмартатындығы көрінді.

Халықтық педагогика материалдары оқытудың тиімді түріне айналып, оқушылардың биологияға қызығу деңгейін және білуге ынтасын, оның сапасын тиянақтап, сабақ үлгерімін арттырды.

Ата-бабаларымыз табиғат әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып, оның құдіретіне бас иіп, табиғат заңдылығын тамаша сараптай білген. «Жер ананың суын құрғатпасаң сүтін ішесің, балаусасын баспасаң, балын жұтасың, киігін қорғасаң, кемдік көрмейсің, құсын аяласаң, қызығына кенелесің», деген мақал-мәтелдердің қазақ халқының экологиялық заңдылықтарды терең түсіне білгендерін аңғартады. Осының негізінде биология сабақтарында халықтық педагогиканы пайдалану арқылы оқушыларда ғылыми ұғым қалыптасуын, дүниеге біртұтастық көзқарастың, тіл байлығының дамуын, ойлау қабілеттерінің, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу дағдыларының жетілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет