I тарау. Биологияны оқытуда халықТЫҚ педагогиканы қолданудың педагогикалық психологиялық алғышарттары


Биология сабақтарында пәнаралық байланыс негізінде халықтық педагогиканы пайдалану



бет7/12
Дата18.05.2020
өлшемі343,5 Kb.
#69488
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Халықтық педагогика элементтерін биология сабағына енгізу

1.2 Биология сабақтарында пәнаралық байланыс негізінде халықтық педагогиканы пайдалану
Биология пәнін оқытудағы ең бір маңызды дидактикалық ұстанымдардың бірі - пәнаралық байланыс. Бұл – ғылыми-жаратылыстану пәндері мен қоғамдық-гуманитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстарды қамтамасыз етеді.

Бірақ мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланасты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыс жайлы керекті оқу-әдістемелік құралдарының жоқтығынан.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі ретінде Қазақстанда, ТМД және шетел ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келеді. ТМД көлемінде В.В.Гузеев, Э.Ф.Зеер, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, С.Я.Батышев, А.П.Беляева, Б.С. Гершунский, Н.И. Думченко, А.А. Кирсанов, И.Д.Клочков, М.И.Махмутов, И.Т.Сенченко, Н.С.Антонов, И.Ф.Борисенко, И.Д. Зверев, Д.М. Кирюшкин, К.П. Королева, П.Г. Кулагин, И.Я. Лернер, Н.А.Лошкарева, В.Н. Максимова, В.Н. Федорова т.б, Қазақстанда А.А.Бейсенбаева, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.Мұханбетжанова, Ә.Түркменбаев, Р.Г.Лемберг, М.Ә.Құдайқұлов, Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров,Д.С.Байгожанова, О.В.Будникова, Н.А.Оразханова, Г.К.Шолпанқұлова және өзге де ғалымдардың еңбектерінің зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғалымдардың еңбектерінде пәнаралық байланысқа әр түрлі анықтамалар беріледі: оқу пәндері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға қажетті нақты деректерді негіздеген; пәнаралық байланыстардың дүниетанымдық функциясына ерекше көңіл бөлінген; түрлі пәндердің пәнаралық байланыстарының деңгейін көрсететін әдістемелік нұсқаулар ұсынылған.

Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуде пайдалану биология пәні мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігін, оның жан-жақтылығын, эрудициясын, ізденімпаздығын талап етеді. Биология пәніндегі әсіресе, адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасындағы көптеген заңдылықтар мен түсініктер басқа пәндермен, оның ішінде физика, химия, геогрофия, медицина және экология, математика, әдебиет т.б. өте тығыз байланысты.



Пәнаралық байланыстар болашақ мұғалімдерді ғылымның әртүрлі шеңберіндегі зерттеулерімен және оқу жұмыстарының, сол сияқты танымның жалпы әдістерімен қаруландыру, мектеп пәндерімен оған жақын (шектес) курстардың негізгі идеяларына, мектеп білімдерінің жиынтығына тұтас көзқарастарды қамтамасыз ету, математиканы оқытуда орта мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу процесінде пәнаралық байланыстар орнату, пәнді оқытуда теорияда алған білімдерін практикада жүзеге асыру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын атқара отырып жалпы педагогикалық мәнге ие болу болып табылады. 

Биологияны пәнаралық байланыста оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:



  • биологияның оқу бағдарламасын талдап, оның пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау. Биологияның теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау. Осы байланыстар негізінде игерілетін білім, білік, дағдылар көлемін анықтау;

  • пәнаралық байланыстағы тақырыптық сабақ жоспарларын құру;

  • нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды іріктеу;

  • оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді семинарлар т.б.);

  • пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау (пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар);

  • пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қолданылатын белсенді технологияларды іріктеу.

Оқушыларды пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы пәнаралық мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушылардың атқаратын жұмыстары мен орындайтын оқу әрекеттері де түрліше болады:



  • білім алушылардың биологиядан алған білімдерін қайта жаңғырту, еске түсіру және оларды жаңа материалды игеру кезінде қолдану;

  • арнайы пәндерден алған білімдерін іске қосатын, білім алуда белгілі бір танымдық мақсатты жүзеге асыратын пәнаралық міндеттерді орындауға көмектесетін тапсырмалар мен сұрақтарды орындау;

  • бағдарламалық материалдарды терең және тиянақты игеруге, құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білуге мүмкіндік туғызатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар орындау арқылы әр пәннің мазмұндық сабақтастығына көз жеткізу;

  • пәнаралық сипаттағы хабарлама, рефераттар, көрнекі құралдар, кестелер, сызбалар дайындау;

  • пәнаралық байланыс бойынша алған білімдерін қолдану барысында биологиялық эксперимент жүргізу.

  • Бізге дейінгі пәнаралық байланыстар туралы берілген еңбектерде негізінен оқу пәндері арасындағы байланыстар екі түрлі жолмен жүзеге асады. Олар:

  • уақытша (хронологиялық);

  • мазмұндық.

Пәндердің хронологиялық жолмен байланыстары оның оқылу уақытын белгілеуді керек етеді. Мазмұндық – бұл негізінен ғылыми ұғымдарды байланыстырып түсіндіру.

Бұл пікірлерді біз де қолдаймыз. Дегенмен, біздің зерттеуімізде пәнаралық байланыс төрт түрлі жолмен жүзеге асырылды:



  • теориялық-мазмұндық байланыс. Мұнда пәндер бағдарламасындағы теориялық материалдардың сабақтастығын жүзеге асыру;

  • пәндер мазмұнына сәйкес жүргізілетін тәжірибе жұмыстарының байланысы;

  • біліктілікті қалыптастыратын сарамандық жұмыстардың байланысы;

  • пәндердің мазмұндық байланысын күшейтуге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың байланысы.

Пәнаралық байланыстар зерттеу әдістерінің ортақтығы бойынша да ашылады. Биология пәнін арнайы пәндермен байланыстырудың үш кезеңі бар: алдын ала, ілеспе, болашақта орындалатын. Алдыңғы пәнаралық байланыстар – биология курсы материалдарын оқыту кезінде кәсіптік пәндерден бұрын алған білімдеріне сүйенеді. Ілеспе пәнаралық байланыстар – бұл бірқатар теориялық мәселелер мен ұғымдар бір мезгілде биология бойынша да, арнайы пәндер бойынша да қатар жүзеге асып оқытылатын байланыстар. Болашақта орындалатын пәнаралық байланыстар арнайы пәндерде биология пәнінен бұрын алған білімдерін қолдану. Бұл жағдайда арнайы пәнді оқыту биологиядан берілген білімге негізделе жүргізіледі.

Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады.

Бірінші - методологиялық қызметі. Осы қызметі оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына диалектикалық- материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді.

Екінші - оқушының білімдік ой-санасын қалыптастырып, оның бір жүйелілігін, тереңдігін, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыс аралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады, биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.

Үшінші - тәрбиелік қызметі. Пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруға көмек көрсетеді.

Биология курстарынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.

а) биологиялық әрбір курсының және басқада пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану;

ә) курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестеп, сабақтың жоспарын құру;

Пәннің әрбір тарауының мазмұнына талдау жасап бөлген жөн:

а) бұрын оқылған биологияның басқа курстарымен таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;

ә) биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;

Пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығыда оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналған. «Адам және оның денсаулығы» және «Жалпы биология» пәндерінің ішіндегі пәнаралық байланыстарға жеке-жеке тоқталайық.



Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бір міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қызығуының артуына тікелей байланысты. Орта білім беру мәселесі қоғамды дамытуда ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Жеке адамның дамытуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде құбылыстар мен дәйектерді талдай білуде, шығармашылық түрде тез арада ойланып шешім қабылдауға үйрену өзекті мәселелердің бірі. Жалпы оқу – тәрбие жұмысын тиімді ету оқушылардың оқу-таным әрекеттерін белсендіру, оқуды ғылыми негізде ұйымдастырудың және оқушылар мен оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғарғы мектептің ғылыми әдістемелік негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. 
Соған орай оқу үрдісінде пәнаралық байланыстар орнату – маңызды да күрделі міндет. Оның мәні оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кешенді келу тұрғысында ерекше артады. 

Тәнтану («Адам және оның денсаулығы») пәнінде пәнішілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.

Жасушаның (клетканың) құрылысы мен қызметі, мүшелер (оргондар) жүйесі, олардың эвалюциялық дамуы, қызметтерін рефлекторлы реттеу, ағзаның (организмнің) біртұтастығы, олардың сыртқы ортамен байланысы жайлы түсініктерді дамыту үшін биологияның бұрынғы курстарымен байланыстыру керек. Мұғалім оқушылардың түсініктерін жинақтап, адам және оның денсаулығы курсын оқытқанда осы курсқа тән анатомиялық, физиологиялық және гигиеналық түсінікткерді шеберлікпен дамытады.

Сүйектің химиялық құрамы мен құрылысын оқыту кезінде оқушылардың 6-сыныпта алған органикалық заттар, сулармен тұздардың қасиеті туралы түсініктеріне сүйеніп, оны әрі қарай кеңітіп және тереңдете ұғынуға ықпал жасау керек. Ал буындар мен сүйектердің қозғалу механизмдерін әңгімелегенде оқушы физика пәнінен – механикалық жұмыс және үйкеліс күші, рычаг (иін) жайлы алған білімін пайдаланып, жаңа түсінікті тез игеріп кетеді.

Мұғалім тыныс алу және тыныс шығару механизмін, қанның қысымын оқушылардың физика пәнінен өткен газдардың, сұйықтардың ағу, қозғалу заңдылықтарының бас бөлігіндегі және аяқ бөліміндегі қысым айырмашылығы жайлы ережелерімен сүйеніп түсіндіреді.

Оқушылардың химия пәнінен алған – катализатор, қышқылдық, сілтілік және бейтарап реакциялар жайлы алған білімі биологияда энергетикалық және пластикалық зат алмасуды оңай да тез ұғынуына мүмкіндік береді.

Физикадағы энергияның сақталу және алмасу заңы биологияда адам ағзасындағы зат алмасу жайлы тақырыпты өткенде тірек білім болады, яғни оның тірі табиғат заңдылықтарымен жан-жақты, бірдей екенін оқушылар жақсы ұғынады және химиялық үрдістер мен биологиялық үрдістердің бір тұтастығын танып біледі.

Биологиядағы көру және есту мүшелерінің қызметі мен құрылысы тақырыбындағы оқушылар білімі болашақта физика курстарынан оптика және дыбыс жайлы әңгімелегенде тірек білім ретінде қолданылады.

Биология сабақтарында кең және жан-жақты пәнішілік және пән аралық бұрынғы, болашақ тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушының материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді.

Адам және оның денсаулығын курсындағы пәнаралық байланысты іскеасыруда ең бірінші-проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау, танымдық есептерді шығарудың маңызы зор.

Мысалы, «Бұлшық еттердің жұмысы» тақырыбында оқушылардың проблемалық мәселелерді шешуіне тура келеді. «Неге адамның бұлшықеттері әртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі қызып, жылу бөлінеді?». Бұл жердегі шешуі талап етілетін мәселенің бірі-химиялық экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар кезінде энергияның өзгеруі және физика пәніне энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы білімді пайдаланып жұмыс істеген еттен ағып шыққан көк тамыр (вена) қанының температурасы салатамыр ( артерия) арқылы сол етке келіп құятын қанның темпеатурасының жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы өсімдіктер мен жануарлар курсын өткендегі тыныс алудың нәтижесінде жасушадағы органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіні туралы білімін естеріне түсіріп жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нәтижесінен бөлінген жылу деп жауап беруі де мүмкін, ол жылу да экзотермиялық.

«Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөлінеді?» деген сұраққа оқушылар физика курсынан алған білімін еске алып, «жұмыс істеген еттерде механикалық эенергия жылу энергиясына айналады» дейді. Ал бұл жерде «Механикалық энергия қайдан пайда болды?» деген сұрақты былай түсіндіруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздармен көмірсулар ыдырауының және тотығуының химиялық байланыстардың түзілуіне энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, сөйтіп оның температурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер буланғанда артық жылуды қоса ала кетіп, адам денесіндегі жалпы температураны бір қалыпты денгейде ұстап тұрады.

Пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы проблемалық сұрақтарды шешудің мысалын келтірейік. Мысалы, «Ағзаның ішкі ортасы» тақырыбын түсіндіру кезінде оқушыларға мынандай сұрақ қоялық: «Егер қан плазмасында судың мөлшері 80% -ға жақын болса, сол қанға суды құюға болама?». Бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе көрсетуге болады.

Картоптың мөлшері бірдей үш кесіндісін алып, олардың біріншісін- дистилденген суға, екіншісін-0,9%- дық ас тұзы ертіндісіне, үшіншісін -10%-дық ас тұзы ертіндісіне салып, бірнеше уақытан кейін оларда қандай өзгерістер болатынын оқушылардың өздеріне бақылату керек, олар екінші кесіндіде ешқандай өзгеріс болмай, бірінші және үшінші картоп кесінділерінің мөлшерінің өзгергенін байқайды. Оларды дәлелдеу үшін оқушылар химиядан алған тұз ертіндісінің консентрацияларына байланысты, ал физикада сұйықтардың диффузиясы туралы тірек біліміне сүйене отырып, неліктен бір тәжірибелерде картоп кесіндісінің көлемі үлкейсе, екіншілерінде мөлшері азайып, жирылып кететініне жауап табады.

Осы мәліметтерге сүйеніп, қанға суды құюға болатын, болмайтынын дәлелдеп беруге болады. Осының нәтижесінде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайтын механизмін өз - өзімен реттеліп отыратынын, ал судың қозғалу бағыты қан плазмасындағы және эритроциттер құрамындағы тұздардың концентрациясының байланысты болатынына көзін жеткізу керек.

Адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістер физикалық заңдарға бағынады, қан тамырлары арқылы қанның ағысы гидродинамикалық заңдылығына, қан тамырларының серпімділік қасиеті механикалық тербелісінің белгісін байқатады, биопотенциялдың таралуы тоқтың химиялық электр қозғаушы күшіне ұқсас, тыныс алу - аэродинамика заңдылығына ұқсас.

«Адам және оның денсаулығы» курсын оқытудың жоғары деңгейде болуының басты факторларының бірі - осы пәнаралық байланысты негізге алып, тазалық сақтау (гигиена) және табиғатты қорғау мақсатында тәрбиелік жұмысты күшейту тәсілдерін пайдаланып, өзара байланыстарды анықтап көрсеткен жөн. Осыған байланысты қорытынды сабақтардан басқа мазмұнына байланысты пәнаралық дәрістер, семинар, тіпті арнаулы конференциялар өткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет