Зерттеу жұмысының мақсаты: халықтық педагогиканы бүгінгі өмір талабымен ұштастыра отырып орта мектептердегі биология пәнін оқытуда қолданудың әдістемесін жасау, оның оқу үрдісінде тиімді қолданудың мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: - жалпы білім беретін орта мектептегі биологияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: – биологияны оқыту үрдісінде халықтық педагогика элементтерін қолданып, оқушылардың білім сапасын дамытудың жолдары мен әдістері.
Зерттеу болжамы: орта мектептердегі биология сабағында оқушының білім сапасын дамытуға болады егер:
оқытудың белсенді әдістерін оқыту үрдісінде тиімді пайдаланса;
биологияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін қолданудың арнайы бағдарламасы жасалса;
оқушылардың өзіндік жұмыстарын даралап ұйымдастырса;
биологиялық заттар мен құбылыстарды таныстыруда қазақтың ұлттық таным, тәлім-тәрбие мұрасы мен ауыз әдебиетін тиімді қолданса.