I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Саусақтарға арналған жаттығулар



бет43/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Саусақтарға арналған жаттығулар

Саусақтарды қосу, жазу, ашу, біріктіру арқылы орындалады.

Білекке, саусақтарға арналған жаттығуларды әр түрлі бастапқы жағдайды сақтай отырып, қол қимылдары арқылы бір уақытта орындауға болады. Мысалы,б.қ.- негізгі тұрыс, саусақтарды ашу. 1- қол алда, саусақтарды қысу, 2- қол жанда, саусақтарды жазут(бүгу); 3- қол төменде, саусақтарды жазу.

Дене қимылдарына үйрету. Бастапқы кезеңде аз тербелісті қарапайым еңкею, шалқаю, бұрылу үйретіледі. Негізгі міндет- қимылды дұрыс орындау. Оқушылар қарапайым жаттығуларды меңгергенен кейін қимылдың көлемі мен тербелесі ұлғаяды. Қимылдардың еңкею, шалқаю, денені айналдыру үйлесімділігі қарапайым жаттығулар түрлерін толықмеңгерілгеннен кейін жүргізіледі. Негізгі міндет- қимылды дұрыс орындау. Оқушыларға қарапайым жаттығуларды үйретубарысында бір уақытта дұрыс дем алуын қадағалау қажет.

Басты еңкейту, щшалқайту және айналдыру қимылдары мойын, шүйде бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қимылдарды орындау барысында басты дұрыс ұстаумаңызды орын алады. Баспен қимыл жасау үлкен тербелісті қимылдары арқылы орындалады.бас қимылдары ең алдымен отырып жасау арқылы үйретіледі, ал тік тұрып жасағанда аяқтың тұру қалпы мықты болуы керек. Болашақта осы қимылдарды қол, дене қимылдарымен үйлестіруге болады, отырып -тұру жаттығулары денеге маңызды салмақ түсіретін жатттығулар. Отырып- тұру жаттығуларын орындау барысында аяқтың, дененің дұрыс қалпын ұстауын қадағалау қажет.Ең алдымен жартылай

Отыру, содан кейін қолды тіреп отыру (гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада) үйретіледі.

Алғашқыда қолдың қарапайым бастапқы қалыптарын ұстау, бірте-бірте бастапқы қалыптарын ұстау қимылдары орындалады.

Отырып- тұру жаттығуларындағы негізгі қалып: аяқ алшақ, өкше бірге, тізе ашық, денені , басты тік қалыпты ұстау.

Жартылай отыру, толық отыру. Бикітен секіру жаттығуларында жерге дұрыс түсу, ұзындыққа секіру, тепе-теңдікті сақтап қалу жаттығулары дұрыс орындалуға көмектеседі. Осы қимылдардың барлығы қолданбалы маңызды орын алады. Жоғары айтылғандарды ескере отырып, оқушыларды жартылай отыру, толық отыруға үйрету барысында аяқтың ұшымен және аяқпен толық отыру, өкшені бірге және аяқты алшақ ұстау қалпын сақтау үйретіледі.

1-2 сынып оқушыларына толық отыру жаттығуларын қолдану қажет емес.

Аяқты тік ұстап, қимылдар жасау. Аяқты бүгу, жазу жаттығуларын гимнастикалық орындықта отырып немесе жатып жасаған тиімді. Бұл жаттығуларды аяқты толық және аяқтың ұшымен жан жаққа қою арқылы үйренгеннен кейін , тік ұстау, бүгу арқылы бірте-бірте бастапқы қалыпты қол қимылдарын күрделендіре отырып өткізеді.

Келесі орындалатын жаттығулармен біріктірілетін

Тапсырма түрлері: отыру, еденге жату, еркін әдіспен тұру, қолды еленге тигізбеу,т.с.с.

Бұл жаттығуларды өткізу оқушылардың дайындығына және өткізілетін орынның санитарлық-гигиеналық жағдайына байланысты болады. Өз бетімен қолды тіреп, сонымен қатар тізбмен тік тұру және қолды тіреп жату түрінде орындалады (26-сурет).

26,27- суреттер

Қолды тіреп жартылай отыру: қолды тіреп оң(сол) аяқпен, бір аяқпен, бір аяқ артта, жанда; тіз мен тіреліп тұру(қолды алма-кезек ауыстыру); қолды тіреп жату; ) алма кезек аяқты артта қалдыру, қолды алға қарай ауыстыру); еліктеу жатттығулары «Құрбаққа қалай секіреді!» (бір уақытта қолды алға қою арқылы алға қарай аяқты итеру) түрінде орындалады.

Қолды тіреп жартылай отыру жаттығулары гимнастикалық орындықта орындалғаннан кейін еденде орындалады. Тізімег тіреліп тұруды негізгі тұрыстан бастау орынды. Бір адым артқа:1)оң аяқпен (сол аяқпен) артқа үлкен адым жасау, аяқтың ұшына қою, қол жанда(бұл тұрыс тепе-теңдіктісақтау)болады. 2) оң тізімен (сол) тұру.

Бір адым алға атта:1) оң аяқпен алға адым жасау (сол аяқ) қол белде, сол (оң) аяқ артта өкшемен тұру.

Бас, қол, денеге, аяққа арналған құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары бір уақытта үйретіледі. Жаттығуларды үйрету барысында қолдың аяқпен, қолдың денемен, қолдың баспен, аяқтың денемен үйлесімділігін табатын қарапайым жаттығулар қолданылады. Жоғарыда аталған жаттығуларды меңгергеннен кейін жалауша, таяқша, доп, құрсаумен қарапайым жаттығулар құрастырып өткізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет