I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет51/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Мазмұны:

Шеттері белгіленген ойын алаңында ойыншыдал өз беттері мен жаттығулар жасап , бірін бірі қуалап , жүгіріп ойнап жүреді. Балалардың қалауымен араларынан бір ойыншыны жүргізуші сайлайды.

Ол қолына түйілген орамалды алып, алыста тұрған бір балаға лақтырып жіберіп «бір, екі, үш»-деп санап, сол ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала ойын жүргізуші қасына жақындап қалғанда, қолындағы орамалын басқа ойыншыға лақтырып, ойынды әрі қарай жалғастыра береді.

Ойын берілген уақыт арасында жүргізіліп, кімдер орамалды аз уақытта көп рет лақтырғаннын , қай құғыншының орамалды тез ұстап алғанын атап өтеді.

Дәл басу

Бұл ойыншының көп-аздығына қарамай жиналғандар дың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болған соң бір бала тас не кішкене орындық сақылды затты қойып, осыны дәл басу үшін балалардың көзін кезекпен байлап 15-20 қадамдай жерге апарып тұрады. Көзі байланған бала қадамдап келіп тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басу керек.Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса , сол былай жеңіп шығады.

Ойын көгалда, жазық алаңда , тегіс аулада өткізіледі.

Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді.

Бұғынай

Ойын жүргізуші ойынға қатысушыларды айнала отырғызып, бірінші Бұғынай, үшінші Бұғынай т.б. деп бас-басына реттік санмен атап шығады да, кезкелген бірін , мәселен, он жетінші Бұғынайды шақырады, аты аталған Бұғынай орнынан ұшып тұрып келесі біреуін шақыру керек. Әдетте малдасын құрып, не жүресінен отырған балалар бірден тез тұра алмай қалады, ал кейбір сасқалақ ойыншы аты аталмаса да, орнынан атып тұрады. Мұндай ойыншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.

Дауыста, атыңды айтамын

Ойыншылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасайды,көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да , қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: дауыста, атыңды айтам,дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі дауысын бұзып шығарады. Шеңбер бойындағы ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады. Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншыны атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса , келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмас, ойыннан шығып қалады.

Қуып жет

Ара қашықтығы 20-30 м жерге екі сызық сызылады.

Бұл сызық көмбе деп аталады. Ойыншылар үш-төрт топқа бөлінеді, көмбенің біреуінде қатарға тұрады. Әрбір топтың біреуінде қатарға тұрады. Әрбір топтың басқарушысы екінші көмбеге барып тұрады. Әр топтың басқарушысы екінші көмбеге барып тұрады.ойынды әр бір топтың бірінші нөмірі бастайды.ойын жүргізушінің белгісі мен бірінші нөмірлі ойыншы жүгіріп келіп , қарсы капитанынының алақанына ұрадыда кері қашады. Оны басқарушы қуып жетуі керек. Егер қуып жетсе , онда басқарушысы ойыншыны өз көмбесіне алып кетеді. Ал жеткізбей кеткен ойыншы өз қатарының соңына барып тұрады.ойын ережесі бойынша ең көп ойыншысы бар топ жеңіске жетеді.

Аңшылар


Жануарлар дүниесінен, аңшылықтан тұындайтын ұлт ойындарының бірі-Аңшылар ойыны.

Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жұргізуші етіп сайлап алады да, жазық алаңға жиналады.

Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (5-10 радиус) бойына, қолына доп беріп , үш жерге үш ойыншыны тұрғызады, бұлар-аңшылар. Қалған ойыншылар үйрек болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. осы кезде аңшылар қолдарындағы доптармен үйретерді атқылай бастайды.Үйректерге доптан бұлтаруға болады. Өлген үйректер аңшыны алмастырады., ал үйректерге тигезе алмаған аңшылар доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш аңшы орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Соқыртеке

Бұзау,

Бота,


Құлыншақ,

Тоқты,


Серке,

Тай,


Торпақ,

Тана,


Тайлақ,

Құнан,дөнен, бесті бар.

Малдың жасын айыра біл, естіп ал.

Бұқа,


Бура,

Айғыр,


Қошқар,

Теке бар.

Сүзегенсің, тентек теке жеке қал.

Көзін байла, теке-теке «Бақ-бақ»,

Соқыр теке қайда бізді таппақ.

Ойын тәртібі:ойнайтын балалар қатар қатар тұрғандар дың әрқайсысын жоғарыды аталғандай мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке » болады, ойын кең бөлмеде де, далада да ойналады. Егер далада ойналса шеңбер сызылып , ойынға қатысушылар осы шеңберден шықпауы керек. Ойынды жүргізуші «тентек текені » ортаға шығарып , көзін таңа бастағанда тентек теке былай дейді:

Әй, қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсем сөзім жоқ.

Маған жақын келіңдер, бір қыз ұстап беріңдер!

Мұнан кейін соқыр текені айнала қоршағанда:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оң көзіңе топырақ

Топырағын алайын,

Тотияйын салайын.

Ал ұстап көр батырым,

Міне келе жатырмын.

деген өлеңдерді бәрі бірдей қосылып айтады. Өлең айтылып болысымен , соқыр теке шеңбер ішіндегі лерді ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. Соқыр теке ұстаған бала , оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет