I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Дене тәрбиесінің міндеттері



бет63/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Дене тәрбиесінің міндеттері

Дене шынықтыру сабағы сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру міндеттеріне негізделген.

Білім беру – оқу бағдарламасында бекітілген материалдарды меңгерумен анықталады. Білімділіктің мақсаты – оқу бағдарламасының жүйелі түрде орындалуын талап етеді. Сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері бір сабақпен – ақ шешілуі мүмкін болса, ал білім беру міндетін орындау ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы: арқанмен өрмелеу әдісін үйрету бір сабақпен аяқталмайды. Бұл үшін бірнеше сабақтар жүйесі керек. Оқушыларға арқанды аяқпен қармау әдісі бірінші сабақта өтсе, бұл сабақ жүйесінің бірінші бөлімі ғана, ал қалған әдістерін келесі сабақтарда үйретіп, арқанмен өрмелеу әдісін меңгертуге болады.

Сонымен бірге дене тәрбиесі, спорт, денсаулықты сақтау, күн тәртібінің сақталуы, дұрыс демала білу, шынығу, дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындау сабақтың білімділік міндетіне жатады. Сабақтың білім беру, тәрбиелік және сауықтыру міндеті үйлесіп отыру керек. Дене тәрбиесі сабағы тәртіп, зейін, ерік, ұқыптылық, қоғам мүлкіне жауапты қарау, достық, жолдастық сияқты қасиеттерді қалыптастырады, қиындықты жеңуге бағытталады.

Сонымен бірге дене тәрбиесі тәрбиелік міндетін шешетін арнайы құрылған сабақтар да болады. Мысалы: мұғалім оқушылардың бойында қиындықты жеңе білу, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен дене шынықтыру жаттығуларының шартын күрделендіреді. Бала бойында алғырлық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру үшін секіру, өз тепе- теңдігін сақтау, шаңғымен өрден секіру ойындарын ұйымдастырады. Балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатымен мұғалім балаларға спортшылардың өмірі, еңбегі, жетістіктері туралы айтып, олардың суреттерін көрсете отырып әңгімелейді. Сауықтыру мақсаты да тәрбиелік мақсаты сияқты әр сабақта бірге қарастырылып отыруы керек. Сапқа дұрыс тұру, дене тәрбиесі сабағының дұрыс өтуі, талапқа сай спорт киімінің болуы, сабақ өтетін орынның санитарлық талапқа сай болуы, сабақтың ашық ауа астында өтілуі осының барлығы дене шынықтыру сабағының сауықтыру мақсатын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет