I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет66/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Сабақтың кіріспе бөлімі

Оқушыларды дұрыс ұйымдастыру- сабақты жақсы өткізудің қажетті шартты. Сондықтан оқушыларды сабаққа даярлау сабақ арасындағы үзіліс кезінен басталады. Сабаққа соғылған қоңырауда оқушылар сапта тұру қажет. Мұғалім қай жерге, қалай және сапты кім басқаратынын айтып, тапсырма береді. Осының бәрін мұғалім бірінші сабақта айтса, келесі сабақтарда оқушылар мұғалімнің көмегінсіз- ақ қойылған талапты орындауға ұмтылады.

Алғашқы сабақта оқушыларды залдың ұзындығы мен араларын 1-2 метр етіп бойларына қарай тұрғызу керек. Осындай сапта оқушы мұғалімді, ал мұғалім оқушыларды еш кедергісіз көре алады. Және де бұл өз орындарын тез жаттап алуға көмектеседі. 1- сыныпта алғашқы дене тәрбиесі сабақтарында балалар мұғалімнің көмегімен сапқа тұрады. Балалар сапта кімнен кейін кім екенін біліп үйренген соң мұғалім сапқа тұруды оқушылардың өздеріне тапсырады. Басында жақсы меңгерген, оқушылар арасында беделді балаға, одан кейін сынып кезекшілеріне сапқа тұрғызуды тапсырады. Қоңырауға дейін немесе қоңыраумен бірге оқушылар сапқа тұрып болады, содан соң кезекші мұғалімнің көзінше Түзел! Тік тұр! деген бұйрық береді. Тік тұр! бұйрығынан кейін мұғалім оқушылармен амандасып, 3- сыныптан бастап оқушылар дене тәрбиесі сабағында мұғалімге мәлімдеме беретін болады. Тек осыдан кейін сабақ басталады.

Кіріспе бөлім жүруден, санаудан, ойын тәрізді жаттығулармен басталуы мүмкін. Ол сабақ жоспарымен және балалардың дене жағдайымен тікелей байланысты. Мысалы, бақылау жұмысынан шыққан, көңіл- күйі түсіңкі балалармен сабақты жүрумен, бұрылумен бастамау керек. Мұндайда, балаларды жалықтырмайтын жаттығулармен бастаған жөн. Керісінше, егер балалар сабаққа психикалық тұрғыдан дайын болса бастай беруге де болады.

Сабақтың басында оқушылардың көңіл- күйін көтеріп, сабаққа қызықтырып, берілген жаттығуды еш қиындықсыз, жақсы орындауға ұмтылдыру керек.

Мұғалім кіріспе бөлімінде оқушыларды сабақтың мақсатымен, тапсырмамен таныстырады. Мұғалім жаттығуларды іріктеуде денені жалпы дамытуға арналған жаттығуларды алу керек, бұл жаттығулар балаға жетік таныс болғаны жөн. Таныс емес жағдайда мұғалім оқушыларды жаттығумен таныстырып, үйретуде көп уақыт жоғалтады. Мұндайда жаттығулар әдетте негізгі бөлімнің соңында жүргізіледі. Кіріспе бөліміне жылдам екпінді құштарландыратын ойындар алынбайды. Кіріспе бөлім сабақтың қай жерде өтетініне байланысты құрылады. Егер сабақ алаңда, салқын ауада өтсе, онда мұғалім оқушылардың бойын жылыту мақсатын көздейді. Мұндай жағдайда кіріспе бөлімге ұзақ уақыт бөлінеді және жалпы дамыту жаттығуларының саны көбейіп, оларды орындау екпіні жылдамдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет