8-9 жастағы қыздарға арналған жаттығулар жиынтығының үлгісі:
Бір орында жүру. 1 минут.
Аяқтың ұшымен тік тұру. Қол жанда, жоғары тарту, бастапқы қалыпқа оралу. 5-8 рет қайталау.
Қолды алға, артқа айналдыру. 5-6 рет.
Отыру – тұру. 5-6 рет.
Еңкею, саусақтың ұшын еденге тигізу. 5-6 рет қайталау.
Жартылай отырып, бір аяқпен ̋ Қарлығаш ̏ жағдайын ұстау. 2-4 секунд. 5-6 рет.
Оң аяқтан сол аяққа отыру. Жағдайын ауыстыру. 5-6 рет қайталау.
Аяқты алға, артқа, жанға сілкілеу. 3-5 рет қайталау.
Денені оңға, солға айналдыру. 4-6 рет қайталау.
Тік тұру, аяқты созу, бүгу ̋ Велосипед ̏ тебу.
Етпетінен жату, бөксені көтеру, белді тік ұстау. ̋ Балық ̏ жағдайын ұсьау. 5-6 рет қайталау.
Қолды орындықта тік ұстау. Қолды созу, бүгу. 5-6 рет
Секіртпемен секіру. 1-3 минут.
Жай жүру. 1 минут.
Су процедурасын қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |