Бастауыш мектеп мұғалімдері: - жас ерекшеліктеріне қарай дене тәрбиесі жөнінен оқу бағдарламасын толық орындауға, сабақты жоғары сапамен қамтамасыз етуге;
- дәрігермен бірігіп оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізуге;
- сабақ өткізілетін орындағы санитарлық-гигиеналық жағдайлардың дұрыс болуын қадағалауға;
- дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу барысында оқушылардан арнайы спорт киімдерін талап етуге;
- дене тәрбиесі жөнінен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыруға, өткізуге қатысуға, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға;
- дене шынықтыру жөнінен үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға міндетті.
Өз білімін жетілдіріп отыру үшін мұғалім үнемі озық тәжірибелермен алмасып, өзара сабаққа қатысады, әдістемелік бірлестіктерге арнайы баяндамалар дайындайды, жұмыс жоспарын, әдістемелік нұсқауларды тыңдайды, талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |