Оқушылардың өз еркімен дайындалуға арналған сабақ түрлері және
олардың мазмұны
Үйде өз еркімен орындалатын сабақтың бір түрі таңертеңгілік гигиеналық бой сергіту жаттығуы, ол адамның дене құрылысының ұйқыдан тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл – күйін көтеруге көмегін тигізеді.
Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуын тереңдетеді, қан айналу жүйесінің қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл – ой қызметін арттырады.
Ертеңгілік бой сергіту жаттығуы төмендегі тәрбиелік міндеттерді де шешеді. Оқушыларды тәртіпке бейімділікке, өзіне деген сенімділікке және белсенді қызмет атқаруға тигізу үшін, төмендегі ережені орындаған дұрыс:
жаттығуды күнделікті үнемі бір уақытта орындау керек (ауырып қалған жағдайда босайды);
жаттығу қысқа және нақты болуы керек;
жаттығу кезінде мұрынмен дем алып, кеуде толғанша ауа жұтқан дұрыс және дем алу жиілігімен жаттығу қозғалыстары сәйкестенуі қажет;
баланың көңіл – күйін көтереңкі ұстау үшін жаттығу музыкамен сүйемелденгені дұрыс. Жаттығу аяқталған соң суда шомылуы, өзіне – өзі массаж жасау процедураларымен ұштастырған дұрыс;
жаттығу дене мүшелерінің қызметін жақсартып, сауығуына көмектесу керек: иық белдеу қол бұлшық еті, аяқ бұлшық еті, омыртқаның иілгіштегі, арқа бұлшық еті қызметі сонымен қатар жүрек – қан жүйелерінің жұмысына себебін тигізуі қажет.
Қорытынды жаттығу (жүру жаттығуын) қызметке түскен ағзаны қалыпты жағдайда түсіруге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |