СЫНЫПТАН ТЫС ДЕНЕ ШЫНЫҰТЫРУ
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстың мақсаты мен мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыруға тәрбиелеу. Бұл жұмыс түрі – жалпы оқу жүйесінің бөлігі болып табылады.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстың өзіне тән ұйымдастыру – әдімтемелік ерекшеліктері бар:
өз еркімен сыныптан тыс уақытта дене жаттығуларымен айналысу;
ұйымдастырылатын жұмыстың мазмұны мен түрі;
оқушылардың ықыласын қанағаттандыруға негізделуі керек;
сыныптан тыс жұмыс дене шынықтыру ұжымы, оқушылар ынтасымен құрылып, мектеп әкімшілігі дене шынықтыру мұғалімінің бақылауымен іске асады;
педпгогикплық ұжым сыныптан тыс жұмысқа әдістемелік нұсқаулар, кеңестер бере отырып, оқушыларға шығармашылық деңгейде жұмыс істеуіне жағдай туғызуы қажет;
сыныптан тыс жұмысты ұқыпты жүргізу үшін төмендегідей талаптарды орындауды қажет;
сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқу үрдісінің мазмұнымен, ұйымдастыру жағынан да тығыз байланыста болуы керек;
сабақ түрінің жан – жақтылығы және түсініктілігі оқушыларды жаппай дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру қажет;
сыныптан тыс жұмыс тәрбие, білім беру жұмысының жалғасы болып, сапалы нәтижесін беруі қажет;
сыныптан тыс жұмыстарға ата – аналар қатысып, біріккен жұмыс ұйымдастыруы қажет;
мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым оқушыларға бағыт – бағдар беріп, өмір талабына сай жағдай жасауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |