Ж Жүсіп Баласағұн үсіп Баласағұни (1021-1075 жж.) толық есімі Жүсіп Хас Хажип Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық «Құтты білік» дастанын Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министрі) атағы берілді. Ол өзінің атақты «Құтты білік» атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. «Құтты білік» – ХІ ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Онда әдеби тілдің тамаша үлгілері көрініс тапқан. Поэманы 1896 ж. К.Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 ж. Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С.Н.Иванов «Благодатная знание» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 ж. бұл дастанды ақын А.Егеубаев қазақ тіліне аударды.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Шығармада философия, астрономия, медицина, тіл білімдері жайында да мәліметтер кездеседі. Түрлі кәсіп иелерінің өмірлері де суреттеледі. Автор еңбегін 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Жалпы «Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады.
М Махмұд Қашғари ахмұд Қашғари (1030-1090 жж.) шын аты Махмұд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Ол Қашғар қаласында туып Баласағұн қаласында өмір сүрген. Махмұд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алды.
Араб тілін жетік білген.Түрік филологиясы мен философиясының ғұлама білгірі. Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» деген әйгілі еңбегі бар. Кітапта ХІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпалары жайында мәліметтер көптеп жазылған. Бұл кітапта бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен-жайларының аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын өзіне аударған шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. Махмұд Қашғари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған. Бұл кездегі әдеби шығармалардың дамуына жаңадан тарай бастаған ислам дінінің әсері мол болды.
Ахмет Йүгінеки Ахмет Йүгінеки (ХІІ ғ.) Түркістан қаласы маңындағы Жүйнек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Махмұд ақын болған. Ахмет араб, парсы сияқты шығыс тілдерін жетік меңгерген. Өз заманының қадірлі де беделді адамы болған. Білімпаздығы үшін «Әдиб Ахмет» (оқымысты деген сөз) атаныпты. Қожа Ахмет Яссауйдың шәкірті. Ол түркі халқы әдеби тілінің қалыптасуына ықпал еткен. Ахмет ЙүгінекиХІІ ғасырда «Хибату-л-хақайық», яғни «Ақиқат сыйы» деген еңбек жазды. Кітап 466 жол өлеңнен тұрады, 20 шақты тақырыптарға бөлінеді. Еңбекте ақиқат, адамгершілік сияқты рухани ойларды қамтиды. Ақынның осы атақты кітабының қолжазбасы Стамбұл мешітінде сақталған. Шығармалары 1444 жылы Арслан, Әмір мен 1480 ж. түрік ғалымы Нәжит Асыл жасаған көшірмелермен белгілі. Түрік тілінде алғаш рет Рашид Рахмети Арат жариялады. Ал қазақ тіліндегі транскрипциясын Әмір Нәжит (1981 ж.) жасады.
Майқы би (Майқы Мәнұлы) ХІІ ғ.соңы - ХІІІ ғ.орта шенінде өмір сүрген. Майқы би атақты би, суырып салма ақын болған. Әкесі-Мән. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болған.