§ 20.Қазақстанның орта ғасырлардағысәулет өнері
Сәулет өнері орта ғасырлардағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп салынып. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасырларда ислам дінінің кең қанат жаюы үлкен әсер етті. Ислам дінінің енуіне байланысты бірнеше діни құрылыстар салынып кесенелер тұрғызылды. Оларды атап айтар болсақ:
- Бабаша хатун кесенесі- бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан.
- Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Төбесі күмбезделген, әсем ою-өрнектермен безендірілген бағаналары бар. Бұл кесене-Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы.
- Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан. ХХ ғасырдың басында бұл кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде кесененің бұрынғы жобасы, ою-өрнектері өшіп кеткен.
- Сырлытам кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Ғимараттың күйдірілген кірпіштен салынған күмбезі бар.
Арыстан баб кесенесі
- Арыстан баб кесенесі - Отырар қаласының батыс жағында 3 шақырым жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Кесенеде 2 бөлме бар. Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан баб VІІ-VІІІ ғасырларда өмір сүрген. Қожа Ахмет Йассауидің рухани ұстазы болған. ХІV ғасырда құлап қалған күмбезді Әмір-Темір қайта салғызды. ХІХ ғасырда кесене бірнеше рет жөндеуден өткен.
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
- Қожа Ахмет Йассауи кесенесі - ХІV- ХV ғасырлар аралығында Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Ол ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын. Кесене Түркістан қаласының дәл ортасында салынған.
Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. Мысалы, Отырар моншасы-ХІ ғасырда салынған ірі ескерткіш.
ХІІІ ғасырда Монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен нұқсан келтірді. ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде ХІV- ХV ғасырларда ірі сәулет құрылыс жүйелері салына бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |