I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 2. Қазақстан қола дәуірінде



бет3/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)


§ 2. Қазақстан қола дәуірінде

Қола дәуірі (б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар). Тас дәуірі аяқталғаннан кейін, қола дәуірі басталды. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі дүниеге келген. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасты, оған мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі себеп болды. Қола дәуірінде бүкіл Қазақстан жерінде мал шаруашылығы жетекші салаға айналды. Тас дәуірінен кейінгі тарихи кезең - қола дәуірі аса ұзаққа созылған жоқ. Дегенмен қола дәуірі аз ғана уақытты қамтыса да ерекшеліктерге толы болды.


Қола дәуірінің үш ерекшелігін атап айтар болсақ:

Қыш құмара
1.
Қола металлургиясы. Түсті металдар, оның ішінде алтын, өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірінде кен орындарын табылуы бұған дәлел.
2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Мал өсіру негізгі кәсіпке айналды. Үй жануарларының түрі көбейді.
3. Егіншілік. Егіншілік біршама дамыды. Металлургияның, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы ер адамдардың қоғамдағы рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастардың орнына аталық отбасылық рулық қатынас орнады.
Қола дәуірі бірнеше тарихи кезеңдерге бөлінеді:
1. Нұра кезеңі.
2.Атасу кезеңі.
3.Беғазы-Дәндібай кезеңі.
Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен орындары, тағы басқа археологиялық ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Себебі, Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1914 жылы Б.В.Грязнов ашты. Қола дәуіріндегі ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы - Арқайым. Ол Қостанай және Шелябі облыстарының шекарасында орналасқан. Қола дәуірі тұрғындарын «мық» деп атаған. Бұл атау иран тілдес халықтарда да бар. «Мық» сөзі аласа бойлы, бірақ мығым дегенді білдіреді. Андронов мәдениетінің аумағы негізінен бүкіл Қазақстанды қамтиды. Қазақстандағы қола дәуір ескерткіші ең көп шоғырланған жер - Орталық Қазақстан. Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан аса мекені, 150-ден аса моласы табылды. Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Орталық Қазақстан жерінен қола дәуірінің теңдесі жоқ ескерткіштері - Беғазы-Дәндібай мәдениетін қазақтың біртуар ұлы, академик Ә.Х.Марғұлан ашты. Бұл аймақтан 50-ден аса қорған табылған. Андронов мәдениеті кезеңіндегі тайпалар геометриялық өрнек салуды білген. Адамдар мыс пен қалайыны қосып қорытуды үйренген. Ол б.з.д. 2 мыңжылдықта басталған.
Андроновтықтарда негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине егіншіліктің болғанын көрсетеді. Жерді тесемен өңдеген, сондықтан сол кездегі егіншілік «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірілген. Мал шаруашылығымен қатар егіншілік андроновтықтардың негізгі кәсібі болды. Мал шаруашылығымен айналысқан қола дәуірі тайпалары қой, жылқы, сиыр малын өсірді. Қола дәуірінің тайпалары үнді-ирандық тілде сөйлеген. Андроновтықтар еуропоидті. Олардың сырт бет-бейнесін академик В.П.Алексеев зерттеген. Жекеменшік қалыптасты. Әлеуметтік теңсіздік орнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет