I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Шаруашылығы мен мәдениеті



бет14/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

Шаруашылығы мен мәдениеті. Оғыздар шаруашылығының орта ғасырдағы көшпелілер кәсібінен көп айырмашылығы болған жоқ. Оғыздар жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты.
Сыр бойы мен Арал маңы мал шаруашылығымен айналысатын оғыздардың негізгі мекені. Жалпы Ұлытаудан батыстағы Каспийге дейінгі аралықта да оғыздар мал шаруашылығымен жылдың төрт мезгіліндегі тұрақты қонысы ретінде пайдаланды.
Ал оңтүстіктегі Жент, Сығанақ, Фараб, Сауран маңы егіншілікпен айналысатын оғыздардың мекеніне айналды. Оғыздардың көші-қонға лайықты, арба үстіне тігілген үйлері болған. Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты дамыған түрі мал өнімін өңдеу болды. Күнделікті тұрмысқа темірден, ағаштан қажетті әртүрлі заттар жасаған. Ұлы даланың орталық бөлігінде оғыз қалалары аз болған жоқ. Араб географтары оғыздардың бірнеше қалаларын атайды. Мысалы, әл-Идриси жазбаларында: Дармах, Нуджах, Бадагах, Джаджан, Маркашан, Дарту, Дарант, Тарбан, Таргуз, т.б. айтылады.Махмұд Қашқари Қазақстанның оңтүстігінде Өзкент, Сығанақ, Қарнақ, Сауран тағы басқа қалаларды Оғыз елінің гүлденген шаһарлары дейді.
§ 13.Қимақ қағанаты (ІХ ғ.соңы - ХІ ғ.басы)

«



Қимақ қағанаты
Қимақ» деген атау орта ғасырлардағы араб, парсы авторларының жазба деректерінде жиі кездесіп отырды. XI ғасырда Махмұд Қашқари «Диуани лұғат-ат түрік» деген еңбегінде қимақ елін «имақ» деп атаған. Қимақтар VІІ ғасырдың басында Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеген. Орта ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар дейді. VІІІ ғасырдың екінші жартысынан ХІ ғасырдың басына дейін қимақтар Қазақстан жеріне қоныстана бастаған.
Сонымен ІХ ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылған. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттың орталығы Ертіс өзенінің бойында Имақия қаласы болды. Бұл ортағасырлық саяхатшылардың жазуына қарағанда темір қақпалы бекінісі, зәулім ғимараттары бар ірі қала болған. Қимақ қағанаты көршілерімен сауда қарым-қатынастарын орнатқан. Қимақ тайпаларының басшысы «Шад-тұтұқ» деп аталған. Шонжарларға «ұлы қаған», «кіші қаған» немесе «Ябғу шад» деген лауазымдар берілген.
Қимақ мемлекетінде билік мұрагерлікпен атадан балаға ауысып отырады. Қаған мемлекеттің жоғарғы билеушісі әрі әскери қолбасшысы болып есептеледі. Қимақ елінің ұйтқысы 12 тайпадан құралады.
ХІ ғасырдың аяғында Қимақ мемлекеті ыдырап, үкімет билігі бұрын қимақтарға тәуелді болған Қыпшақ тайпасының қолына көшті. Бұдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының құрамына еніп, қыпшақ деп аталып кетті.
Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басындағы Қимақ мемлекетінің құлауы Ұлы дала көшпелі тайпалардың жаппай қоныс аударуымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет