I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Шаруашылығы мен мәдениеті



бет16/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

Шаруашылығы мен мәдениеті. Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығымен және ішінара егіншілікпен де айналысқан. Төрт түлік малдың барлығын дерлік өсірді. Әсіресе жылқы мен қойдың маңызы жоғары тұрды. Жылқы қыпшақтардың мүліктік жағдайын анықтайтын негізгі байлық көзі саналды. Қыпшақтар асыл тұқымды сәйгүлік жылқыларды Иран, Египет саудагерлеріне 100-500 динарға дейін саудалап отырған. Түйені көлік ретінде пайдаланды. Оларда тұрмыстық кәсіп, қолөнер де жақсы дамыған.
Сонымен қатар қыпшақтарда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған. Қыпшақтар егіншілікпен де айналысқан. Негізінен тары өсірген, аздап бидай мен арпа да еккен. Бұл жайында Әл-Омари мен еврей саяхатшысы Петахья да өз естеліктерінде келтірген. Қыпшақтар арасында аңшылықпен де айналысқандар болды. Арқар, тауешкі, ақбөкен, бұғы, құлан аулаған. Аңдарды тамақ үшін, сонымен қатар бағалы терісі үшін аулаған.


§ 15.Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.)

Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Қарахан мемлекетінің құрылуына Жетісу жеріндегі қарлұқтың шігіл, яғма тайпалары зор рөл атқарды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы – Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін сияқты түркі тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі – қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын.


Қарахан мемлекетінде жер иеленуді «Иқта», ал иеленушілерді «иқтадар» (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді «муқта» деп атаған. Қарахан мемлекетінде 955 жылы Сатұқ-Боғра хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына Мұса отырады. 960 жылы Мұса хан ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Ондағы мақсат мемлекет іргетасын нығайту еді. 960 жылы Мұса өлгеннен соң билік Әли Арсланның қолына көшеді. Х ғасырдың соңында қарахандықтар самани әулетінің иелігінде Испиджаб, Самарқан және Бұқар қалаларын басып алады. Әли Арсланның баласы Насыр ибн Әли Х ғасырдың соңында бүкіл Мауреннахр жерін бағындырады. ХІ ғасырдың 30 – жылдарында Қарахандар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. Кейін Самарқантқа ауысты. Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды.
Қарахандықтар мемлекетіндегі билеушілер өз аттарынан теңге шығара алды. ХІ-ХІІ ғғ. Қарахандықтар мемлекеті өзіне Мәуреннахр мен Жетісу жерлерін қосып алды. Екі қағанатқа бөліну кезеңі жарты ғасырға жуық созылды. Қарахан мемлекеті алғашқы кезде түрік қағанатының дәстүрлерін жалғастырғанымен, оны экономикалық және әлеуметтік тұрғыда қайталауды жөн көрмеді. Бұл мемлекет Орта және Алдыңғы Азияның түрік империясында жедел әрі толық дами бастады. 1141 жылы Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына көшті. Шаруашылығы мен мәдениеті. Қарахандар кезеңінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі халықтар негізінен көшпелі ж
Қарахан кесенесі
әне жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру алдыңғы орында болды. ІХ-Х ғасырларда Қарахандықтардың бір бөлігі отырықшылыққа және егін шаруашылығына бет бұрды, сөйтіп қала мәдениетіне көшті. Егіншілікпен қала маңын қоныстанған халықтар айналысты. Қарахандықтарда төрт түлік малдың барлығы өсірілді. Жүсіп Баласағұнның дерегі бойынша қарахандықтарда жылқы малының маңызы зор болған. Ал, діни қызметкерлер мен әскери адамдар ірі жер иеліктерін өз қолдарына шоғырландырған. Қарахан дәуірінде қала мәдениеті ерекше дами түсті. Қала мәдениетінің дамуы қолөнердің өркендеуіне барынша әсер етті.

Әсіресе қарахан дәуірінде құрылыс заттарын, зергерлік бұйымдарды, құмыра жасау ісі кең етек алды. Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуі қарахандықтардың мәдениетіне де біршама әсерін тигізді. Ислам діні қала мәдениетінің дамуына маңызды рөл атқарды. Қалаларда мешіттер көптеп салына бастады. Ең алдымен араб жазуы Қазақстан жеріне кең тарай бастады. Қарахан мемлекетінде сәулет өнері әсіресе Х-ХІІ ғасырларда шарықтады.
С

Айша бибі кесенесі
ол кездегі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі –
Қарахан кесенесі, Айша бибі, Алаша хан, Бабаша хатун, Сырлытам күмбездері, Әулие ата мазарлары қарахандықтар сәулет өнерінің нағыз туындылары. Қарахан мәдениетінің ірі орталықтары – Тараз, Испиджаб қалалары болған. Ортағасырлық жазушылар Таразды «Саудагерлер қаласы», Испиджабты «Саудагерлер кен бұлағы» деп жырлаған. Қарахан дәуірінде әдебиеттің дамуы да қарқын алды. Қарахан дәуірінде ұлы ғұламалар Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» атты еңбектерін жазған, өзге де атақты адамдар өмір сүрген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет