I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


VІ ТАРАУ. ХVІ-ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ



бет39/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

ТАРАУ. ХVІ-ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


§ 34. Қазақ-жоңғар қатынастары

ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастап жоңғарлармен күрестің шиеленісуіне байланысты Қазақ хандығы терең дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім мен Тәуке хандардың саясаты негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін шайқалтты. Тәуке ханның өлімінен кейін қазақтардың өмірінде тұтастай сәтсіздіктер басталды. 1717-1718 жылдары қазақ әскерлерінің талқандалуы, Тәукені алмастырған Қайып ханның өлімі, 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыда» Болат ханның өлімі хандықты әлсіретті. Тек ХVІІ ғасырдың 20-жылдарының аяғына таман «сыртқы қауіп ішкі өзара қырқыстарды ымыраластырып, жауға қарсылық көрсетуге бағыттаған кездерде ғана қазақтар жоңғарларға тойтарыс бере алды» деп жазады А.И.Левшин.


Жоңғар деп ХVІ-ХVІІ ғасырларда Ертістің жоғарғы ағысы, Алтай тауларының етегін мекендеген батыс монғол тайпаларының одағын атайды. «Жоңғар» сөзі қазақшаға аударғанда «Сол қол» дегенді білдіреді және бастапқыда осы одақтағы басты тайпалардың бірі - чоростар мен ішінара дүрбіттердің атына ғана қатысты болды. Шын мәнінде бұл одаққа азды-көпті торғауыттар мен хошоуыттар да кірді. Орталық Азияның түркі тектес халықтары бұл тайпаларды «қалмақ» терминімен атайды. Ал орысша атауы «калмык». Қытай деректерінде оларды «элют» деп те атайды. Батыс монғол тайпаларының шын атауы «ойрат» немесе «дүрбіт-ойрат» - төрт тайпаның одағы дегенді білдіреді.
Жоғарлардың күшеюі чоростардың билеушісі Батурдың билікке келуімен байланысты, ол ойрат көсемдерінің ішінде алғашқы болып «қонтайшы» титулын алды. 1635 жылы оған Тарбағатай аймағында Ұлан-Урга елді мекенінде ойрат тайпаларының көсемдерін құрылтайға жинауға мүмкіндік туды, онда «Дала ережесі» (Цааджин бичиг) деп аталатын заң қабылдады. 1635 жылғы қалмақ ақсүйектерінің құрылтайынан соң Қазақ хандығының шығыс шекарасына шапқыншылықтар жиілеп кетті.
Жоңғарлар қазақтардың солтүстіктегі далаларына белсенді түрде жылжи түсті, ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарының өзінде-ақ Ертіс өзені мен Балқаш көлінің арасындағы аумақ іс жүзінде жоңғарлардың бақылауында болды. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында қонтайшының ордасы орналасты. Қазақ хандығына жоңғар шапқыншылықтарының жаңа толқыны Галдан-Бошохту ханның есімімен байланысты.
ХVІІ ғасырдың 80-жылдары қазақтарды жоңғарлар Жетісудан ығыстырып шығарды. Қазақтар мұнда отырықшы орталықтарын, құнарлы жайылымдарын жоғалтты. Қазақстанның оңтүстігі ойраттарды қатты қызықтырды. Орталық Азияның тарихындағы көне кезеңнің өзінде бұл аймақта орасан көп қалалар пайда болды, олар көшпелі және отырықшы тайпалар сауда байланыстарының орталықтары болатын.
Тараз, Сайрам, Отырар, Түркістан және тағы басқа қалалар Сарыарқаның көшпелі тайпалары үшін игілік көзі еді. Қарапайым тұрмысқа қажетті бұйымдардан бастап, матаға дейін осы қалалардан сатып алынатын. Бұл отырықшы өңірге саяси үстемдік оларға билік құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті алым-салықтарды жинауға мүмкіндік берді.
1717-1718 жылдары жоңғарлардың қазақ хандығына басып кіруі ішкі қайшылықтарға әкеп соқты. 1718 жылы жоңғарлар Жетісудан өтіп, Арыс, Бөген, Шаян өзендеріне дейін жорыққа шықты, басты мақсаты хан орталығы Түркістанды жаулап алу еді.
1722 жылдың аяғында Қытайдың маньчжурлік билеушілерімен бейбіт келісімге келген жоңғарлар 1723 жылы көктемде Қазақстанға жойқын шабуыл жасауды жоспарлады. Бұл жорық қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.
1723 жылы Жоңғар шабуылының нәтижесінде қазақ тайпалары өздерінің ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды, халық аштықтан қырылды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» - адамдар жаяу жүргеннен табандары қажалған, көлдің жағасында әл-күштері жоқ, құлап, шаршаған деген мағынада сөз қалған. Осы кезде қазақтың зарлы «Елім-ай» әні дүниеге келді.

Әбілқайыр хан
ХVІІ ғасырдың аяғы - ХVІІІ ғасырдың басында хандықтың ішкі саяси жағдайы өте ауыр болды. Тәуке хан өлгеннен кейін жоғарғы билікті басқаратын лайықты адам болған жоқ. Қайып хан мен Әбілқайыр ханның жоңғарларға қарсы күресі нәтижесіз аяқталды. Екі билеушінің арасында қайшылықтар мен келіспеушіліктер орын алды. Сондай-ақ, хандардың орталықтанған мемлекет құру, ұлыстар мен жүздерді біріктіру жөніндегі ойлары жүзеге аспады.

Қазақ хандығына жоңғарлардан басқа батыс жақтан Еділ қалмақтары, солтүстіктен сібір казактары, башқұрттар, оңтүстіктен ортаазиялық мемлекеттер жиі жорықтар жасап отырды. ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары қазақтардың өмірінде өте ауыр кезең басталды. Бұл ауыр жағдайдыңболуы соғыспен және жұтпен байланысты болды. Ол қазақтардың шаруашылығына көп нұқсан келтірді.
Қазақтар жоңғарлардың қысымынан батысқа қарай ығысты. Ұлы жүз Ходжент арқылы оңтүстікке жылжыды. Орта жүз Самарқанға және Бұхараға қарай бет алды. кіші жүз Хиуа мен Еділ бойына ығысты. Ташкент, Түркістан бастаған 32 қала жоңғарлар қолында қалды.
Бұл ауыр жағдайдан шығудың басты жолы ұйымдасқан түрде жауға қарсы төтеп беру, яғни жоңғарлардың батысқа қарай жылжуын тоқтату еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет