I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 70.Қазақстанда ұлттық-демографиялық құрамының өзгеруі



бет83/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
§ 70.Қазақстанда ұлттық-демографиялық құрамының өзгеруі

1930-1950 жылдары халықтың ұлттық-этникалық құрамында ауқымды өзгерістер жүріп жатты. Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің саны 30-жылдардан бастап жылдам өсе бастады. Осыған қарап 30-жылдарды геноцид және тың игеру қазақ халқын тарих сахнасынан біржолата құрту үшін жасалды деп жорамалдауға болады. 1938 жылы республика халқының саны өзгерді. Республиканың жалпы тұрғындарының саны 1939 жылы 6094 мың адам, оның ішінде республиканың ірі этностары: қазақтар - 2311 мың, орыстар - 2449 мың, украиндықтар - 657 мың, немістер - 93 мың, ұйғырлар - 35 мың, татарлар - 107 мың, корейлер - 96 мың, әзірбайжандар - 12 мың, басқа ұлттар - 197 мың адам болды.


Маңызды демографиялық жағдай орыс тұрғындары үлесінің өсуі мен қазақтардың үлес салмағының кемуі еді. 30-жылдары Қазақстанға өзге ұлттарды қоныс аударту кеңінен жүргізілді. Өлке аумағына елдің орталық аймағынан халық көптеп келе бастады.Бұл кезеңнің қоныс аудару саясатын үш бағытқа бөлуге болады. Өндірістік, ауыл шаруашылық және күшпен, жазалау тәртібімен қоныс аударту. 1928-1932 жылдары РКСФР-дің басқа республикаларынан елімізге 100 мыңға жуық шаруашылық көшіп келді. Ашық және ресми түрде жүргізілген жоспарлық қоныс аударудан басқа 30-40 жылдары әлеуметтік, кейін ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аудару ісі кеңінен жүргізілді.
Ұжымдастыру науқаны басталысымен арнайы қоныс аудару бұқаралық сипат алды. 1930 жылы көктемде Қазақстанға 0,5 млн «арнайы қоныс аударушылар келді». Ал 1937 жылы Қазақстанға жапон барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған 95 мың 903 адамнан тұратын корей диаспорасы Қиыр Шығыстан көшіріліп қоныстандырылды. 1939-1941 жылы Батыс Белоруссия мен Батыс Украинадан, Балтық жағалауындағы Кеңестік республикалардан поляктарды қоныс аудару (депортация) жүзеге асырылды. Санақ бойынша депортация алдында 1939 жылы Қазақстанда 54,7 мың поляк, 3,6 мың латыш, 808 литвалықтар және тағы басқалар тұрған.
1941 жылы 28 тамызда фашистермен байланысы бар деген айыппен 349 мың 713 неміс, 1944 жылы ақпанында ингуштер мен чешендер, наурызда башқұрлар, қарашада түрік месхетиндер Қазақстанға күштеп қоныс аударылды. 1946 жылы қазанда елімізде 890698 арнайы қоныс аударушылар болды. Күштеп қоныстандыру күндерінде бұл адамдардың біразы аштық пен ауру салдарынан қаза тапты. Аман қалғандары еңбек армияларында жұмыс істеді. Олардың жаңа қоныстарын тастап кетуіне тыйым салынды. Бұл жағдайды бұған адам 20 жылға дейін каторгалық жұмысқа жегілді.
Жалпы алғанда Қазақстанда 30-50 жылдары қоныстанушылар саны, ГУЛАГ тұтқындарын санамағанда, орта есеппен 1560 мың адамға жетті. 1939-1959 жылдар аралығында халықтың өсуі 310234 адамды құрады. 1959 жылдары республика халқы 9,3 млн адам болды.
Қазақтар саны өз жерінде азайып 30%-ды ғана құрады, орыстар - 42,7%, украиндар - 8,2%, немістер - 7,1%, татарлар - 2,1%, өзбектер - 1,5%, белорусьтар - 1,2%, ұйғырлар - 0,6%, корейлер - 0,8% және тағы басқа ұлт өкілдері - 5,9% болды.
Бұл кезеңде қазақ халқының тағыдырына зор қауіп төнді. Тоталитарлық режим Қазақстанды қоныс аударушылар лагерне, ГУЛАГ, концлагерьлер еліне айналдырып жіберді. Қазақ халқы сталиндік саясат құрбандарын құшақ жая қарсы алды. Олармен азық-түлігімен бөлісті, қайғысына ортақтасты, өздері аш-жалаңаш отырғанына қарамай, бала-шағасының аузынан жырып оларға көмек көрсетті. 1954 жылы Қазақстан жазушыларының съезінде М.Шолохов былай деді: «Соғыс уақытында менің отбасыма пана болып, қамқорлық жасаған қайырымды және ұлы қазақ халқына алғысымды білдіремін» деген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет