I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 71.Тоқырау жылдарындағы Қазақстан



бет84/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99
§ 71.Тоқырау жылдарындағы Қазақстан

ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасында 70-жылдарының басында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. «Тоқырау жылдары» деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті.


Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Өйткені 50-60 жылдардың ортасында басталған реформалар тоқтатылды. Қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеру мүмкін болмады, сонымен қоса кеңестік тарихтағы осы жылдар игілікті, әсіресе халықтың тұрмыс деңгейіне байланысты жақтары жағымды болғандығы құпия емес.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісі өсімінің орташа көрсеткіші өсті. 1966-1970 жылдары халық шаруашылығы кешені жоспарлы экономиканы енгізген кезден бастап өз өсуінің шарықтау шегіне жетті. Республика КСРО-ның аса ірі өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Ал 1970-1985 жылдары республиканың индустриялдық қуаты белгілі бір мөлшерде өсті. Мыңға жуық жаңа кәсіпорындар мен цехтар іске қосылды.Соның ішінде қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резинотехникалық бұйымдар зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Екібастұз және Ермак ГРЭС-і, Қапшағай ГЭС-і және тағы басқаларды атап өтуге болады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша Қазақстан КСРО-да 3-орын алды (РКФСР мен Украинадан кейін).
Ал аграрлық секторда ауыр жағдай қалыптасты. Ауыл шаруашылығына капитал салу, оның энергетикалық қуатының өсуіне қарамастан жалпы өнімнің көлемі өспек түгілі, қайта керісінше тұрақты түрде азая түсті.
Қазақстан өзінің аумағында дүниежүзілік қара топырақ қорынан 23-орында, ауыл шаруашылық алқаптары көлемі бойынша 1-орында бола тұра, ірі қара мал, қой, шошқа және құс өсіру жағынан көш басында, Ұлыбританияға қарағанда 10 есе және Данияға қарағанда 40 есе көп тауар айналымына ие бола тұра КСРО-ның азық-түлік базасы болып қала берді. Бір сөзбен айтқанда, саны бар, сапасы жоқ экономикалық жүйе қалыптастырды.
ХХ ғасырдың 70-жылдары шаруашылықты жүргізудің, жоспарлаудың және ынталандырудың механизмдерін жақсартуға қаншама тырысушылық болса да, қажетті тиімділікке қол жетпеді. 70-80 жылдардағы дағдарыстық құбылыстардың өршуіне бәрінен бұрын әкімшілік-әміршілдік жүйе кінәлі. Басқарудың экономикалық емес командалық әдістері еңбекшілерді өндірістен жатсындырды, шаруаны қырсыздыққа, өз бетінше жұмыс істей алмаушылыққа жеткізді. Осы жылдардағы қоғамның дамуы КОКП-ның өзінің мәні жағынан экстенсивті және халыққа қарсы экономикасы әбден құлдырап, жүйенің түбегейлі қиратылуын талап етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет