1.3. Этнопедагогикалық ойлардың тарихы. Ежелгi дәуiрдегi
тәлім-тәрбиелік ойлар
1. Құлпытасқа жазылған Түркi ескерткіштерінің бірі Орхон-Енисей жазбалары деп аталады. Төл тарихымыздың ең құнды ескерткіштерiнiң iрiсi, түркі жұртының ортақ мақтанышы болып танылатын тас ұстын («Түркі қағанаты туралы сөз>>) ежелгi түркiлердiң тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты дарытұан жаужүрек батыр, ұланғайыр кең өлкенi еркiн билеген даланың қайсар жауынгерi Күлтегiннiң адами қасиеттерiн жырлайды. Тас жазуларда ерлiк пен ездiк, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсiздiк, тәлім-тәрбие мәселелерi әсем айшық өрнектермен жанды бейнелерге толы сезiм, толғаныс-тебiренiстермен баяндалады. Кұлпытастарда жас жеткіншектерді елiн, халқын сүюге, үлкенді сыйлауға, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп, тәрбиелеу жайындағы мәселелер жайында сөз болады. Батыр бабамыздың 732 жылы Моңғолия дағы Орхон өзенінің бойына тұрғызылган ескерткiшiнiң дәлме-дәл ғылыми көшірмесі Елбасы Н. Назарбаевтың қолдауымен 2001 жылы Астанаға жеткiзiлген еді. Сөйтіп, ол
Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратына орын тепті. Култегiннiң келуi студенттерге ерекше рух берді. Халықтың тәрбие туралы ойларын
ежелгi ескерткiштердiң бiрi, құнды шығарма болып табылатын «Кабуснамадан» окуга болады. Оны Кей-кабус (1082-1183) деген ойшыл жазған. Ол өз шығармасын ұлына арнаған. Шығарманың 43 бөлiмiнде нәпсiнi тыю, тамақтану әдебі, шарап ішу, кулкi, әзіл ережелерi, шахмат, дойбы ойнау, махаббат этикасы, жыныстық қатынастың пайдасы және зияны жөнінде айтылады.Тасқа жазылған дастандардын тәлiм-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі - Қорқыт ата тағылымдары.
2. Қорқыт ақылшы, ғалым, жыpay, сазгер, ең тұңғыш қобыз сарынын тудырған адам. Қорқыт шығармаларының негізгі өзегі - жас ұрпақ қамы,ата-ананы құрметтеу, тәрбиедегі ата-ана жауапкершiлiгi. Қорқыт сөздерінің негiзгi тақырыбы - ата-ана атына кiр келтірмейтін бала тәрбиелеу. Шығармаларының негiзгi желiсi - балаларды ата-баба өсиетіне адалдық, батырлық рухында тәрбиелеу. Қорқыттың педагогикалық көзқарастары адамды адамгершiлiкке тәрбиелейтiн қанатты, үлгілі сөздер, өсиет нақылдар көптеп кездесетін «Қорқыттата кiтабында» орын алған. Мысалы, «Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы>>, <<Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұлтжаман>>, <<Жiбек шатырдың жiбi көрiктi,өнегелі болса бала көрікті», «Шiрiген мақтадан мата шықпайды, нагыз жаудан дос шықпайды». «Өтiрiк сөз өрге баспас>>, <<Топырақ төбе болмайды».«Тәкаппарды тәңір сүймес », т.б. Қорқыт
ата адам емiрiнiң қысқалыгына наразы болды.Қорқыт ата өзiнiң еңбегiнде нақты тарихи деректерді негізге ала отырып, адамгершілік асыл қасиеттерді, батырлардың ерлiк iстерiн, өзiндiк ерекшелiктерiн, өнерiн (ақындық, қобызда ойнау өнерін), әдемілікке деген көзқарасты, адамдар арасындағы кіршіксіз таза достық сезiм, қарым-қатынастарды (мысалы, Домрул, Угенек батырдың, т.б.), адамгершiлiк пен ерліктің бастауы отбасында қаланатынын, оның дұрыс қалануына, әсіресе әйел-ананың рөлiнiң жоғары екендiгiн балалар мен жастарға үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен жырлайды.Қорқыт адамгершiлiк пен ерлiк отбасында басталады деген. Коркыт адамгершiлiк пен ерлiктiң дұрыс қалануында әкенің релiн жоғары бағалады.Қорқыт ата нысапсыз әйел, кесiртәйел, ниетi қара әйел, үйдің құты болатын әйел деген әйел түрлерін
анықтап, әйел-ананың қоғам дамуына негіз болатындай ұлағатты болуын
уағыздайды. Оның жырларында перзентке зар болған қарт ата-ананың қасiреттi өмiрi жиi қайталанды. <<Ана -ердiң серігі, ұрпақтың ұлы анасы,
сондықтан ананы құрметтеу – кiсiлiктiң белгiсi» деген де Қорқыт атамыз. «Жат баласы қанша сақтасаң да ұл болмас>> деп әркімнің өз перзенті болу керектiгiн ескертеді. «Ажал уақыты жетпейінше ешкiм өлмес>> деп адамдарды оптимизмге шақырады.Ә. Марғұланның сөзімен айтқанда, «Қорқыт ата туралы аңыздар Орта Азиядағы түркi тiлдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескi оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт ата туралы айтылатын тарихи жырлар, аныздар, әні күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады ». Қорқыт ата жайлы айтылған аңыздарды жинақтай келе, Ә. Қоңыратбаев ол туралы өзінің пікірін былай тұжырымдайды: <<Біріншіден, ол - оғыз-қыпшак ұлысынан шыққан айтулы бақсы, шаман.Ә. Диваев <<Баксы (бахши) - шағатай сөзі, ол балгер, сиқыршы деген ұғымын береді». Бұл сөздер манжур елінде де бар. Оларда бақсы ақылшы, ғалым дегендi бiлдiредi. Екiншiден, Қорқыт - күйші музыкант, ең тұңғыш қобыз сарынын дүниеге әкелген адам. Үшіншіден, Қорқыт - эпос айтушысы, әйгілі жырау. Оның жырлары оғыз-қыпшақтардың өмiрiнен қалған әдеби-тарихи мұра».Қысқасы, Қорқыт атаның қайбір жырының болмасын тәрбиелік мәні жоғары. Олардың мазмұны қазақ эпостарына сай баяндалады. Жырлардағы батырлардың ерлiк дәстүрі, халыққа, туган елге, дәстүрге деген сүйіспеншілігі, өмірге дегенқұштарлығы, ақылдылығы, ғашықтық сезiмдерi жеткіншектерге үлгі болумен бірге, таза адамгершілік қасиеттерiнiң негiзiн қалыптастыруға көмектеседі.
3. Қазақ даласындагы ойшылдардың iшiндегi ең iрi тұлғаның бiрi, сол кездің өзінде-ақ Аристотельден кейiн «екiншi ұстаз>> атанған, білім ғылымның барлық саласында кайталанбастай өшпес мұра қалдырган Әбу Насыр әл-Фараби болды.Ғұлама ойшылдың педагогикалық көзқарастары оның көптеген шығармаларында орын алған. <<Бакытка жол сілтеу>>, <<Бақытқа жету туралы»>, <<Адамзаттық саясат», «Қайырымды қала тұрғындарының көзкарасы» деген шығармаларында ол моральдык-адамгершiлiк тәрбиесіне баса назар аударады. <<Адамдар бақытты болу ушiн бiр-бiрiне көмектесуі керек>>, <<бірлескен қала-iзгi қала» деген. Тән мен жан саулығының бiрлiгiн бiрiншi айтты. Жетiлген адамды қалыптастырудың жетекші құралы болып тәрбие мен бiлiм саналады, осылардың негiзiнде жеткіншектердiн адамгершілік асыл қасиеттері, ой-өрiсi жетiледi деп ескертеді. <<Адамды тек оқу-бiлiм арқылы жақсартуға болады» дейді.<<Ұстаз шәкіртке адал, сыпайы, iзгi, әдiл болу керек>> деген.<<Адамды бақытты ететiн жақсы мiнез-құлық, жақсы да, жаман да мiнез жүре бара пайда болады» деген. Адамгершiлiк қасиеттерге батылдықты,жомарттықты, мейірімділікті, шыншылдықты, достықты, т.б. жатқызады. Өзiнiң iс-әрекеттерінде тәрбие мен оқытуды бiр-бiрiмен бiрiздiлiкте ұштастыра қарастырады.Адамгершiлiк қасиеттердің туа бітпейтiнiн, тек тәрбиенің мазмұнына, оның барысында пайдаланған мақтау, бетiне басып ұялту, кезiн жеткізу, көндiру сияқты амалы жолдарға, жаттығулардың нәтижесiне, қоғамдық ортаға байланысты екендiгiн айтады.Әл-Фараби жақсы адамды тәрбиелеуге жаман мінез-құлық, рухани дерт саналатын надандық, жамандык. құбылмалылық, адасу кесiрiн тигiзедi деген. Ойшылдың пiкiрiнше, жағымды адамгершілік қабілеттерді бала бойына тек адамгершiлiгi жоғары, жаңа заманның талабын педагогикалык талаптармен үндестікте пайдалана алатын, өзiнiң тұла бойында табиғи қасиеттердi бiрлiкте ұстай алатын адам
ғана жүзеге асыра алады. Адамға қажет он касиетке: алдын ала мақсат етiп қойған iсiн жүзеге асыру үшін ең алдымен мүлтіксіз денсаулықтың болуын; табиғатынан өзіне айтылғандарды жақсы түсiнiп, кабылдап, айтып тұрган адамның нені болжап тұрғанын ой елегінен өткізіп, түсінгенін, көргенiн,естiгенiн есте сақтап, еш нәрсенi ұмытпау керегiн;
- ойлаған iсiне сауатты тiлмен толык
тусiнiк берiп мазмундай бiлуiн;
- білімге, оқуға шаршамай, талмай, суйіспеншілікпен талпынуын;
- тамакка, ас-суга, басқа да сүйсіну сезiмдерiне ұстамды болуын;
шындықты, шындықты қолдаушыларды құрметтеп, өтiрiктен бойын аулақ ұстауын;
- ар-намысты бағалай бiлуiн;
- адамдармен қарым-қатынаста кыңырланбай, әділ болуын;
- қажет деген жағдайда шешімділік керсете бiлуiн;
- кунделiктi тiршiлiктегi мәселелердiң шешімін табуда акыл-парасатка
жүгіну қажеттігін, т.б. жатқызады .Адамның<<Акыл-парасат кушi тойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердi ұтынуына және жақсылық пен жаман кылыкты айыруына көмектесетiн күш ».депитұжырымдайды. Арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымын тәрбие беретiн ғылымдар деп атады. Әл-Фараби, әсiрece математика ғылымын меңгеруге ерекше көңiл бөлдi. «...Бiлiмдi болу деген сез, - деп жазды ол, - белгiсiз нәрсені ашу қабілетіне-ие болу деген сөз. ...Бiлiмдi адам көп нәрсенi бiледi және қабiлетi, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Әл-Фараби жаратылыстану ғылымын игеруге айрықша назар аударды. Математиканы оқытуда
көрнекілік әдісін қолдану керектігін айтты.Фараби музыканың эстетикалық тәрбиедегi релiн жоғары бағалады. Музыканың барлық жағынан адам баласы үшiн пайдалы екенін айтты.
Оның сезімен айтканда, музыка өздерінің өмiрде тепе-теңдiгiн жоғалткандардың мінезін жұмсартады, белгiлi бiр дәреже денгейiне жетпегендердi жеткiзедi, тепе-теңдiгiн сақтап қалады.музыка тәннің дұрыс жетiлуiне де пайдалы, өйткенi тән ауырса букіл рухани жан-дуние де ауырады. Оның музыка саласындағы ой-пікiрлерiмен «Музыканың үлкен кітабы» деген еңбегі арқылы танысуға болады. Бұл еңбек төрт тараудан тұрады:Кiрiспе, музыка ғылымының негiздері, музыкалық аспаптар, музыкалык композиция. Бұл еңбек өзiнiң құндылығын әлi де жоғалтқан жоқ.Бугiнгi таңда оның мұраларын зерттеген зерттеушілер тобы да баршылық. Олардың басты-бастыларына М.С. Бурабаевтын. А. Машанидың, А. Қасымжановтың, М. Орынбеков пен Ж. Алтаевтың, С. Қалиев пен Қ. Жарықбаевтың, т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Солардың iшiнде педагогика Ғылымы саласында жарық көрген iрi еңбектiң бiрi - А. Кебесовтікі. Онда фараби педагогикасынын философиялык, әлеуметтік-этикалык алғышарттары карастырылады, жалпы педагогикалык еңбектеріндегі педагогикалык идеялары сөз болады.
4. Тәрбие туралы қызықты ой-пiкiрлер Хорезм ойшылы әл-Бируни (973-1050) еңбектерiнде көп кездеседі. <<Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші>> деген енбегiнде ғалым ақиқат және жалғандық, қайырымдылық және зұлымдық, бiлiмдiлiк және надандық деген ұғымдардың мәнін ашады. Еңбек-жеке тұлғаны қалыптастырудың негiзi болғандықтан оны мұратына жеткiзедi деген.
Бұқарада атақты философ, ақын. дәрiгер, жаратылыстанушы, математик Әбу Әли ибн Сина (980-1037) «Қайырымдылық пен қатыгездік» деген
еңбегiн жазды. Оқытуда әңгімелесу әдiсiн қолдануды ұсынып, ақыл-ой жұмысын дене жаттығуларымен, ойынмен ұштастыруды негiздейдi. Оқу
сабақтарының ұжымдық түрлерiнiң балалардын дос болуына, бірін-бірі
сыйлауына, жарысуына, өзара кемекке, жақсы әдетке үйрететiндiгiн дәлелдеді. Ибн Сина адамгершiлiк тәрбиесi туралы да қызықты пікірлер айтты. Шыншылдық, адалдық, әділдік сынды адамгершiлiк қасиеттердi жоғары бағалаған ғалым халықтың адамгершiлiгiнiң ерекшелiгiн, әділетке шақыратын дәстүрлерiн мiндетті түрде ескеруге шақырады. Ғалым-гуманист достық-жолдастық мәселесiне де көп көңiл бөледі. Халық даналыгына сүйеніп, адал досты жалган достан ажырата білуге, бiрлесiп еңбек етуге, дос болуға үгіттейді.Ибн Сина отбасылық тәрбиенiң жалпы негiздерiн баяндады. «Егер отбасы тәрбиесі тәсiлдерiн дұрыс қолданса, онда адам бақытты болады>> деген ол. «Тадбири Манзел>> еңбегінің «Әкенің бала тәрбиесiне қатынасы>> деген бөлiмiнде ана табиғатынын жұмсақтығы бала мінезін бузатын болғандықтан, отбасындағы басты тәрбиеші тән жазасын колданатын әке екендiгiн атап көрсетті. Аталган кітаптың «Әйелдiң жақсы қасиеттері>> белімінде белiмiнде ақылдылық, Ұялшактық ,ұстамдылық, адалдық, салмақтылық қасиеттерін атаған.Музыканың релiн жоғары бағалаған ибн Сина бесік жыры, халык әндерi баланын алгашкы эстетикалык тәрбиесiнiң кезеңі екендiгiн атап көрсетті. «Дәрігерлік ғылымнын каноны>> деген еңбегінде бала денесiн шынықтыру жолдары жөнінде кенестер береді. Олар: жаймен тербету, осы кезде өлең айту. Осы екеуiн қабылдаған баланың дене жаттығуларына, музыкаға қабiлетi арта бастайтындығын дәлелдеген. Ғалым баланың дене, эстетикалык тәрбиесiнiң бiрлiгiн атап көрсетіп, күн ырғағын сақтау, тамақтану, ұйкы, дене жаттығулары жөнiнде кеңес берді. Баланы кiшкентай кезінен шынықтыру үшiн температураны калыпты ұстау дың, белменiн тазалығының, белгiлi бiр уақытта тамақтанудын манызын ашты.
5. Ж. Баласагұн шежiреге, шындыққа, қайырымдылыққа үлкен мән бердi.Ол «Егер қыз бен ұл тусаң, онда өзiн тәрбиеле», «Жаман мiнездi бала жақсы адамдарға қауіпті» деген. Қорқыт, Ж. Баласагун шығармаларынын негiзгi МОТИВi ержуректiк, қайырымдылык.
ата-ананы құрметтеу, керек болса олар үшiн жанын кию, ата-ананың
бала тәрбиесіндегі жауапкершiлiгi. Жеткіншектердің дуниетанымдык көз қарастарының дамып, жетiлуiне ғұлама ойшыл Ж. Баласагун шығармаларының маңызы ерекше. Ол өзінің әлемге әйгілі «Құтадғу біліг» (Құтты бiлiк) еңбегінде (27): Акылы болса, пайдасын ер кеп
керер. Бiлiм бiлсе, әзиз тiрлiк өткерер! - деп адам баласы үшін ең қажеттiсi
бiлiм, ақыл екендiгiн ескертуiмен бiрге:
Бiлiм - байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Ұры-кары кол жеткiзiп ала алмас!..
Ақыл, сенiм - антмаскан нақ жолдасың.
Бiлiм - сенген мейiрiмдi қандасың...
Ақыл керек, бiлiм тандап аларға,
Бiлiм керек, iске жақсы қарарға, - деп олардың қасиеттеріне, өмiрдегi пайдасына тоқталады, өзiнiң де ғылым-бiлiмнiң саласында көп iзденгенiн айтады.
Қол ұсынып, бiлiм iздеп терледім.
Сөздi сөзге ерiп, тiзiп зерледiм.
Түркi сөзiн үркек тағы киіктей.
Қолга үйретіп, қамап, ерік бермедім, - деп алға қойған мақсатқа жету үшін көп еңбектенiп, iздену керектігін өзін үлгі ете отырып ескертедi. <<Бiлiм, ең алдымен, жарлы-жақыбайларга берілу керек» деген ой айтады. «Өнер алды - қызыл тiл>> дегендей, тiл өнерiне, сөйлеу мәдениетiне биiк талаптар қойған. Сөйлеу мәдениеті адамның рухани деңгейiн, ой-өрісін, тiл байлығын, iшкi жан-дуниесiнiн керiнiсiн байқатады:
Көп сөйлеме, аз айт бірер түйінін,
Бір сөзбен шеш тәмам сөздің түйiнiн.
(Көрген емен көбiк сөзбен оңганды,
тобықтай тy тоқсан ауыз толғамды).
Сөз кiсiнi ұлы қылар, бек қылар,
Көп сөйлесең, «Езбесiн», - деп жек көрер.
Сөйлемесен, <<Мылқау екен», - деп сөгер!
Бұлай болса, мен ормасы - керегін,
Тiлге ұстамды болсаң, өсер беделiң!
Тiлiңдi бақ - басын аман болады.
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады, - деп «тоқсан ауыз сездiң тобықтай түйiнi болатынын, сөйлегенде айтатын ойды тұжырымды, нақты жеткізе білу қажеттiгiн ескертедi. Баласағұнның бала тәрбиесiне байланысты ата-аналарга берген ақыл-кеңестерi де үлгі боларлықтай. Мәселен, ғұлама ойшыл ата-ананын басты парызы:
- баланың дұрыс тәрбиеленуi мен
білім алуына көңіл бөлу:
- балаға шаңырақ иесі, бабалар iсiн
жалғастырушы екендiгiн ұғындыру;
- баланы аруақтарды ардақтауға, ата-баба дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, ұрпақтан-ұрпакка көздiң карашығындай жеткізе білуге баулу;
- балага өзінің мінез-құлық этикасымен үлгі болу:
- балаға әділетті, кайырымды болу;
- өзінен туған балаға тәрбиені өзі беруi (<<Ай мандайлы ул-кыз туса алдында, үйінде өсір, бөтен жерде қалдырма>>);
- баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру:
- баланы тәрбиелеп, окыту барысында мiнезiн калыптастыруга көңiл
бөлу:
- баланың тәні мен жанының жақсы жетiлуiне назар аудару;
- балаға емiрдiң әрбiр сағаты санаулы екенiн, сол себепті оны дұрыс өткiзу қажеттігін ескерту («Кешкен тiрлiк өте зая берер келгiсiз, қалған өмiр қанша екені белгiсiз. Қалған күнді текке зая кетірме, өлімді ибадат қып бекiн де>>), т.б. Ғұламаның әрбір қоғамдық топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, олардың айналысатын қызметi мен iс-әрекеттеріне берген сипаттамасы да тағылымдық бағытты меңзейді. Мысалы:
Ғалым, дана болмағанда жаһанда,
Жерде игiлiк енбес еді қашан да.
Бiлiмдерi шырақ болды халыққа,
Түн жолы да адастырмас жарықта...
Олармен араласып, сыйлас бол.
Немесе
Тағы да мол - диқандардын әулеті,
Ең керекті жұрт ол, биік дәулеті.
Катынасып, ыңғайыңды бергейсің.
Ас-тағамнан еш кемшiлiк көрмейсің.
Бұл адамдар құтты жандар пайдалы,
Ей, өркендi ер, араласқан жайдары.
Қолөнерші қолдарында түрлi өнер.
Кол өнерiн пайдаланып күн керер.
Бұлар да бiр ең қажетті кiсiлер,
Жакын жүргiн, кеп-көп пайда түcipep, -
деген өлең жолдары ғалым, дана
адамдардың білім-ілімнің, ақыл-ой
көзқарастарының диқандар мен малшылардың дене енбектерiнiң, қолөнершілердің ғажайып зергерлік, сәндiк-қолданбалы өнерінің өзiндiк ерекшелiгiн, адам өмiрi үшiн олардың қажеттілігін суреттеп, мазмұндау арқылы жеткіншектердi осы еңбек адамдарын сыйлап, құрметтеуге шақырады. Баласағұн адамның бойындағы адамгершiлiк асыл қасиеттерді (қайырымдылық, әдiлеттiлiк, шыншылдық.
парасаттылық, т.б.) жоғары бағалайды.
Жеткіншектерге:
Әдiлет-құм, кум құрығы - кiшiлiк,
Әдiлеттiң заты - мунган кiсiлiк,деп түсiндiредi.
6. Қазақ даласынын ойшылдары
шығармашылығындағы құнды пегогикалық идеяларды айтқан кезде,
мұсылман әлеміндегі ғұлама ойшылдардың бірі, ақын, сопы, философ Қожа Ахмет Яссауидің рухани-гуманистік бағытта жазылған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) атты еңбегіне тоқталмай кетуге болмайды. Қ.А. Яссауи «Диуани хикмет>> және <<Рисала» деген еңбегінде өз iлiмiнiң негiзгi әдiснамалык принциптерін анықтайды.Негiзгi принциптер Акикат, Абсолют, Руханилыққа әкелетін жолдарды iздеп табу. Осы мақсатқа ету керек; шариғат-ислам заңы, тарихат iлiм, мағрипат-кешкi намаз, хақиқат-
ақиқат. Әрбір кезең Яссауи түсiнiгiнде ақиқатқа өрмелеу, жету, өзін-өзі тану және өзін-өзі тазарту. Бул жолдын қиындығы адам үшін әр кезеңнің ерекше маңызының болуы, оның әркайсысынан өтпей өзiн-өзi дамытатын жолға шыға алмауы. Тарихат денгейi сегiз жүйеден тұрады: тәубешілік, шукіршiлiк, ризашылык, запидшiлдiк (анықтық), ғаріптік. Сондықтан Яссауи шығармашылығында жолдың басы, кез келген кұбылыс өлшемі, адамның жан-дүниесiндегi өзгерiстердiң негiзi, шариғатқа жеңіл көзқараспен қарауға жол бермейтін «тәуба>> (алғыс айту)
негiзгi философиялық ұғым. «Тәуба>> Философиясы «қанағат>> деген мағынада бiздiң халықтың санасына берік енді. «Тәуба>> шектеу жасау емес, адамның нақты мумкiндiктерiне, бүгінгі
кундегі болмысқа сәйкестік. Ламакан-даму мен қайта өрлеудiң
жоғары деңгейі. Яссауи ілімі бойынша, абсолюттік ақиқатқа ұмтылатын тұлға - өмiрдi сүйіп, жетілуге үнемi ұмтылып отыратын адам. Ә.Нысанбаев: «Жетiлген адам туралы Яссауи тұжырымдамасы жан-жақты және үйлесiмдi дамыған адамды калыптастыру туралы ежелгi iлiмге сәйкес келеді», - дейді. Адамды ғарышпен және дүниемен салыстыру, осы байланысты орнату - ежелгi философиялык дәстүр. «Жетiлген адам>> микрокосм және макрокосм. Микрокосм-дамыған адамның сыртқы формасы, макрокосм-оның iшкi мазмұны. Адам бул тұтас дуние, дүниенің кiшiрейтiлген түрi(Казақ даласының ойшылдары (XI-XII ғғ.) - Алматы, 1995).Яссауи идеясы адамның санасының тазаруы, жетiлген адамды тәрбиелеу, жеке тұлғаның шыдамдылық, ұстамдылық, қанағатшылық, ризашылық сияқты қасиеттерін қалыптастыру.Оның мазмұнында көтерiлген ақыл-өсиет үлгі боларлықтай. Ол жеткіншектерге «ғалымдар сөзін естіп, өзiңдi бiл» деп, оқып, білім алуға шақырады. «Жалган сейлеп, имансыз кетпе>>, <<Құр бекерге жалған сөйлеп, тiлдi безеп, дүние ушiн иманың мен дiнiңдi сатпа, сөзде де, істе де ұстамды бол>>деп ескертедi.
Ей, достар наданменен көңiл қоспа...
Наданмен өткен өмiрiн -жетiмшiлiк,
Надан болса, тозақ оған, болгай
Дәме қылма надандардан қадір білмес,
Қараңғыда адассан жолға салмас әзір... -деп жақсы менен жаманды білуді меңзейдi.Яссауидің:
Рақым болып ғаріптерге шапағат емкiн...
Ғаріптердi көрген жерде қорламаңыз.
Faрiптерге ашумен сөз қатпаңыз.
Сорлы екен деп ғаріптерге тас атпаңыз,
Бұл дуниеде ғарiптердей адал болмас... - деген өлең шумақтары болса бүгінгі күн окырмандарына арнайы жазылып, оларды имандылыққа, мейiрiмдiлiкке, ғаріптерге қамқоршы болуға шакырғандай.
Ақын, ғалым-философ, данышпан Кожа Ахмет Яссауи еңбектерінде баса
айтылатын мәселе - адамды тура жолға бастаушы, Жаратушы күшке табыну, оның айтуынша тағзым ете отырып,киянатсыз, бейкүнә, адал жандарды тәрбиелеу.
Зерттеушiлiк жоба:
Қазақ халқының төл нақылы, мақал-мәтел, афоризмi болып кеткен Қорқыт сөздерiн табыңыз.
Ақпараттық жоба:
М. Шахановтын <<Отырар сазы», Д. Досжановтың «Отырардың күйреуі», Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы>> шығармаларының негiзiнде кітап конференциясының бағдарламасын жасаңыз.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Қорқыт ата наразы болды:
А. Анадан өнеге көрмегендерге;
В. Атадан тағылым алмаганга;
С. Адам емiрiнiн кыскалыгына;
D. Жер дауына.
2. Орхон-Енисей жазбаларында не туралы жазылған?
А. Ата тағылымдарының маңызы:
В. қайырымдылық, терең ақыл-ой,туыстардың татулығы;
С. Ана өнегесiнiн маңызы;
D. Адамгершiлiк.
3. «Құтты білік» кiмнiң шығармасы?
А. Әл-Фарабидің;
В. Қ.А. Яссауидын:
С. Ж. Баласағұнның:
D. Қорқыт атаның.
4. <<Бiлiм ең алдымен жарлы-жақыбайларга берiлу керек» деген ортағасырлық түрік ойшылы:
А. А. Иугiнеки;
В. Әл-Фараби:
С. Ж. Баласагун;
D. М. Қашқари.
5. Ибн Сина отбасындағы басты тәрбиешi кiм деген?
А. Ата:
В. Әке:
с. Әже:
D. Ана.
6. Ибн Сина тәрбиеде ненiң релiн жоғары бағалады?
А. Табиғаттын;
В. Оқытудың:
С. Өнердiн;
D. Музыканың.
7. Ибн Сина эстетикалық тәрбиенің бастауы деп есептедi:
А. Ана тiлiн
В. Бесік жырын, халық әндерін:
С. Ертегiлердi;
D. Әке тәрбиесiн.
8. Бируни жеке тұлғаның қалыптасуының негізі деп санады:
А. Тәрбиенi;
В. Баланы шыныктыруды;
С. Окытуды;
D. Еңбектi.
9. Әл-Фараби тәрбиелiк ғылымдар деп ненi атаған?
А. Арифметика, геометрия, астрономия, музыка:
В. Жаратылыстану, шешендік енер:
С. Философия, тарих;
D. Саясаттану, әлеуметтану
10. Әл-Фараби қай ғылымды меңгеруге ерекше көңіл белдi?
А. Математика;
В. Геометрия;
С. Астрономия;
D. Жаратылыстану.
11. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман>> деген кiмнiң сезi?
А. Асан Қайғының:
В. қорқыттын;
С. Шалкиiздiн;
D. Әл-Фарабидің.
12. Қорқыт адамгершiлiк пен ерлiктiң дұрыс қалануында кiмнiн рөлiн жоғары бағалады?
А. Атаның:
В. Ананың:
С. Әкенің:
D. Туыстардың.
13. Жетiлген адамды калыптастырудың жетекшi құралы тәрбие мен білім
деп санаған орта ғасыр ойшылы:
А. Ж. Баласағұн;
В. Әл-Фараби:
С. М. Қашқари;
D. Қ.Дулати.
14. Адамгершілік қасиеттерінің туа бітпейтiнiн, тек тәрбиенің мазмұнына,
оны жеткізу үшін пайдаланылған амал-жолдарға, жаттығуларга байланысты деген кім?
А. Ж. Баласағұн;
В. Әл-Фараби;
С. М. Кашкари;
D. Қ. Дулати.
15. Адамға қажет 10 қасиетті ұсынған орта гасыр ойшылы:
А. Әл-Фараби:
В. Ж. Баласағұн;
С. М. Қашқари:
D.X. Дулати.
16. Эстетикалық тәрбиенiң рөлiн жоғары бағалаған орта ғасыр ойшылы:
А. Ж. Баласагун;
В. Әл-Фараби;
С. М. Қашқари:
D. М.Қ. Дулати.
17. Жас ұрпақ қамы, ата-ананы құрметтеу, тәрбиедегi ата-ана жауапкершілiгi кімдердің шығармаларының негiзгi мотивi?
А. Баласағұн, Қорқыт:
В. Қашқари, Фараби:
с. Бұқар, Ақтамберді:
D. Шалкиіз, Махамбет.
18. <<Адамдар бақытты болу үшін бiр-бiрiне көмектесу керек>>, <<бірлескен қала - iзгi қала>> деген ортағасырлық түрiк ойшылы:
А. Әл-Фараби:
В. Ж. Баласағұн;
С. М. Қашқари:
D. М.Қ.Дулати.
19. «Адамды тек оқу-бiлiм арқылы жақсартуға болады» деп айтқан
ортағасырлық түрiк ойшылы:
А. Ж. Баласағұн:
В. Әл-Фараби:
С. М. Қашқари:
D. М.Қ. Дулати.
20. Тән мен жан саулығының бiрлiгiн бiрiншi айтқан ортағасырлық түрік
ойшылы:
А. Ж. Баласагун;
В. Әл-Фараби:
С. М. Қашқари;
D. Қорқыт.
Достарыңызбен бөлісу: |