1.4. Қазақ мемлекеті қалыптасқан XV-XIX ғасырлардағы ұлттық педагогикалық ойлар
1. Адамгершiлiк асыл қасиеттерге байланысты тағылымдық ой-пікірлерАсан Қайғынын нақыл сездерінде, толғау-жырларында кең көлемде орын тапқан. Мәселен,
Едiл бол да, Жайық бол.
Ешкiмменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердiң кұны болса да,
Алдына келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш ме қоя бер.
Акын болса біреуде
Айыбын тап та ала бер.
Ерегесiп ұрыспа
Сенiкi жөн болса да
Атың шықпас дұрысқа.
Мiнезi жаман адамга
Ендi қайтып жуыспа.
Тәуiр көрер кiсiңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын май үшiн.
Кешетғын сай үшін,
Желке терiн кұрысып
Әркiмменен ұрыспа.
Ашу - дұшпан, артынан
Түсiп кетсен кайтесiң
Түбі терең куысқа?! -деген шумағы жастарды ұстамдылыққа, достыққа, кешiрiмдi болуға шақырса:
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнiңде өзiм болдым деп,
Кең пейiлге таласпа...
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессiз сөз бастама.
Жеңемiн деп бiреудi.
Өтiрiк сөзбен қостама. -деген шумағы емiрде кандай да бір белеске көтерiлсең де оған қалай жеткенiндi, кiмдердiң өзiндi колдаганың.Қандай ортадан шыққанынды ұмытпа деп ескертiп тұрғандай.Асан Қайғы жастарды отанын, туған жерiн, елін сүюге, қадiрiн түсiне бiлуге, қиындык бола қалса қорғай білуге үндейдi. Мұндай кабілет-қасиеттерi жоқтарға:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадiрiн не бiлсiн.
Жер қадiрiн не бiлсiн?!
Қырда жүрген дуадақ
Көшiп-қонып көрмеген,
Су қадiрiн не бiлсiн?!
Көшсе қона бiлмеген.
Қонса көше білмеген,
Ауылдағы жамандар
Ақылына көнбеген,
Ел қадiрiн не бiлсiн?!
Жұрт қадiрiн не бiлсiн?! -деп езiнiң наразылығын білдіреді.
2. Шалкиіз жыраудың жырлары болса жақсыдан жаманды айыра білуге,
жақсының жақсылығын кезінде бағалауға шақырады.
...Жаманға жақыным деп сез айтпа,
Күндердiң ккүні болғанда
Сол жаман өз басына айғақ-ты...
...Дұшпаныннан бiр сақтан,
Жаман достан мың сақтан,
Ағайынның iшiнде
Сол жаманның басында
Бiр жақсысы бар болса,
Қиын-қыстау iс келсе.
Қонқалаған кеп жаман
Көп жақсыны көре алмас.
Қос арғымағың қолға алып,
Күнiңде iздесе де таба алмас,-деген жыр шумағы «қолда барда алтынның қадiрi жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкiндiм-ай>> деген ой-пiкiрдi дәріптейді.
Әділ төре ел бастар,
Батыр жiгiт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар, -деп жастарға айткан акыл-кенес, халықтың «сегіз қырлы, бiр сырлы>> деген түсiнiгiмен ұштасып жатыр.Жырау шығармаларында кездесетін мынадай табиғат көрiнiстерi баланың қиялына қанат бiтiрiп, қоршаған ортаға зейінмен бағдарлап қарауға шақырады:
Жалп-жалп еткен жапалак,
Аттансаң жазы тузде керерсiң.
******
Ағынды сулар аймақ көл
Тасыса дөңбек келтірер...
Жапалақ ұшпас жасыл тау...
************************
Арқаның кұба жонында
Арыстан ойнар шарқ ұрып...
Қара басты ақ кұспен
Кендiр баулы ақ желкен
Көк меңiздi жал толқынға жектiрдi.
Шалкиіз өзiнiң жырында батырлардың ерліктерін, өзіндік ерекшеліктерiн, кескін-келбетiн балаларға үлгі-өнеге етiп ұсынады.
Аткан оғын оздырған,
Дұшпанның тобын тоздырган,
Бір ойында алпыс ала балта сындырган
ИАйсаның ару ұлы Қопай бар.
Тоқал торы ат жайылған.
Хандар шыққан төбедей.
Қабырғадан бүтін шыққан сүбедей,
Аударылмас қара кемедей,
Қанды ауызга сырлап салған жебедей,
Ханнын ұлы төредей,
Бидін ұлы шорадай,
Қан жұқпас қайқы кара болат етпеген.
Мақтауына адам тауып жетпеген
Бул жиынның iшiнде
Ер Жақсымбет аға бар...
Салыстырмалы түрде берiлген бұл үзiндi батырлардың бiр-бiрiне ұқсай бермейтін қасиеттерін, айбарлы кейпiн анғартады, жаугершiлiк заманнан елес береді, балаларды ерлікке, батырлыққа, кайраттылыққа үндейді.Жыраудың көптеген нақыл сөздері сол кездiң өзiнде-ақ маұал-мәтелге айналып,х алық арасына тарап кетті.Мәселен, «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артык», «Жаманнан туған жақсы бар адам айтса нанғысыз:Жақсыдан туған жаман бар, бір аяқ асқа алғысыз>>. <<Жақсылардың өзі өлсе де сөзі өлмейдi», т.б. Макалдардың ең алғашқы Шалкиіздің аузынан шыққандығын бүгінгі таңдагы зерттеушiлер дәлелдеп отыр.
3. Тағылымдық ой-пiкiрлер Шалкиіз дәстүрiн жалғастырушылардың бiрi
Ақтамберді жырау шығармашылығында көптеп кездеседі. Оларда қазақтардың ой-арманы, болмыска деген өзiндiк көзкарасы, мақсат-мүддесі,өмiрi, тұрмыс-қарекетi, мiнез-құлық ерекшеліктері, қонақжайлығы, меймандостығы бейнеленеді. Оны жыраудың «Күлдір-кулдiр кiсiнетiп» деген толгауынан байқау қиын емес.Сөз орайы келiп турганда, қазақ халқының осы қасиеттерiне кезiнде, яки Қазан төңкерiсiне дейінгі Қазақстанға келген еуропалық зерттеушілердің арасында назар аудармағаны кемде-кем екенi жайлы айта кеткен жөн.Мәселен, Қазақ жерінде табаны күректей тоғыз жыл болған поляк халқының перзенті Б. Залесский өзiнiн 1865 жылгы Парижде жарық көрген «Қазақ даласынын тiршiлiк-тынысы» атты енбегiнде: «Қазақтар қонақжай халык..... ең құрметті қонағын терге отырғызады.... әңгімелескендi жаксы
көреді..... шешен келеді......және ездерi мұны тәлім-тәрбиенiн немесе
жақсы тектен шыққандығының дәлелi деп санайды. Жоғары мәртебелі кісі
әңгімеге бел шешiп араласқан кезде шешендік сөздер мен әдемі теңеулер
шегiнен аса тегiледi дейсің.... үй иесiнiн конағына ұнаған затты сыйлап жіберетін де дәстүр бар. Осы дәстүрдің негiзiнде бiзде кеп кешікпей кiршiксiз достығымызды бастағандай болдық.Үй иесi бiзге бiрнеше ат, тiптi бiр түйесiн сыйға тартты>> деп қазақтардың қайырымдылығын, кеңпейiлдiлiгiн, қонақжайлығын достық сезiммен суреттейді.Жырау өзiнiң жырлары арқылы жеткiншiктер мен жастарды ерлікке, батырлыққа, табандылыққа шақырды,туған елін, жерін дұшпаннан қорғап қалуга, олармен аянбай күреске шығуға жiгерлендiрдi.
Балпан-балпан кiм баспас?!
Басарға балтыр шыдамас.
Батырмын деп кім айтпас?!
Барарға журек шыдамас.
Жалтара шапсан жау шыдамас,
Жауды аяған бет таппас.
Уа, жiгiттер, жандарын
Жаудан аяй керменiз,
Әзiрейiл тура келмей жан алмас!
4. Бұқар толғаулары да басқа ақын- жыраулардікі сиякты адамгершілік асыл қасиеттердi, достық қарым-қатынасты,отбасындағы қарым-қатынасты, адамдардың жас кезеңдерiн, батырлардың ерлiгiн сипаттайды, сөз өнерiне мән береді.Адам өмірінің әр кезенiнiң өзiндiк ерекшелігіне, соның ішінде жастық шақтың ерекшелігіне:
Қызықты күндi қыздырған,
Acay толқын бұздырган.
Күлдiр-күлдiр кiсiнетiп,
Курендi мiнген жиырма бес.
Күрек мiсiн қасқайтып,
Сұлуды кұшкан жиырма бес Іздесең де табылмас, -деп берген суреттемесi жастарға қалдырған өсиет сөз іспеттес. Жырау оларға өмiр - аққан өзен, жастық шак-талаптың тасыған шағы, өмiрдi дұрыс пайдалана біл>> деп ескертiп тұрғандай.Жыраудың сөз өнеріне мән беруі оның қыр-сырын жете меңгеруі, оған деген көзқарасы да жеткіншектер үшiн үлгі-өнеге болды.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Жыраудың ел бiрлiгiн жырлауы, яки
қазақ руларының өзара татулықта болуын, «Өлетуғын тай үшiн, кешетуғын сай үшін» құр бекерге жанжалдаспауын насихаттайды. Бiрлiк болмай, тірлік болмайтынын, алауыздықтың аранға жығатынын айтады, қалмақтардың тағдырын мысалға келтiредi. Бұқардың бұл өсиетiнiң көкейкестiлiгi бүгiнгi таңда бұрынғысынан да жоғарылап отыр.
Оның толғауларындағы үлгi-насихат тұрғысындағы айтылған:
Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер.
Күндердiң күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес
Немесе
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар,
Есiл кезден нұр тайса,
Бiр келуге зар болар, - деген нақыл сөздерi, тебіренiстерi де жеткіншектерге болашақ туралы кеп ой салғандай.
5. Жыраулар iшiндегi iрi тұлғалардың бірі - Дулат Бабатайұлының шығармашылығы тагылымдық сарында жазылған. Онда жырау бала тәрбиесiнiң дұрыс қалыптасуын ата-ана мен жақсы адамдардын үлгі-өнегесімен байланыстырады:
Ата-ананың ақылы -
Қазылған қара жолмен тең.
Жаксылардың ақылы -
Гауһар шырақ шаммен тең.
Жақсы өнеге текті адамдарда ғана болуымен шектелмейдi. Ол тәрбиеге
байланысты, сол себептi:
Сырын бiлмей бой салма,
Атасы оның текті деп.
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Аузы оның ептi деп.
Нашардан шыққан жаксының,
Сөзін жерге тастама.
Атасы нашар етті деп.
Адамның адалдығы асыл сөз, тiл өнерiнен, сөйлеу мәдениетінен, адамның мiнезiнен байқалады.
Сөз - жiбек жiп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрiнбес,
Өрнексiз тiгiп баптаса.
Шашудай болып шашылар,
Меруерттей асыл сөз деген.
Жыршылардың шайыры,
Асыл сөздi сезбеген,
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген.
Кей жақсынын мiнезi
Едiл менен Жайықтай,
Ағып кетiп сөйлейді,
Тiлi жүйрiк болған соң... -деп түсiндiредi.Адамның адамгершiлiк қасиеттерiнiң қалыптасуына, рухани-мәдени денгейінің, ақыл-ойы мен дүниетанымдық көзқарасының жетiлуiне оқу-бiлiмнің ықпалы зор екендiгiн баса көрсетеді.
Жаксылардын баласы
Әрбiр iстi бiледi.
Молдадан сабак окиды.
Он жасында баспен мен.
Бiр жаманның баласы
Сабак окымай калады.
Кайырыңды бiлмесе,
Өзi пайда кылмаса,
Бiр акыл жоқ байғұста,
Жиырмада жаспен тең... - деп оқыған адам мен оқымаған адамның ой-өрiсiн жастарға үлгі болсын деген мақсатпен салыстырмалы түрде суреттейді. Еңбектiң адам өмiрiнде алатын орны да жырау назарынан тыс қалмады.
Сонымен қазақ даласының ойшылдары мен ақын-жыраулары шыгармашылығының дуниеге келуiне де,басылым керуiне де бiраз ғасыр
еткенiмен, олардың мазмұны бүгiнгi
күннің талабынан шығып отыр. Балалар өткендегi шыгармаларды оқи отырып, халықтың ғұлама ойшылдары жыршы-жырауларынын адамгершiлiк
ережелерді қолданып, оны көркейтіп,
жетiлдiргенiн тусiне бастайды. Бұл
ережелердi ұстамағандар, тарихтың
дәлелдеуi бойынша, көптеген еңбек
адамдарын келеңсiз жағдайларға душар еткен.
6. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы болса, жеткіншектердің патриоттық тәрбиесiнiн, патриоттық сезiмiнiң негiзiн қалыптастыруда маңызды рөл атқарды десе, артық болмайды. Оның жырындагы:
Толғай-толғай оқ атқан.
Кабырғасын қақыратқан.
Тебiнгiсiн төсе атқан,
Тізгінінен кесе аткан.
Бiздiң қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан, - деген Исатайдың батырлық бейнесіне берілген суреттемесі, сондай-ақ батырдың «сегіз қырлы, бір сырлы>> қасиетін сипаттайтыны мына бiр:
Кермиығым, кербезім,
Керiскедей шандозым,
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйiздiм!
Қырмызыдай ажарым!
Хиуадай базарлым.
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мiнездiм! -деген өлең шумақтары жеткіншектердi патриоттық рухта тәрбиелеуге бағыттайды.
Толарсақтан саз кешiп,
Токтамай тартып шығарга,
Кабағын шытпас ер керек.
Бiздiң бүйткен бұл iске!.. -
деп мұндай үлкен ұрысқа тек Отанын, елін сүйгендер, ар-намысын корғауға даярлар ғана бара алады деп ескерткен. Махамбет жырының әрбiр жолы тәрбиенiң осы бір саласын бүгiнгi таңда жүзеге асыруда назардан тыс қалмайтыны сөзсіз.
Зерттеушiлiк жоба:
Шал ақын шығармашылығындағы тәрбиелiк тағылымдар.
1.5. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлының халық педагогикасын зepттeyi
1. Ш. Уәлиханов - қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туын алгаш көтерген ғалым. Ол орыс үкіметінің Қазақстанға өз заңдарын механикалық түрде көшіруге қарсы шықты. Шоқан Ресейдің өзіне тән жағдайлары туғызған қылмыс түрлерiнiң Қазақстанда жоқтығын, бірақ орыс заңгерлерi бiлмейтiн кылмыс түрлерінің бар екенін дұрыс дәлелдеді.
Мысалы: барымта (әр турлі себептермен бөтен малды күштеп айдау) калың мал төлеудің дәстүрлі тәртiбiн бұзу, қалыңдықты ұрлау ғасырлар бойы сақталған кейбiр әдет-ғұрыпты бұзған адамдарға Шоқан Уәлиханов қазақ халқының жаттап алу қабiлетiн, шешендiгiн жоғары бағалап, мұндай қабiлеттi халық сауатты болып, ғылым үйрену керектігін анықтап айтқан. «Халықтың мұны мен сырын, арманын толғайтын жыраулардың жырлары- өнегелiлiк бiрден-бiр кунды кубылыс», - дейді қолданылғанын жазды. Бұл істі жазалау заңдарын орыс заңгерлерi жасай алмайтынын айтқан. Қазақтардың жазалау шаралары еуропалық кодекстерге ұқсаған жоқ. Қазақта қылмысы үшін тек қана жеке адам емес, ру түгел жауап берді.<<Ал рудың заңдары, - деп жазды қазақ ағартушысы, - рулық қатынастар кезiнде өмiрге көп пайда келтірді.Ол <<Тәңiр», «Қырғыздардагы шаманизм iздерi>> деген мақалаларында діндi адамгершiлiк мақсатта қолдануға қарсы болған жоқ. Дін - адамгершiлiк
жағынан тазару құралы.Халық мұрасын зерттеген Ш. Уәлиханов 1856 жылы Жанақ ақыннан «Қозы Көрпеш - Баян сұлуды » жазып алды. Батырлар жыры, ертегі, мақал-мәтел, қылқобыз, домбыраны, белгiлi адамдар туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелерді зерттеген.
Ш. Уәлиханов. <<Тәңір» деген еңбегінде отты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым жасау,отка түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садақа беру, айға қарап тілек айту, малдың сүйегін баспау, малдың сүтін төкпеу сынды шамандық ағымға байланысты Қазақтың салт-санасына айналған ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәнін дәлелдейді. Қазақ халқының төрт
тулiк малды киелі жануарлар ретiнде қастерлейтінін, соның iшiнде жылқы малын жеті қазынаның бiрi деп танып, қатты қадірлейтiнiн айтып,
ұрпаққа берiлетiн ұлттық тәрбиенi құрметтеуге шақырады. Ол «Даладағы
мұсылмандық» деген еңбегінде татар молдаларынын схоластикалык оқу жүйесiн сынады. Шоқан Уәлихановтың негiзгi мақсаты халқына қайткенде де бiлiм беру, оқыту, дүние тануға жетелеу, оны реформа арқылы iске асыру.Қазақ даласындағы оқу, мектеп iсiн ғылыми негiзде құрып, оқу-бiлiмнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы қатарлы елдердi қуып жетуiн аңсаған. Оның еңбектерiнде <<Бiлiм жалпы халыққа бiрдей, ортақ болсын>> деген идея басым.
2. Ұлы педагог, этнограф, жазушы, төңкерiске дейінгі педагогикалық ой дамуында негiзгi рөл атқарған Ы. Алтынсариннің шынайы патриотизмi туған халқының мiнезiн, әдеттұрыптарың, салт-дәстүрлерін терең зерттеп, оның қабілетін, тұрмыс жағдайын, ұлттық ерекшелiктерiн, материалдық жағдайын бiлуiнен керiндi.Ы. Алтынсариннiн ағартушылык педагогикалық қызметі 1860 жылдан басталады. Оның педагогикалык көзқарасы мұғалімдер әзірлеу, мектеп ашу, әлеуметтік-саяси мәселелерден тұратын 3 саладан болды. Зерттеулерiнiң негiзiнде дала өлкесiнде мектеп iсiн уйымдастырды. Ыбырай «Кел, балалар, оқылық!>>, <<Өнер-бiлiм бар жұрттар>> өлендерінде сауат ашу, бiлiм алуды бiрiншi мәселе етiп койды.Ы. Алтынсарин мектептi қазақтарға білім берудің басты құралы деп санады. Ол халықтық мектептің негiзiн салды. Ы. Алтынсарин уездiк орыс-қазақ мектептерiн ашты. Ыбырайдың орыс-қазақ мектептерін ашудагы мақсаты - сауат ашу, хат таныту, отырықшылыққа
кешiру болды.Мектеп-интернаттар кешпелі халықтың балаларына қолайлы етiп ұйымдастырылды. Ырғыз қаласында алғаш рет қазақ қыздарына арналған мектеп ашылды.Ы. Алтынсарин балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдердiн рөлiн жоғары бағалады, сынып-сабақ жүйесін енгiзу үшiн көп еңбек сiңiрдi. Ы. Алтынсариннің «Жеміс ағаштары» әңгiмесiнде тәрбиенiн мәнi терең түрде ашылады. Ол «Қазақ хрестоматиясына>> тәрбиелiк тағылымы мол «Қобыланды батыр>>, <<Жәнібек батыр>> жырларынан үзiндi және «Қара батыр>> ертегісін, <<Бақша ағаштары>>, <<Әке мен бала>>, т.б. әңгiмелердi енгiздi. Ондағы мақсаты кейіпкерлердің тезiмдiлiгiн, ақылдылығын балаларга өнеге ету
болды.
3. Абай да жастар тәрбиесіне ерекше кеңiл бөлген. <<Ата-анаға көз
куаныш>>, <<Заманакыр жастары>>, <<Сегiз аяқ » деген өлеңдерiнде жастарды әдептi, тату болуга, сөз қадiрiн бiлуге, сабырлы, арлы, еңбекшiл, есте сақтау, көргеннен өнеге алу, нәпсіні ақылға жеңгiзу, ұстамды болуға шақырады.Мал құралу үшiн қолөнерді үйрену керек дейдi.Оның кара сөздерi қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық тәлім-тәрбиелiк тұжырымдар. Абайдын 15,17, 23, 29, 32-қара сездерi тәрбиеге арналган.Екiншi қара сезiнде халықтың қасiретсiз өмiр сүруі үшін басқа халықтардан үлгі алып, ұрпағын еңбекке тәрбиелеу керек дейді. Үшiншi қаратсезiнде қаскүнем, бiр-бiрiне тiлек тiлемейтіндіктен, рас сөзi аз болып, Қызметке таласып, жалкау болғандықтан қазақ мiнезi жаман болып жатыр дейдi. Ойсыздық, мақтан, салғырттык,жалкаулык, күншiлдiк, көрсекызарлық малға бейімделу, жағымпаздық пен жалқаулық сияқты жаман қасиеттерді сынаған қазақ ағартушысы олардан аулақ болуға шақырып, әкiмдер Қасым ханның қасқа жолын. Есім ханнын ескi жолын, әз-Тәукенің «Жеті жарғысын>> бiлмек керек дейді. Абай атаған ең жаман қасиет талапсыздық. Абай ел болу үшін егiншiлiк кәсiбiн меңгеру керек дедi. Ол отыз үшiншi қара сөзiнде қолөнерді үйренуге шақырды. Абай енер-бiлiмдi үйренудің қажетті шарты
ерiнбей еңбек ету деп бiлдi. Бала тәрбиесiнiң негiзi еңбек тәрбиесi екендiгiн атап көрсетті.Абай өзiн-өзi тәрбиелеуге аса зор мән берiп, он бесiншi қара сезiнде адамды өзiн-өзi тәрбиелеуге шақырады. Он жетiншi қара сөзiнде жан-жақты даму қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бiрдей болып, тең табыссын деген.Абай өлең мен әннің тәрбие құралдары ретiндегi рөлiн жоғары бағалаған. Абай халык педагогикасына үлкен мән беріп, оның озық улгiлерiн насихаттайды. «Туганда дуние есiгiн ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кiрер денең>> деп шiлдехана жырынан бастап, жоқтау жырына дейін барлық рәсімдер өленмен өрнектелетiнiн тебірене сөз етеді.
<<Адам ата-анадан туганда есті болмайды: естiп, керiп, устап, татып ескерсе, дүниедегi жақсы-жаманды таниды-дагы, сондайдан білгені-көргенi көп болған адам бiлiмдi болады. Естілердiң айтқан сөздерін ескерiп журген кiсi өзі де есті болады» деген. Адамдар жаратылысында бірдей емес дейтiн көзқарасқа қарсы шығып, «жан құмары арқылы жиналатын нәрсенің аты акыл,ғылым... ол таланттылық пен ерінбей
еңбек еткен адамның қолына түседі>>деген Абай он тоғызыншы қара сезiнде акыл-естiн тәрбие аркылы жетiлетiнiн далелдеді.Жиырма үшiншi қара сөзiнде терiс тәрбиелейтiн мақалдардың айыра білу керектiгiн ескертедi. Отыз төрт, отыз сегiзiншi сөздерінде діннің тәрбиелiк мәнiн жоғары бағалап, Алланың ақ жолында халықты имандылыкка тәрбиелеуді көздейді. Абай Аллаға тән сегiз қасиетті атады. Олар: iс-әрекет,ғылым, қуат, керу, ес, тіл, орындау,көтерiлу. Бул қасиеттер адамда да бар. Оны пайдалану үшін еңбектену керек. Адамның жауы есек, өтiрiк, мақтаншақтық, жалкаулык, бос жүріс.Максатка жеткiзетiн бес қасиет бар.Олар: шындық, анық ой, табандылық.салмақтылық, енбек.Абай ана тілін ардактай бiлдi.«Өткірдің жүзi, кестенiң бiзi өрнегiн сендей сала алмас» деген Абай казак тiлiне өте жоғары баға береді.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туын алғаш көтерген кiм?
А. Шоқан Уәлиханов:
В. Ыбырай Алтынсарин;
С. Абай Құнанбаев;
D. Ахмет Байтұрсынулы;
Е. Мағжан Жұмабаев.
2. Қазақ даласындағы оқу, мектеп iсiн ғылыми негiзде кұрып, оқу-бiлiмнің
табиғат сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы қатарлы елдердi куып жетуiн аңсаған:
А. Ахмет Байтұрсынұлы:
В. Мағжан Жумабаев;
С. Ыбырай Алтынсарин;
D. Абай Құнанбаев;
Е. Шоқан Уәлиханов.
3. Ол <<Даладағы мұсылмандық » деген еңбегiнде татар молдаларының схоластикалык оқу жуйесiн сынаган:
А. Абай Құнанбаев;
В. Ахмет Байтұрсынұлы;
С. Шоқан Уәлиханов:
D. Мағжан Жұмабаев;
Е. Ыбырай Алтынсарин.
4. Кімнің еңбектерінде <<Бiлiм жалпы халыққа бiрдей, ортақ болсын» деген идея басым?
А. Шоқан Уәлиханов;
В. Ыбырай Алтынсарин:
С. Абай Құнанбаев;
D. Ахмет Байтұрсынұлы;
Е. Магжан Жұмабаев.
5. Оның негiзгi мақсаты - халқына қайткенде де бiлiм беру, оқыту, дүние
тануға жетелеу, оны реформа арқылы icke acыру.
А. Абай Құнанбаев;
В. Шоқан Уәлиханов:
С. Мағжан Жұмабаев;
D. Ыбырай Алтынсарин;
Е. Ахмет Байтұрсынұлы.
6. Ыбырай балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кiмдердiн рөлiн жоғары
бағалады?
А. Мұғалімдердің
В. Мектеп басшыларының;
С.Ата-аналардың:
D. Барлығының;
Е. Тәрбиешілердің.
7. Ы. Алтынсарин қай жүйенi енгiзу үшiн күрестi?
А. Сынып-сабақ;
В. Жекелеп окыту:
С. Топтық оқыту;
D. Барлығы;
Е. Өзара оқыту.
8. Ыбырай қай өлеңдерінде сауат ашу, білім алуды бiрiншi мәселе етіп қойды?
А. <<Өзен»;
В. «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-бiлiм бар жұрттар>>;
С. Шегіртке мен құмырсқа »;
D. Барлығында;
Е. Әлеуметтік тақырыпқа арналған өлеңдерінде.
9. Ыбырай қазақтарға білім берудің басты құралы деп санады:
А. Мектепті;
В. Кыздар училищесiн;
с. Орыс-қазақ мектептерiн;
D. Орыс мектептерін;
Е. Казак мектептерiн.
10. Ы. Алтынсарин кандай мектептер ашты?
А. Ауылдық
В. Қыздар училищесiн;
с. Орыс-қазақ мектептерiн;
D. Уездік;
Е. Қазақ мектептерін.
11. Ы. Алтынсарин қазақ қыздарына арналған мектептi қай қалада ашты?
А. Верный каласында;
В. Кызылордада:
с. Ыргыз;
D. Орал;
Е. Актебеде.
12. Ы. Алтынсарин кандай мектептiң негiзiн салды?
А. Ауылдық:
В. Кыздар училищесiнiн;
с. Орыс-қазақ мектептерiнiң;
D. Халықтық;
Е. Қазақ.
13. Ыбырайдың алғашқы мектебі қай қалада ашылды?
А. Верный каласында;
В. Торғайда;
с. Ырғызда;
D. Оралда;
Е. Актөбеде.
14. Кешпелі халықтың балаларына қолайлы колайлы етiп ұйымдастырылған:
А. Ауылдық мектептер;
В. Кыздар училищесi;
С. Мектеп-интернаттар;
D. Қазақ мектептері:
Е. Барлығы.
15. Абайдың өзiн-өзi тәрбиелеуге арнаған қара сөзі:
A. 17:
B. 15:
с. 32;
D. 33:
Е. 40.
16. «Жан-жақты даму - қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бiрдей болып, тең табыссын>> деген пiкiрi Абайдың нешiншi кара сезiнде айтылган?
A. 17:
B. 15;
с. 32;
D. 33:
Е. 2.
17. Абай жогары багалаган тәрбие құралдары:
А. Жыр;
В. Айтыс өнерi:
С. Кара сөздер:
D. Өлең мен ән;
Е. Ауыз әдебиеті.
18. Абайдың тәрбиеге арналган қара сездерiн атаныз:
A. 15, 17, 23, 29, 32;
B. 11. 12. 13:
с. 33, 34, 35;
D. 24, 25, 26, 27
Е. 1,2,3,4.
19. Абай атаған ең жаман қасиет:
А. Талапсыздық;
В. Бiлiмсiздiк;
С. Еріншектік;
D. Надандык:
Е. Дерекілік.
20. Абай қандай тәрбиеге аса зор мән берді?
А. Қайта тәрбиелеуге;
В. Өзiн-өзi тәрбиелеуге;
С. Адамгершiлiк тәрбиесiне;
D. Дене тәрбиесіне:
Е. Имандылық.
21. <<Адам баласы көзiмен көрiп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тiлмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстагы дуниеден хабар алады» деген кім?
А. Ахмет Байтұрсынұлы:
В. Шоқан Уәлиханов;
С. Ыбырай Алтынсарин;
D. Абай Құнанбаев;
Е. Мағжан Жұмабаев.
22. Адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін көзқарасқа қарсы
шығып, «жан құмары арқылы жиналатын нәрсенiн аты - ақыл, ғылым... ол талантты, әрі ерiнбей еңбек еткен адамның қолына түседi» деген
А. Магжан Жұмабаев:
В. Ахмет Байтұрсынулы;
С. Абай Құнанбаев;
D. Ыбырай Алтынсарин;
Е. Шоқан Уәлиханов.
23. Ы. Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметi нешiншi жылдан басталады?
A. 1864:
B. 1860;
C. 1872;
D. 1879;
E. 1862.
24. Ы. Алтынсариннің кай әңгiмесiнде тәрбиенiң мәнi терең түрде ашылады?
А. <<Бір уыс мақта»;
В. <<Әке мен бала»;
С. «Жеміс ағаштары»;
D. <<Атымтай Жомарт»;
Е. <<Асан мен Үсен».
25. Абай нешiншi кара сезiнде ақыл-естiң тәрбие арқылы жетiлетiнiн
дәлелдедi?
A. 19:
B. 15:
с. 32:
D. 33;
Е. 20.
26. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасы неше саладан тұрады?
А. 4
B. 3
С.2
D.5
E. 1
27. Ыбырай қай шығармасында бiлiмнiң, техниканың пайдасын айтады?
А. <<Бір уыс мақта;
В. «Әке мен бала»;
С. «Жеміс ағаштары>>:
D. <<Өнер-бiлiм бар жұрттар»;
Е. «Өзен».
28. Ыбырайдың ең басты мақсаты:
А. Халықты отырықшылыққа шақыру;
В. Баланы оқуға шақыру:
С. Сауат ашу:
D. Елiн надандықтан құтқару;
Е. Халыққа білім беру.
29. Ыбырай окулықтары қай әрiппен жазылды?
А. Қазақ:
В. Араб:
С. Латын;
D. Орыс:
Е. Немiс.
30. Ыбырайдың орыс-қазақ мектептерін ашудағы мақсаты:
А. Халыкты отырықшылыққа шақыру:
В. Баланы окуға шақыру:
С. Сауат ашу, хат таныту, отырықшылыққа кешіру;
D. Елiн надандықтан құтқару;
Е. Барлығы.
31. «Қобыланды батыр», «Жәнібек батыр», «Қара батыр» жырларын,
<<Бақша ағаштары>>, <<Әке мен бала», т.б. әңгімелердi оқулық жазуда пайдаланған:
А. Ахмет Байтұрсынұлы:
В. Міржақып Дулатулы:
С. Абай Құнанбаев:
D. Ыбырай Алтынсарин;
Е. Шоқан Уәлиханов.
32. Ш. Уәлиханов Жанақ ақыннан «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» қай жылы
жазып алды?
A. 1860:
B. 1856;
C. 1857;
D.1859:
E. 1861.
33. Батырлар жыры, ертегі, мақал-мәтел, қылқобыз, домбыраны, белгiлi адамдар туралы ел аузындағы аңыз-әңгiмелерді зерттеген:
А. Шоқан Уәлиханов:
В. Абай Құнанбаев;
С. Міржақып Дулатұлы;
D. Ыбырай Алтынсарин;
Е. Ахмет Байтұрсынұлы.
34. Ойсыздық, мақтаншақтық, салғырттық, жалкаулык, куншiлдiк, кқрсе кызарлық сияқты жаман қасиеттердi сынаған:
А. Ы. Алтынсарин;
В. Ш. Уәлиханов:
С. А. Құнанбаев;
D. М. Дулатұлы;
Е. Әл-Фараби.
35. Есте сақтау, көргеннен өнеге алу, нәпсiнi ақылға женгiзу, ұстамды
болуға шақырған қазақ ағартушысы:
А. Әл-Фараби:
В. Міржақып Дулатұлы;
С. Абай Құнанбаев;
D. Ыбырай Алтынсарин:
Е. Шоқан Уәлиханов.
36. <<Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...>> деген кім?
А. Ахмет Байтұрсынұлы;
В. Шоқан Уәлиханов:
С. Абай Құнанбаев:
D. Міржақып Дулатұлы;
Е. Ыбырай Алтынсарин.
Достарыңызбен бөлісу: |