1.8. Қазақ халқының бала тәрбиесіне коятын талаптары
1. Қазақ халқы тәрбиесiнiн ерекшелiктерiнiң iшiнде маңыздылары,
өздiктi сақтауға көмектескендерi: синкретизм, табиғилық, үзiлiссiздiк. жүйелілік, сабақтастық. Сабақтастық этникалық тәрбиенiң негiзгi идеяларының, формаларының, құралдарының сабақтастығын қамтамасыз ететiн этнопедагогиканың ерекше белгiсi. Түрлерi: дене, рухани, енбек, отбасылық,материалдык, экономикалык. Қазақ жерiнiң орасан зор көлеміне, рулык. тайпалық бөлінуі, сондай-ак бауырлас халыктардың ықпалына қарамастан түрлі аймақтардагы педагогикалық көзқарастардагы айырмашылық шамалы. Мұның өзi казак халкында урпакка тәрбие берудiн бiртутас ездiк жүйесi қалыптасқан деп тұжырым жасауға негiз болады.Дене сабақтастығы тұқым қуалау жолымен орнайды. Сабақтастық стихиялы болғанмен, халыққа түсінікті.Сондықтан әрбір қазақ ата-бабасымен, руымен байланысын түсінеді. Ру ұрпақтарының сабақтастығын таңба, ұран, ән қалыптастырады. Рудың өмiрбаяны ұрпақтар сабақтастығына рухани нәр береді.Рухани сабақтастық тәрбие арқылы орнатылады. Б.Момышулы бесік жырын айта алатын аналардың, немерелерiне ертегі айта алатын әжелердiң аздығына қынжылады. Салт-дәстүрді сыйламайтын, рухани жағынан көзсiз ұрпақ өсе ме деп қорыққан.Мұндай «соқырлар>> қолына балта берсе шабады, қылыш берсең сұғып алады... Емделмеген «соқырлык халық болудан калдыратындығын ескертеді.Аты аңызға айналған батырдың кауіптенуi негiзсiз емес.Еңбек және өнер саласындағы сабақтастыққа жергiлiктi жердiң ерекшелiгi ықпал етедi де, дәстүрлi кәсiп ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Тәрбие саласындагы жетістіктер еңбек үдерiсiнiң жетiлуiне байланысты болады. Отбасылық сабақтастық адамгершiлiк аясынан орын алады. Ата-аналар балалардың бақытты болуына көмектеседі. Некеге жаңа тұрғындарға ақ тiлек айту, той рәсiмдерi, шiлдехана,ат қоюда ұрпақтар сабақтастығына қамқорлық бар.
Синкретизм этникалық тәрбие формаларының халықтың әлеуметтік
өмiрiмен, наным-сенiмiмен, дәстүр, әдет-ғұрыптарымен, шаруашылық түрлерiмен, қоғамдық тәртіппен байланыстылығы. Бұл нормалар қоғам
мушелерiнiң iс-кылықтарын, тәртiбiн реттейді.
Өзгергіштік. Тәрбиенiң кейбiр категориялары сақталған. Өзге экономикалық қатынастарға икемделіп,жаңа мазмұнға ие болады. Сонымен тәрбиенiң ерекшелiктерi оның негiзгi құндылықтары бір ұрпақтан екiншiге әлеуметтік-саяси, саяси-экономикалық жағдайлар өзгеруiне сәйкес беріледі.
2. Қазақ халқының бала тәрбиесіне қойылатын талаптары. Жаңа ұрпақ
әлеуметтік және ұлттық ортада тәрбиеленді. Ол жастайынан әлеуметтiк-экономикалық қатынастарға араласып, халықтың әдет-ғұрыптары,салт-дәстүрлері, өмір салты, мәдениетi ықпалымен еседі. Бала аға ұрпақтың тiлiн менгерiп, оның рухани кұндылықтарына бауыр басып, мiнез-кұлкын бойына сiңiредi. Адам мiнезiне ұлтының, басқа ұлттардың, барша адамзаттың,таптың мiнез-құлық. жүріс-тұрысы әсер етеді. Ұлттардың
мiнезiнде өзгешелiктер бар. Халқымыздың мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары оның дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарының өзегі, қазақ салттарының негiзiне алынған моральдық кодекс:
- балалардың борышы - ата-ананы құрметтеу;анасының қарғысын алған, ағайынның алғысын алмас:
- ананың алдында асқар тау да алаca;
- ана сүтін ақтамағанды ешкiм мақтамайды;
- анасына орын ұсынбаған, әкесiне қолын ұсынбас.
Халық балаларға алты асыл қасиеттi (зерде-зейiн; енер-өріс; тапқырлық, талап, ерлiк; жiгер-күш: қайрат-қару: білім), үш асыл мiнез қылықты
(елi мен туған-туыс, жұрағат-жекжат.досқа адал болу; өте әділетті болу;
тура, бетке айтар шыншыл болу) ciңiруге тырысқан. Үлкендерді сыйлау -
қазақ халқының бала тәрбиесiнде баса назар аударған адамдық қасиеті.
Қазақ халқының тәрбиеге қойған талаптарын төмендегi кестеден көруге
болады. Әйел адамнан талап етiлген адами қасиеттер: зейiндiлiк, iскер, жан жарын күту, аналық борышы - өмiрге перзент әкелу, тәрбиелеу, қонақ қабылдау, шай құю, құрт қайнату, тоқымашылық, киiз басу, кілем тоқу. Қазақ әйелдері бесік жырын айтып, балаларын тәрбиеледі.Әр шаңырақтың ең құрметтi, сыйлы адамы - ата-әже болды.Туыстардың барлығы да қарттар мен ата-аналарына қамқорлық жасады.
Қыз, ұл, ана, әке, қарттардың жоғарыда аталған қасиеттерi мiнез-құлық, жүріс-тұрыс өлшемi болып, ол үлгілерге ата-бабаларымыздың сан
ұрпағы еліктеді. Ұлы өнеге әлі де маңызын жойған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының тәрбие саласында пайдаланған педагогикалық талаптары халық дәстүрлерінен орын тапқан.
Олар:
- балалар ойындары:
- шығармашылығы:
- баланың дүниеге келуiн (шiлдехана) тойлау:
- бесікке салу:
- қырқынан шығару:
- белгiлi бiр жасқа толуын (туған күн) мерекелеу:
- алғашқы қадамына сәттілік тілеу (тұсау кесу):
- сүндетке отырғызу;алғаш ат жалын тартып мiнуi (тоқымқатар):
- жарысқа, күреске түсуi;
- той жоралғысы (<<Тойбастар», «Жар-жар>>, <<Беташар>>, <<Сынсу>>, <<Қыз ұзату»;
- көктемнің келуiн мейрамдау (Наурыз):
- кiсi қазасына байланысты салттар (Жоқтау), алыс сапарға шығарып салу.
- туыстар, кершiлер арасындағы ар түрлi тойлар («Соғым>>, <<Шеке>>, <<Биебау>>, т.б.: қонаққа бару, қонақ қабылдау);
- айтысқа, әр түрлі ойын-сауықтарға қатысу:
- аламан жарыс, бәйге жарыс, көкпар тарту, қыз қуу, теңге алу, қазақша
күрес, т.б.
Осы дәстүрлердің әрқайсысы тәрбиенiң өзінше бір құралы, тәсiлi немесе
әдiсi ретiнде қызмет еттi.Ә. Табылдиев халықтық тәрбие негiзiнде қазiргi балаға қойылатын талаптарды тұжырымдады. Олар:
1. Yш барлығығды: елің мен жеріңді және тiлiңдi құрметте! Елiңдi
жамандасаң - кемусiз қаласың, тiлiндi қорғамасаң - кадiрсіз боласын.
2. Атанның баласы болма, адамныңбаласы бол!
Тегiңдi бiл, терең біл, бірақ руға бөлiнбе!
Рушылдық - iндет. Елiңдi суй, ол -саған мiндет!
3. Жер - ата-бабаңнан қалған қасиеттi қоныс, болашақ қазақтың қазынасы. Тал бесік пен жер бесіктің аралығындағы ғұмырыңның ұясын қорға топырағың былғама, суын лайлама!
4. Ана тілің - абыройың. Ана тілін білмеген қазаққа құрмет көрсетпе, қызмет ұсынба! Ана тілін үйренгiсi келген басқа ұлттың баласын бауырына тарт, сөйлес!
5. Халықтың ән-күйiне, əдет-гұрпына бас и!
Ақылына жүгiн, бiлiмiне сен! Айқай - әлсiздiғ iсi, ақылдың күші - білiмде.
6. Уақытпен санас, уақытында жат тұр, тамырыңды iш, шаруаңды iсте, ойнап күл! Ерте тұрсаң - ырысың артады.
7. Жалқаулыққа жол берме. Ол - басты жауың. Кiсi баласына қиянат жасама, өтiрiк айтпа, мақтаншақ болма. бойыңды кесапат мiнездейён аулақ ұста!Бул надандықтың белгісі. Өйткені, жасайтын сен, жауап беретiн халкың.
8. Баска ұлттың баласына бауырмал бол. Ол - сенiң досың әрi көршің,
қонағың. Көп ұлтты әлеумет ортасында өмiр суре бiл
9. Шығыс мәдениеті - алтын тамырың. Тамырыңнан қол үзбе!
10. Өз сенiмi бар адамды сыйла, еш нәрсеге сенбейтiн, ешкiмдi сыйламайтын адамнан қорық.
11. Ата-анаңа мейірімді, халқына кайырымды бол! Үлкен адамға сендеп сызданбай, сiз деп сөйле. Сiз
деп сөйлеу - кiшiлiктiң емес, кісіліктің
белгiсi.
12. Қыз - елдiң көркі, гүл - жердiң
көркi. Елдiң бiрлiгi отбасының берекесiнен басталады. Азаматқа адал
жар, балаға аяулы ана бола бiлсе, қыз
баланың бағы артады, елдiн мерейін
өсiредi.
13. Ұрпагым, жау iздеме, дос iзде!
Өйткені, жау өзі келеді, дос табылмайды. Қара басыңнын өкпесiне бола,елеңнің ұлы мақсаты аяққа таптама!
14. Билiкке ұмтылма, бiрлiкке ұмтыл!
Алыстан тоят iзде. Өнер, бiлiм уйрен.
Арақ ішпе, темекі тартпа.
3. Бiлiмнiң негiзгi функцияларының бірі - балаға туыстық өатынастардың
күрделі жүйесiн, ұлт iшiндегi әлеуметтік релдердiң мәнiн түсiндiрiп, улт субъектiлерi арасындағы қатынастарды реттеу, шежiресiн таныту. Ол ушiн әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердiн негiзiне алынатын нормалар жүйесі қолданылып,туыстық қатынастар реттеліп, балаға тәрбие берiледi. Ұлттық тәрбие ұлт субьектiсiн мақсат қоя отырып калыптастыратындықтан, халық баланы кішкентай кезiнен әдет-ғұрып ұгымымен байланысты ұлттық тәрбиенiн негізгі құралы этноәлеуметтік релдердi (К.Ж. Қожахметова) орындауға қатыстырды.Этноәлеуметтiк рөл мiнез-құлық, журiс-турыс және қарым-қатынас нормаларынын кешенi. Халық бiрлесудi бiрлiкке ұштастырған, ұлттық және адамзаттық дәрежеге көтеруді көздейді. Ұлттық бiрлiкке ықпал ететiн туыстық байланыс - белгiлi бiр дәлелдерге негізделген этноәлеуметтік рөлдерден анық байқалады.Әрбiр туыстық қатынас адамның мiнез-құлқынын және жүріс-тұрысының нормалары болып табылатын еңбеккер, үй иесi, азамат болу сынды әлеуметтiк рөлмен тығыз байланысты.Әрбiр жеке тұлғаның сапасы, қызметі, мiндетi көрсетiлген этноәлеуметтiк рөлдер ұғымы әдет-ғұрып ұгымымен байланысты. Әдет-ғұрып негiзi халықтың тұрмысынан туған ойлар, идеялар, дуниеге көзқарас. Тәрбие құралдары болып табылатын, іс-әрекет
мұқият түрде белгiленген әдет-ғұрып,.салт-дәстүрлер рулар арасындагы дау-жанжалдарды тоқтату ушiн пайда болып, бiрiгу идеясын насихаттап,
қоғамға тәртіп енгізген. Өзара әрекеттің, карым-қатынастың ережесi әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердегi жас ұрпақта калыптасуга тиісті рухани сапалар балаларға бiрiккен іс-әрекет арқылы берiлiп, жас урпактын іс-әрекетін, ақыл-ойын, сана-сезімін бағыттап отырды.
Әдет-ғұрыптар рулық қоғамда адамның мiнез-құлқына, жүріс-тұрысына баға беру өлшемi ретiнде қолданылды. Тәрбиеге этноәлеуметтік тұрғысынан келу - қазақ этникалық тәрбиесiнiң кешендi құралы, табиғи негiзi, туыстық байланыстың этникалық тәрбиеге үлкен ыкпалы бар екенін көрсетті.Қазақ халқы - белгiлi бiр дәлелдерге негiзделген туыстық қатынастардың берiктiгiн жоғары бағалап сактайтын
халықтардың бірі. Сондықтан, құндылыктар жүйесiнде <<туыстар>> ұғымына,олардың iшiнде балаға негiзгi орын берiледi. Туыстық рухы ұлттық бірлікке ықпал ететіндіктен баланы кiшкентай кезiнен.этноәлеуметтiк релдердi орындауға қатыстыру керек.
Туыстық байланыстардың беріктігі:ата-ананы сыйлау парызы, қартайған
ата-аналардын балаларымен бірге тұруы, кенже немесе жалғыз ұлдың ата-
ана алдындагы жауапкершiлiгi, ересек балалардың iнi-карындастарының
тәрбиесiнiң жауапкершілігі, балаларды туыскандарынын асырап алуы, туыс отбасыларының өзара көмегi және жесiрлердiң балаларын туыстардың өз камкорлыгына алуы сияқты әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қазақ отбасыларының жазылмаған заңдары бола отырып, балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ыкпал жасаганы
даусыз.
Парасатты әке-шеше балаларына өздерінің шыққан тегі, руы, ел-жұрты туралы әңгімелеп, ағайын туыстар
арасындағы қатынасты, жекжат-жұрагатты сыйлау салты бойынша аталас ағайындар бiр-бiрiне қамқорлық жасап, карайласып отыру мiндеттiлiгiн түсiндiрiп, олардың үлгілі iстерiн мадақтап отырған. Халық ағайындарын ерекше құрметтеуге ұрпақтарын баулып, бағыт сілтеген.
Туыстар арасындағы: әке мен ұлдың, шеше мен кыздың, әке мен кыздың, шеше мен ұлдың, келiн мен қайын ененiң, келiн мен атаның, нагашы мен
жиеннiң, күйеу мен кайын ененiң, бажалардың, жезделердiң, бөлелердің
және тағы басқа толып жаткан туған-туыстардың, жекжаттардын арасында өте бiр нәзiк жарасымды өзара қатынас инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелейдi.
Қазақтарда қандас туыстық ер адам
жағынан есептеледі. Этнос өкілінде
туыстық байланыстың 3 түрі бар:
• әке жағынан туыстар (өз жұрты);
ана жагынан туыстар (нағашы журты):
• ерi, әйелi жағынан туыстар (қайын жұрты).
Қазақта <<Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын>> деген мәтел
бар. Қазақ «қияметтiк көршi>> деп, «көршi акысы>> деп көршiнi ағайыннан да артық сыйлайды. <<Ауылы аралас, қойы қоралас>> көршiмен тiлектес, ниеттес болу, оған көмектесіп, қайғысына да, қуанышына да ортақ болу - парыз. <<Жаксы көрші - ата менен енедей.жаман көрші - басқа қонған пәледей>> деп, халық көршi сыйлау дың көп мәнi бар екенiн уағыздайды. «Құданы Құдайдай сыйла», «Күйеу -жүз жылдық, құда - мың жылдық ». «Құда дескен, кұйрық-бауыр жескен» деп халық құда, құдағи, құдашаларды ерекше құрметтеуге ұрпақтарын баулып отырған. Құда сыйлау рәсiмдерi:құда түсу, жастарды үйлендіру, бесік тойы, мүшелтой, мерейтой, т.б. тойлар да өз жүйесімен, тәртiбiмен, кәде-жорасымен iске асырылады. Ұрпаққа ата-анадан кейiнгi ең жақын жанашыр адам - нағашы.
Халықта «өз жұртын күншiл, қайын жұртын мiншiл, нағашы жұрт сыншыл>> деген мақал бар.Әрбір ұрпақ анасынын шыққан тегін,
нағашы атасын, әжесiн, апасын,ағасын, әпкесiн, iнiсiн, карындасын
өзiнiң туған жакындарынан да артық көрiп, айрықша сыйлауға міндетті.
Нагашының жақындық жан сезiмiнiң көңілашар көрiнiстерi, елжірегiштiгi
мен кайырымы жиеннiң жанына күн сәулесіндей әсер етiп, жақсылыққа баулиды. Жиен, жиеншар нагашының бұл қасиеттерін тебірене сезiнiп, тектілікпен қайырым жасауга борышты.<<Әкенiн жаксылығы жездедей>> деп халық жезденi әкемен қатар қояды. Өйткені, жезде анадан кейiнгi екiншi ана - әпкенiн жұбайы. Ол бауырларына барынша қамқорлық жасауға міндетті. Балдыздары жездесiн әкесiндей сыйлап, құрметтейді. Балдыз бен жезде арасында ешқандай кикілжің, реніш
болмау керек. Әзіл-қалжың, көңілдi сөз. куанышты куптау, ақжарқын акылдасу сияқты арақатынастық рәсiмдерiн жезде де, оның балдыздары да орнымен,қисынды жүйесімен орындауы тиiс. Сол сиякты күйеу бала қайын атасын,енесiн, кайын агасын өзiнiң туыстарынан да артық сыйлай білу керек.
«Келін әдебі>>, <ұл бала әдебі».«қыз бала әдебi>> (әдеп-этика). «Келін>>ерiнiң інілері мен апа-қарындастарына жеңге болып келеді. Әдет-ғұрыптағы келiннiң қайын жұртымен карым-қатынасының формуласы: «жеңге қайын сіңлi», «жеңге-кайын iнi>>. «Жеңгесі бардың теңгесi бар», «Жолы болар жiгiттiң жеңгесi шығар алдынан>> деген нақыл сөздер осыдан шықса керек.
Қазақ халқы балаларды қартайған ата-аналарынын өмiрi үшiн жауапкершiлiкке тәрбиелейдi. Осы идея «кара шаңырақ», «кенже ұл» деген ұғымдардын негiзiне алынды. Мәселен, баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызын халық <<Алпамыс батыр» жырында былай тұжырымдайды:
Ақ сүт берген ананың
Балада хакы көп болар.
Ана деген мейiрлi.
Сыйлай гер, балам, анаңды.
Ана деген қадірлі,
Сыйлай гөр, балам, атаңды.
Аталас, ауылдас, кұда, нағашы,күйеу, жезде, жиен, дос, жолдас, таныс, ұжымдас адамдармен соғымбасыға шақыру, сыбаға беру, бас қосу, той-томалақты бiрге өткiзу, қуанышты құттықтау, қайғыға ортақ болу, т.б. ағайындық сыйласым салттары арқылы сыйласкан. Бұл - атага бөлiну емес, бiрлесу.
Сонымен қазақтың ұлттық тәрбиесiнiң негiзi - этноәлеуметтiк рөлдер.
Әдет-ғұрып, рәсiмдер, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу кебіне отбасында жүреді. Ал Отанды сүю, үлкендерді құрметтеу, еңбек дәстүрлерi арқылы тәрбиелеу, көбiне, мектепте жүреді. Бірақ екі тәрбие институтының жұмысы тығыз байланысты. Ұлттық тәрбиенi жүзеге асыруда Қ. Жарыкбаев, Ә. Табылдиев қурастырған <<Әдеп әліппесі>>, <<Әдеп негiздерi>>. <<Әдеп және жантану» бағдарламаларының үлкен маңызы бар.
4. Халықтық педагогикалык даналықта жеке тулганы жетiлдiру идеясы жетекші орын алады. Мұндай идея қарапайым түрде ежелде пайда болды. Адам табиғатындагы биiк құндылық өзiн-өзi жетiлдiру болғандықтан, тәрбиенi өзiн-өзi тәрбиелеумен ұштастыру оны кең мағынада түсінуге мүмкіндік бердi. Еңбек үдерiсiндегi прогресс тәрбиедегi прогреске ықпал етiп, адам қарапайым, стихиялы педагогикалық әдіс-тәсілдерден күрделі педагогикалық іс-әрекетке кештi.
Достарыңызбен бөлісу: |