1.2. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
1. Этнопедагогика кіріктірілген ғылым, ягни этнография, педагогика, фольклор негізінде пайда болған педагогиканын ұлттық бөлiмi. Этнопедагогика негiзi - этнофилософия, этнос теориясы, этнопсихология, мәдениет Философиясы, педагогика әдіснамасы. Этнопедагогика ұлттық рухани мәдениетке кiретiн бөлік болғандықтан,фольклор, халық даналығы маңызды этнопедагогикалық білімдер. Педагогика этнопедагогика ғылымында жетекшi рөл атқарады. Этнопедагогиканың
әдiснамалық негiзi - этнопсихология.қазақ философиясы, этнология ғылымдарының негізгі ережелері, зерттеу әдістері. Этнопедагогика педагогика ғылымына енетіндіктен оның заңдылықтарын, принциптерiн қолданады. Этнопедагогиканың мақсаты этнографиянын тәрбиелік маңызын ашу.
Этнос дегеніміз - халык. Этнология - этнопедагогиканын, оның терминологиялык аппаратынын негiзiн дамытатын ғылым.Этнос - негізгі ұғым. Турлерi: рy,тайпа, улыс, улт. 5000-нан астам этносты құрайтын әлемде 5 млрд. этнофор бар. Көбі ұлыс деңгейінде қалып,ұлт деңгейіне жетпеген. 800 ұлыс ұлт деңгейіне көтерiлген. Жер бетінде жойылғалы тұрған 33 этнос бар. Ең азы -200 адамды құрайтын вудь этносы.Себебі, аумағы(территориясы), президентi бар. Қазақстанда 137 этнос бар. Оның iшiнде қазақ (52,3 пайыз) негiзгi этнос болып есептелінеді.Л.Н. Гумилев «Көне түріктер>> деген еңбегінде эндогамдык принципті ұсынған. Ол этнос адамдар қауымдастығы, биологиялык бiрлестiк деген. Этносты бiрiктiретiн шартты рефлекс түрінде бiр ұрпақтан екінші
ұрпаққа берiлетiн дәстүрге негізделетiн этникалық стереотип екендiгiн дәлелдеді.Үлкен мәдени өркениет этнос өзегі - дәстүр. Эндогамия принципі бойынша аралас некеге тыйым салынады. Себебі ассимиляция нәтижесінде көп ұлттар аз ұлттың жер бетінен құрып кетуіне
тікелей әсер етеді деген. Ю.В. Бромлей эндогамия принципiн костап, салт-дәстүр құрып, тiл арқылы ұлт сақталады деген. Этноәлеуметтік ағза, бұл дегенiмiз аумақтық ерекшеліктер. Мысалы, өзбектердің географиялық
жағдайы оларды моноэтникалык ұлтқа айналдырды. Еуразия тоғыз жолдың торабы болғандықтан Қазақстан көпұлтты республикаға айналды. Климат,экономика болмағанда этнос өзегі бұзылады. Этностардың мәдени эстетикалық функциялары бар.Этностың 1 компонентi - этностың жер-жерге шоғырлануы.этностың өнiмі,
D компоненті демографиялық құрылымы.
E компоненті өндірістік экономикалық әрекет.
S КОМПОНЕНТі әлеуметтік қатынастар жүйесі мен институттары. Мысалы:әжелер клубы, «Ұрпақтар сабақтастығы> клубы.
L компоненті-тiл, тiлдiк нормалар.
К компоненті мәдениетті сақтау
және дамыту.
С компоненті турмыс, салт-дәстур, ғұрып.
F компоненті - дәстүрлi фольклор
(ойын елендер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер,
бата, айтыс, өлең-жырлар, аңыз-əнгімелер)
P компоненті өз этносын қабылдаудың психологиялық жақтары.Қазақтың қазақты менсінбеуi – жаман мiнез.
R компоненті - өзара қарым-қатынас жүйесі. Мысалы: өз журты әкенің туысқандары. Неміс, еврей ұлтында өз жұрты шешесiнен тарайды.Қазақта нағашы жұрты, кайын жұрты деген бар. Бала қай ортада болса да байсалдылықпен өз орнын бiлдi.
2. Ұлттық мектептiн маңызды мiндеті этнопсихологиялык ерекшеліктерді зерттеу.Этнопсихология ұлттық мінез-құлықты, жүріс-тұрысты, оның басқа ұлттардан ерекшелiктерiн, ұлттық сананы қалыптастыратын жағдайларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Қ. Жарыкбаев: «Халық психологиясы - адамдардын фольклорда.дiнде, тiлде, мәдениетте, дәстүрлерде керiнiс тапкан психикалық іс-әрекеті, өмiр салты, тұрмысы туралы білімдер», - деп көрсетеді. Этнопсихология адамдардын iс-әрекеті мен мәдениетiнiң мінезге әсер ететiндiгiн дәлелдеді. Осы пiкiрлер этнопедагогика мен этнопсихологияның ұқсастығын, екеуi де ұлттық сана-сезiм, мiнезді қалыптастыру мәселелерін шешумен айналысатындығын көрсетеді.Психология ғылымының докторы,
профессор В.К. Шабельников этнопсихология кеңестік дәуірде ұлттық
айырмашылықтар ескiнiн сарқыншағы.болашақта ұлттар болмайды деген тepic көзқарастын кесiрiнен дами алмағандығын жазады. Ұлттық психологияның мiндеті - халықтың өткен замандағы мiнезiн зерттеу, халык мiнезiнде болатын өзгерістерді алдын ала айту. Мiнезге аймактағы экономикалык өзгерістер де әсер етеді. Қазақстандағы тың жерлерді игеру, калада өнеркәсіп дамуына байланысты дәстүрлі ауылшаруашылығының өзгеруі, адамдардың қалаларға қоныс аударуы - олардан жаңаша ойлауды, сезiмдiк сфераларды дамытуды талап етті. Биосфераның өзгеруi қоғамға улкен өзгерiс әкелді. Адамдардың мiнезi өзгерді.Олар қиын кезде тiршiлiк етудiң жаңа тәсiлдерiне үйренді. Жаңа жагдайда адамдардың карым-қатынасын реттеп тұрған тәртіп ережелерi, рулык байланыстар бұзылып, олардың арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстар әлсiрей бастады.
Әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялык емiрдегi тубiрлi өзгерістер
қазақ ұлтының да мiнезiне үлкен жаңалықтар әкелгенiн Н. Сәрсенбаев,
Н. Жангелдин, Қ. Жукеш. Н. Елікбаев зерттеулері анықтады. Қ. Жукеш <<Ұлттық психологияның сипаты» деген еңбегінде қазақтардың бiрлiгi жасанды түрде бұзылғанын анықтайды. Ол ұлт бар жерде ұлттық психология болатынын дәлелдеді. Әдебиет, тіл, мәдениеттiң, тұрмыстың ұлт мiнезiне әсер ететiнiн атап көрсетті.Ғалым ұлттық психология бөліктерiне ұлттық мiнезді, ұлттық мүддені,ұлттық сананы енгiздi. Қазақтың жақсы мінез белгілері ретінде жауапкершiлікті, өнерге деген сүйіспеншілікті,балаға деген махаббатты, үлкендерді құрметтеуді, ақтықты, аңғалдықты атады. Қазақтың жаман мiнезiне елiктеушiлiктi жатқызған.
Н. Сәрсенбаев ұлт психологиясы ұлттық әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, ұлттық сезімдерден керiнетiндiгiн айқындады. Әдет-ғұрып,салт-дәстүрлердiн тек ұлтқа тән құбылыс екендiгiн атап көрсетті.Этнопедагогикағылымы үшiн Н. Елiкбаевтың «Ұлттық психоло-
гия» (1992) еңбегінің маңызы зор. Оның пiкiрiнше, халықтардың тарихы, шаруашылык жагдайы алуан түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер аркылы ұлттық сезiмдерден керiнетiн мiнез белгiлерiн қалыптастырды.
Автор аталған еңбегінде ұлттың рухани өмiрін идеологиялык, психологиялык деп екіге беледі. Идеологиялық өмiрге әдебиетті, енерді, ғылымды, философияны, дiндi енгiзедi.
Психологиялык емiрге ұлттық сезiм әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер ұғымдарын жаткызады. Бiрге өмір сүру, әлеуметтiк, табиғи-географиялык, материалдық, мәдени жағдайлар ұлт мiнезін басқа ұлттардан ерекшеледi.
Әрбір ұлт өкілінің өзіне тән ұлттық мiнезi, сезiмi, дәстүрі, әдет-ғұрпы бар.
Қайырымдылық, қатыгездік, жомарттык, тойымсыздык, эгоизм сияқты жақсы да, жаман да қасиеттер барлық ұлт өкiлдерiнiң бойынан табылады.
Ұлттык психология құрылымына кiретiн маңызды элементтердiн бiрi -ұлттық мiнез. Ұлттық мінез халықтың қоғамдық, экономикалык өмiрiне
арқылы қалыптасқан дағдылар мен әдеттердің жиынтығы. Оның белгiлерi -еңбексүйгіштік, қайырымдылық, ержүректiк, қаталдық, еркiндiктi сүю. Әрбiр халықтың ұлттық психологиясының ерекшелiгi бiрге өмір сүруге, тiршiлiк үшiн күреске байланысты болды. Оны ерекшелейтiн - баска ұлттарда жоқ қасиеттері. Ұлт мiнезi материалдық (киім, т.б.) және рухани (саз, би, отбасылық қатынастар, спорт, т.б.) мәдениеттен, тұрмыстан, әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерден керiнедi. Ұлт мінезiне әр түрлі таптардың идеялары да әсер етеді. Ұлттық сезім ұлттың жан дүниесінің манызды құрамдас бөлігі, тусiнiк, угым, сенiм, арман. адамдардын өз ұлтының мүддесiн, қажеттiлiктерiн түсiнуi, ултынын жетiстiктерiне мақтану, басқа ұлттарды құрметтеу. Н. Елікбаевтың пікірінше, әр халықтың қажетіне сай немесе сай келмейтiн жағдайдан туындаған ұлттық
сезiм ғасырлар бойы қалыптасады.
Ұлттық сезімге экономика, мәдениет, табиғат тұрақты түрде әсер етті.
Ана тiлге сүйіспеншілік - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал еткен, көзге айқын көрінетін ұлттық сезім. Ұлттык сезiм-адептiлiктi, сақтық ты талап ететін ете бір қауiптi қоғамдық қатынастар саласы.Ұлттық өзiндiк сана - ұлтқа тән
жоғары деңгейдегі курделі, жетiлдiрiлген сана, адамның белгілі бір ұлт өкiлi екендiгiн бiлуi, өз ултының әлеуметтiк-экономикалык мәнін, оның ұлтаралық қатынастағы ролi мен адамзат дамуына қосқан үлесiн түсiну, оны сүю, басқа халықтарды құрметтеу, хапықаралык моральдық-құқықтық нормаларды түсіну. Ұлттық муддеге қоршаған өмiр, өндiрiстiк қатынас әсер етедi.Ұлттық талғам улттын эстетикалық сезiмiнiң қалыптасу денгейiн көрсетті.Сананы мәдениет анықтайды. Ұлттық санаға,психологияға көшпелі мал шаруашылыгы қатты әсер етті. Тарбиешілер балаларды енбекке, шыдамдылыққа, елжандылыққа үйретті. Дiл (менталитет) халык мәдениетi, дiнi, турмыс-тiршiлiгiнен туындаған, белгілі бір ұлтқа тән тұрақты, өзгермейтiн ойлау жүйесі, басқа халықтан өзге рухани емiрi, дуниетанымы.
Сонымен қазақ этнопедагогикасының әдiснамалық негізі болып табылатын этнопсихология улттык тәрбие мiндеттерiн жүзеге асыруға көмектеседі. Этнопедагогика мен этнопсихология ғылымы ұлттық сана-сезім мiнездi калыптастыру мәселелерін шешумен айналысады.
3. Дүниені қабылдау дегеніміз -дуниенi түсiнудiң танымдық интеллектуалдық мәні, этнофилософиялыө бiлiмдердiн этнопедагогикалық мәнін тусiнуге мүмкіндік береді. Этнофилософия (гр. Ethnos - халык+phileo-сүйіспеншiлiк+sophia - даналық) – мәдени санасына енген
антропологияның бағыты болғандықтан жеке халықтардың әр түрлі құбылыстарды және дүниенi қабылдауы арқылы
қоршаған орта құбылыстары, атап айтсақ, дүние, кеңiстiк, уақыт, қозғалыс, қоғам және басқалары туралы жүйесiз, стихиялы қалыптасқан бiлiмдерiнiң жиынтыгын зерттейтін ғылым саласы.этнофилософиянын мазмұны «дүниенің этникалық картасы» деген ұғымға жақын.
Философия кеп ғасырлар бойы халыктын рухани мәдениетінің құрамында бiрге жасап келеді. Ол мұсылман дәуiрiне дейiн де когамның барлық топтарының арасында кең тараған ауызша түрдегі халық шығармашылығында белгілі қазақтың ақын-жырауларының шығармаларында болды. Басқа философиялык жүйелер сияқты қазақ философиясы да <<Адам бұл емiрге не үшiн келеді?»>, <<Ол калай өмiр сүрiп, енбек ету керек?». «Өлiм дегенiмiз не?» деген өте маңызды дүниетанымдық сұрақтарға жауап береді. Ұлттық болмысты философиялық тұрғыдан тусiнуге ұлттық тiлдiн ерекшеліктері, халықтың шаруашылык өмiрiнен туындаған тұрмыс, әдет-ғұрып, дастур, адамгершiлiк нормалары, тәртіп ережелері ыкпал етті. А. Калабаев, Ж. Алтаев қазақ философиясығ қазақ халқының тарихын зерттеу ушiн методологиялык негiз деп қарайды.
С. Сегізбаев Қазақстандағы философия қазақ ру, тайпаларының пайда болған кезінде шыққанын атап көрсетеді: «Тіршілік ету ушiн карапайым болса да дуниетанымдық бағытка, атап айтсақ, кеңiстiкке, уақытқа, жыл мезгiлдерiне, ауа райы өзгерістеріне, адамның тәртiп ережелеріне сүйенукерек едi>>
Қазақ халқынын көшпелi өмiрiнен,тұрмысынан, әдет-ғурпы, салт-дәстүрiнен, әлеуметтік, мәдени орта ыкпалынан туындаған белгілер философияда көрініс тапты. Қазақ халқының тарихын зерттеушiлер - Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б. қазақтардың арғы тегі көшпелі тайпалар болғанын дәлелдедi (Этномәдени пайымдау.Алматы,1997).
Этнопедагогика ғылымы ушiн философиядағы тыйым уғымдарының
зерттелу деңгейiн бiлу маңызды. Қазақ халкы тыйымды үш топқа бөлген
(А. Сейдімбек): адамдарға қатысты тыйымдар, қоғамдық тыйымдар, табиғатқа байланысты тыйымдар. Адамның адамга, адамның қоғамға, адамның табиғатқа қатынасы тыйым арқылы орнатылады. Кез келген тыйым «адам-коғам-табиғат>> арасалмағын сактайды. Тыйым нақты бір адамның iсiмен шектеледі. Мысалы: «Қолыңды төбеңе койма>>, <<Таңдайынды қақпа>>,<<Басыңды шайқама». Қоғамға қатысты тыйымдарда адамдардың басқа адамға, заттарға бағытталған сөзi мен
iсi қандай болу керектігі көрсетіледі.Мысалы: «Жаман ойлама>>, <<Тамаққа түшкiрме>>. Адам дуниеден озғанда,оны өлді>> демей, демi таусылды «дүние салды» деген сөздерді қолданады. Қалыңдық жаңа отбасы мүшелерінің атын атамай, жана есiмдер -метонимдер ойлап шығарады. Қазақтар кһбіне өте биік саналған табиғатқа, жан-жануарларға табыну үлкен орын алған, қиын сәттерде дуниеден өткен рубасын, ата-бабаларының аруақтарының есiмдерiн атап шакырып, соларға табынатын сенiммен тығыз байланысты шаманды ұстанды. Бұл женінде Шоқан <<Тәңiр>>(құдай) «Қырғыздардагы шамандык белгiлері» деген енбегiнде қазақтар аспанды (Тәңір) барлық қайғының, қиыншылықтың, бақытсыздықтың, өлімнiң себебі, жазалаушы күш деп, ең биiк,қуатты құдай деп санағанын жазды.
Аспаннан басқа күнге, айға, жұлдызға. тауға, өзенге табынды. Бұдан басқа да көптеген наным-сенiмдер,тыйымдар ежелгi малшының көшпелі тұрмысынан, фантастикалық түсінiгiнен, әдетке айналған ой жүйесiнен туындап отырды. Қазақтар ерекше маңызды зат ретінде отқа табынып, оны қасиетті, тазартушы, отбасын қорғаушы деп ойлады.
4. Этнопедагогиканың пайда болуына мәдениет теориясы да әсер етті. Мәдениет теориясы - казак этнопедагогикасының әдіснамалық негізі.Этнографияның негiзгi зерттейтін
саласы - дәстүрлi-тұрмыстық мәдениет. Этникалық мәдениет - этникалық тәрбиенiң құралы және мазмұны.Табиғи-экологиялык мәдениет материалдық өндiрiс мәдениеті. Қоғамдық-экологиялық мәдениет - бiр қоғамның басқа когаммен дипломатиялық, техникалык, ғылыми, сауда жолымен қарым-қатынас жасауы.Әлеуметті реттейтін мәдениет адамдардың бiрлескен іс-әрекетін реттейді. Тiл қалыптасқан соң мәдениет
әлеуметтi реттейтін құралға айналды.Мораль, дiн, енер, құқық, идеология,
ғылым, саяси және әкiмшiлiк жүйелер,рәсімдер, әдет-ғұрыптар əлеуметтi реттейтiн мәдениетке жатады. Бiлiм - осы бөлiктiң маңызды бөлiмi.
Сонымен әлеуметтi реттейтін табиғи-экологиялық,қоғамдык-экологиялық мәдениет - бiр-бiрiне тәуелді, адам iс-әрекетінің құралдары. Мәдениет әлеуметтік тап, топтарды біріктіреді саралайды. Этникалык дәстүр этнос мәдениетiне енеді.
Материалдық мәдениет
|
Рухани мәдениет
|
еңбек құралдары, кару
көшу куралдары
мекен, киiм, азык
уй жануарлары
мәдени есiмдiктер
шаш кою
сәндiк заттар
|
бiлiм, адамгершілік
әдет-ғұрып, қуқықтық нормалар
өнер мен халық шығармашылығының
алуан түрі
Дiни сенiм
|
Э.С. Маркарян материалдық мәдениетке адамның материалдық қажетін ретейтін заттарды, рухани мәдениетке рухани қажеттiлiктердi етейтiн мәдениеттi жатқызады.Этнопедагогика этнографиялык ұғымдарды педагогикалык мәнiн бiлу үшiн талдайды.Сонымен этнопедагогика этнопсихология, этнофилософия, этномәдениеттану ғылымдарымен тығыз байланысты. Аталған ғылым салалары -этнопедагогиканың бастау бұлағы.
5. Әдіснама- ғылыми еңбек жазудың әліппесі, педагогика ғылымына
бағыт беретін, обьектiнi тануға көмектесетiн бiлiмдер. Әдiснама - Зерттеуді калай ұйымдастыру керек?», «Қандай философиялық теорияға сүйенеміз?>> деген сұраққа жауап беретін, зерттеушінiң өз саласын толық білуге тiкелей ықпал ететiн, бiлiм корларын анықтауға көмектесіп, әдебиеттердiң оқу бағыттарын керсететiн, педагогикалық құбылыстарды зерттеу және тану әдістерінің жиынтығы. Этнопедагогика әдiснамасының мақсаты - ұлт тәрбиесін терең тануға көмектесетiн әдістерді табу. Талдаусыз жүргiзiлген зерттеу жұмыстарынын әдіснамалык деңгейі төмен болады.Әдiснама принциптерi: объективтік,даму, тарихилық, теория мен практика бiрлiгi - қазақ этнопедагогикасының теориялық әдіснамалық негiздерiн дәлелдеуде маңызды рөл атқаратын халыктық принципі.Этнопедагогика әрбір ұлттың тәрбиесiн зерттейді.
Зерттеу жұмысынын негiзi - объектi,оны тану әдісі. Қазақ этнопедагогикасының нысаны - ұлттық мектеп,отбасы, ұлттық педагогикалык болмыс. Қазақ этнопедагогикасы қазақ этникалық тәрбиесін зерттейді. Қазақ этнопедагогикасы пәні - этникалық
тәрбие дамытатын этнос субъектісі.Ғылыми жұмыста объектiге толық
шолу жасау керек. Обьектімен жұмыс істегенде зерттеуші тақырып бойынша жұмыс істеген ғалымдарды, олардың зерттеулерiн, зерттеу жұмыстарының жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн, ғылыми айналымға енген жана бiлiмдердi, терiске шығарылған білімдерді анықтайды. Ол ушін этнопедагогикада обьектiнi тануга көмектесіп, жаңа ғылыми бiлiмдер алуға тiкелей ықпал ететiн талдау, жинақтау, бақылау, сараптама, индукция, дедукция, ұқсату,салыстыру сынды барлық ғылымға ортақ әдiстер қолданылады.
СӨЗДІК
Ұлт - әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың жогары формасы. Оны қалыптастыратын мәдениет.
Ұлыс - әлеуметтiк-этникалық қауымдастықтын теменгi формасы, территориялары кең, қандас туыстықтан ажыраган адамдар қауымдастығы.
Этнопедагогика - тәрбие туралы халық көзқарасын, қолданатын құралдарын зерттейтін ғылым саласы.
Этнопедагогиканың зерттейтін негізгі объектісі - ұрпаққа тәрбие беру үшін колданылған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, енер, тұрмыс, өмiр туралы көзқарас, тәрбие әдіс-тәсілдері.
Этностық өзіндік сана - этностык сананын, салттын кемелденуі.
Этнопедагогика-ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға мирас болған тәлім-тәрбиелік жүйесін зерттейтін ғылым.
Шариғат-ислам дiнiнiн заны.
Халықтық тәлім - этнос қауымдастарының урпагына уйреткен бiлiм, дағды икемдiлiктерiнiң жуйесi.
Салт-сана-қоғамдык ойдың, дәстүрдiң, әдет-ғұрыптардың жиынтығы.
Сана-сезiм-ой-пікір.
Этноәлеуметтiк рөл - туыстық байланыс, адамның мінез-құлқының, жүріс-тұрысының нормалары.
Зерттеу жобасы:
«Окушылардың ұлттық сана-сезiмiн қалыптастырудағы педагогикалық
басылымдардың маңызы>>.
Акпараттық жоба:
<<Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелiктi, ерлiктi желден алған секiлдi.
Мөлдiрлiктi көгiлдiр көлден алған секiлдi.
Қасарысқан ерлiктi шыннан алған секілді,
Мынқ етпейтін мiнездi жоннан алған секілді,
Түнерудi мұнжырап түннен алған секiлдi.
Қ. Мырзалиевтiң осы елең жолдарында қазақ ұлтының қандай қасиеттерi немен байланыста жырланған?
Мәселені шешу жобасы:
Ж.Молдағалиевтің мына өлең жолдарын талдап, өз пiкiрiңіздi бiлдiрiңiз.
Ар-ұят туралы
- Ол ұям, - дедi казак карм.-
Өлсең де, ожданнан безiнбе!
Жас жігіт күлдi оны мазақтаn:
- Ұятың нан болса, езiп же.
- Жеп келем, жеп келем туғалы,
Адам боп жүгенiм сондықтан, -
Деп қария мепсiнiп тулады.
Әммен, мек, жiгiм жок оны уққан...
Әйтеуiр шап сезi жөн едi.
Ақ атпа дегенi ағам па?
Иа, адам тірідей өледі -
Ұяттан айырылған сағатта.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Халықтың қоғамдық, экономикалық өмірі арқылы қалыптасқан дағдылар мен әдеттердiң жиынтығы:
А. Ұлттық талғам:
В. Ұлттық езiндiк сана:
С. Ұлттық мiнез:
D. Ұлттық мақтаныш;
Е. Ұлттық намыс.
2. Өз ұлтының адамзат дамуына қосқан үлесін түсіну:
А. Ұлттық талғам;
В. Ұлттық езiндiк сана;
С. Ұлттық мiнез;
D. Ұлттық мақтаныш:
Е. Ұлттық намыс.
3. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердi өмiрге әкелген:
А. Қоғам;
В. Рухани мәдениет:
С. Дәстүрлі тұрмыстық мәдениет;
D. Экологиялык мәдениет:
Е. Туыстық байланыстар.
4. Ұлттың эстетикалық сезiмiнiң қалыптасу деңгейін көрсететiн:
А. Ұлттық талғам;
В. Сана:
С. Сезiм;
D. Мiнез;
Е. Намыс.
5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың жоғарғы формасы:
А. Тайпа:
В. Халық;
c. Py:
D. Ұлт:
Е. Ұлыс.
6. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың төменгi формасы:
А. Ұлыс:
В. Тайпа;
c. Py:
D. Ұлт;
Е. Отбасы.
7. Қазақтың жаман мiнезi (Қ. Жукеш):
А. Еліктеушiлiк;
В. Талапсыздық:
С. Еріншектік;
D. Қызғаншақтық;
E. Кереалмаушылық.
8. Адамның өз ұлтынын жетiстiктерiне мақтануы:
А. Ұлттық талғам;
В. Сана:
С. Ұлттық сезiм;
D. Мiнез;
Е. Барлығы.
9. Ұлттық мiнез:
А. Ұлттық талғам;
В. Дағды мен әдеттiң жиынтығы;
С. Ұлттық сезiм;
D. Мiнез;
Е. Салт-дәстүрлердің жиынтығы.
10. Ұлттық сезім:
А. Ұлттық талғам;
В. Дағды мен әдеттiң жиынтығы;
С. Арман, түсiнiк, сенiм;
D.Мiнез;
Е. Дұрыс жауабы жоқ.
11. Этнопедагогика мен этнопсихология қандай мәселелермен айналысады?
А. Ұлттық талғамды қалыптастырумен:
В. Дағды мен әдеттi қалыптастырумен;
С. Арман, түсiнiк, сенiмдi қалыптастырумен
D. Ұлттық сана-сезiм, мiнездi қалыптастыру мәселелерiмен;
Е. Ұлттық дәстүрлерді насихаттаумен.
12. «Ұлттық психологияның сипаты>> еңбегінің авторы:
А. Қ. Жарықбаев:
В. Қ. Жукеш;
С. Н. Елiкбаев;
D. H. Сәрсенбаев;
Е. К. Оразбекова.
13. Ұлттық сананы қалыптастыратын жағдайларды зерттейтiн:
А. Философия;
В. Саясаттану;
с. Этнопсихология:
D. Этнопедагогика:
Е. Этнография.
14. Этнофилософия дегеніміз не?
А. Қандай да бір халықтың дiни, кеңiстiк және уақыт, козгалыс, когам туралы
жүйесiз бiлiмi;
В. Халықтың дуние туралы бiлiмдерi;
С. Халықтың ғылыми бiлiмдерi;
D. Тұрмыстық бiлiмдер:
Е. Барлық жауабы дұрыс.
15. Қазақ философиясы кайда болды?
А. Кунделiктi өмiрде;
В. Ауызша түрдегі халық шығармашылығында, ақын-жыраулар шығармаларында:
C. Отбасында;
D. Py, тайпада;
Е. Халық тұрмысында.
16. Әдет-ғұрып, дәстүр, адамгершiлiк, тәртіп ережелерiн туғызған:
А. Тұрмыс:
В. Туыстық қатынастар:
С. Халық:
D. Ұлттық тiл, шаруашылық өмiр:
Е. Үстем идеология.
17. Рудың үлкендерін сыйлауды, өз руластарына көмектесуді талап еткен...
А. Шаруашылык өмiр:
В. Әлеуметтік өмiр;
С. Қиын жағдайлар:
D. Заңдар;
Е. Дұрыс жауабы жоқ.
18. Эндогамия принципiн ұсынған ғалым:
A. C. Кенжеахмет;
В. В.В. Краевский:
С. Л.Н. Гумилев;
D. Ю.В. Бромлей;
Е. Г.Н. Волков.
19. Этнопедагогиканың негiзi, оны дамытатын гылым:
А. Философия:
В. Әдiснама;
С. Этнопсихология:
D. Этнология;
Е. Этнография.
20. Педагогика ғылымын фольклор, этнографиямен байланыстыратын:
А. Философия:
В. Саясаттану;
с. Этнопедагогика:
D. Психология:
Е. Халықтық педагогика.
21. Этнопедагогика этнографиялық ұғымдарды не үшін талдайды?
А. Ұлттық тәрбие беру ушiн;
В. Педагогикалык мәнiн бiлу ушiн:
С. Сананы ояту ушiн:
D. Дәстүрлердi бiлу ушiн;
Е. Ұлттық мiнез қалыптастыру ушін.
22. Қазақ этнопедагогикасынын теориялық-методологиялық негiздерiн
дәлелдеуде маңызды рөл атқаратын принцип қайсы?
А. Ғылымилык;
В. Түсiнiктiлiк;
с. жүйелілік;
D. Халықтық;
Е. Тарихилык.
23. Этнопедагогиканың терминологиялык аппаратының негiзi:
А. Этнософия:
в. Этнология:
С. Қазақ философиясы:
D. Ұлттық психология:
Е. Этнография.
24. Этнопедагогика қай ғылым әдiстерiн қолданады?
А. Философия:
В. Әлеуметтану;
С. Этнопсихология, улттық мәдениет;
D. Ұлттық психология:
Е. Этнография.
25. Қазақ этнопедагогикасы әдiснамасының анықтайтыны:
А. Объектi, оны тану әдісі:
В. Тәжiрибе:
с. Принциптер;
D. Бағдарлама;
Е. Ғылыми жұмыстар.
26. Этнопедагогика методологиясының мақсаты:
А. Объектiнi тануга көмектесетiн бiлiмдердi анықтау;
В. Тәжірибені тану;
С. Ұлт тәрбиесін терең тануға көмектесетін әдістерді табу;
D. Жана гылыми бiлiмдер алу;
Е. Зерттеуге көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |