1.6. А. Байтұрсынұлы, М. Жумабаев, Ж. Аймауытов, т.б.
ұлттык тәрбие жәнiндегi зерттеулерi
1. Халықтық принципі идеясы
А. Байтұрсынулы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатұлы сынды қазақ зиялыларының еңбектерінде кен орын алады.Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937) -белгiлi қоғам қайраткері, тұлама ғалым, түркітанушы, жазушы, публицист, ағартушы-педагог, ұлттық педагогиканың негізін салушы.
Ахмет Байтұрсынулы өзінің барлық саналы өмiрiн қазақ қоғамында бiлiм ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық iсiнiн жанданып кемелденуiне бағыттады. А. Байтұрсынұлы ұстаздық қызметiн ауыл меттебiнен бастады. 1886-1891 жылдары екi сыныптык мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте окыды. А. Байтұрсынұлы «Қазақша оқу жайынан>> деген мақаласында надандыктын кесiрiнен қазақ елі шикізат көзіне айналғанын жазады. <<Әлiпби>>, <<Тiл - курал>> <<Әдебиет танытқыш» атты кітаптары қазақ тiлінің табиғаты, өзгешеліктері, тете жазудың жайы, терминдер, қазақ оқыту әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазуы. 1926 жылы Бакуде болған туркітанушылардың бүкілодақтық I съезіне қатысып, комиссия жұмысын басқаруы - осының бәрі оның қоғамдық, мәдени, агартушылық, ғалымдық қызметiнiн алуан турлi екенiн аңғартады.Ахметтiң алғаш агартушылық ой-пікірлері сонау 1913-17 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған. Ол <<Бастауыш мектеп>>деген мақаласында туған халқынын ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсап, ана тiлiнде сауат ашу мәселесін қойды. А.Байтурсынулы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш салды. «Адамға тiл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетiн бiлiм де сондай керек» деген ұлағатты сөз қалдырған.
А. Байтұрсынулынын пiкiрiнше, мундай мектеп саясаттан, миссионерлiк пiкiрден аулак болу керек.А. Байтұрсынулы халыққа бiлiм беру
iсiн ұлттық жазудан бастауды ұсынды.Ауыл мектептерiнде оқуға керекті
құрал жоқ, оқыта бiлетiн мұғалімдер аз болды. «Мектептiң халыққа жақындығы - балалардың бiлiмдi ана тiлiнен үйренетіндігі, деп ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, - қазақ тiлiн жоғалтып, орыс тiлiне тусiремiз де, араб әрпін тастап, орыс әрпiн окимыз>>, - дейдi.<<Оқу ана тiлiнде жүргiзiлсiн!» - деген ұран тастап, ауылда бастауыш мектептің дамуына үлкен үлес қосып, онда баланы ана тiлiнде оқытуға баса назар аударып, оқуға тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп iздендi. Әдіскер болғандықтан басқа халықтың тіліне ана тiлi негiзiнде үйрету тиiмдi болатындығына сендi.1912 жылы тұңғыш оку құралы халықты әрі сауаттандырудың басты құралы болған, әрi ұлттық дүниетанымды iске асыру мақсатын қойған <<Әліппені>> жазды. Халықты надандық түнегiнен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқу жайынан» деген мақаласында: «Бала оқытатын адам оған ұйрететiнiн, оның көңiл сарайын, мұгалiмдiк ғылымды жақсы білу керек», - дейдi.А. Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 62 санындағы «Мектеп керектерi» деген макаласында: «Ең
әуелі мектепке керегі - бiлiмдi, педагогика, методикадан хабардар, оқыта бiлетiн мұғалім. Екiншi оқыту iсiне керек құралдар, үшiншi керегі белгiленген бағдарлама>>, деп. оқытудың дидактикалык принциптерiн
тунгыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгiлеп бердi.
Жас педагог өзiнiң алған тәжiрибесіне сүйене отырып қазақ мектептерiне оқулық жазу мәселесімен айналысады. Ол үшiн, ең алдымен, қазақ тiлiнiң фонетикасын зерттеуге кірісті.А. Байтұрсынұлы 1914-1916 жылдары қазақ тiлiнде морфология, фонетика, синтаксис оқулықтарын басып шығарды.
Ғалым балалардың сауатын ашуға ана тілін үйрететiн кiтап керек екендiгiн
сезiнедi. А. Байтұрсынұлы - қазақ тілін, қазақша оқыту әдістемесiнiң iргетасын калаушы. Ол қазақ тiлiн дыбысқа бөлiп оқыту арқылы сауаттандыру әдiсiнiн негiзiн салды. Бұл салада бірнеше
әдістемелік макалалар жазып, сонын негiзiнде 1920 жылы Қазан қаласында <<Баяншы>> деген атпен әдістемелік
кітапша шығарды. Мектеп балаларына арнап «Оку құралын» жазғаннан кейiн, қазақ тiлiн пән ретiнде уйрететiн оқулық жасауға кірісті. Ол алғаш рет қазақ грамматикасына қатысты категориялардын әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынған <<Тiл - құрал» деген атпен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бул жұмысын «Тіл жұмсарту» деген атпен екi бөлiмдi кiтап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарды. Ол 1926 жылы әлiпбидiн жаңа турiн - осы күнгі колданылып жүрген «Әліппe> кiтабын жазды. Әдіскер оқушыларға ереже
жаттатудың тиiмсiз екенін дәлелдеп, тусiндiру, талдау, корыту тәсiлдерiн
қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендiру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсiлдерiн қолдану қажет екенiн «Қай әдiс жаксы?>> (1928) деген мақаласында айқын баяндайды.Халыққа бiлiм беру iсi үшiн халықтың (ұлттың) ана тiлiндегi жазуы болуын талап еттi. Мiне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынулы ерекше мән берiп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негiзде жаңадан кұрып.оны жузеге асыруға басшы болды.Әрi аудармашы, әрi ақын, әрi педагог-зерттеуші ғалым А. Байтұрсынұлының 50 жылдық тойына арнап жазған мақаласында Мұхтар Әуезов былайша баға берген: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салган әдебиеттегі орны, «Қырық мысал>>, <<Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылғы қазақ баласына істеген еңбегі, өнер, бiлiм, саясат жолындағы қажымас қайраты - тарих ұмытпайтын iстер болмақ>>.Ол тұрмыс-салт жырларын талдаған. Ол халық педагогикасының арқауы ауыз әдебиеті болғандықтан ұлттық
тәрбиенiң негiзi ауыз әдебиеті болу керек деп санады. А. Байтұрсынұлы 1926 жылы қазақтың «Жоқтау» жырларының жинағын шығарды.
2. Ж. Аймауытов (1890-1931) 1926 жарияланған «Психология» еңбегiнде
қазақ халқының рухани өмiрiндегi темперамент түрлеріне сипаттама береді. «Тәрбиеге жетекшi>> деген еңбегінде (1924) баланы оқытудың ережелерiн, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, бiлiм берудің шарттарын көрсететiн педагогика бөлiмi дидактика>> деп, дидактикага қазақ тiлiнде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж.Аймауытов педагогикалық үдерiсте баланың ақылын, сезiмiн, ерік-
жiгерiн, мiнезiн тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлдi. «Ана тiлi -мәдениеттi меңгерудің басты құралы>> деп атап көрсеткен.Ол ана тіліне айрықша назар аударды. Тiл қуаты халықтың бiрлiгiн нығайтып дамытатынын, байытатынын
атап көрсетті. Сондықтан баланың тiлiн дамытуға барлык пәндерді оқытуда ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан.
Тiл үйренгенде сөз бен ережелердi жаттағаннан гөрi сөздердің маңызын
ашудың тиiмдiлiгiн дәлелдеді. Халықтың өздiгiн сақтау үшін балаларды жергiлiктi тарихи орындармен, дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, халықтың адамгершiлiк касиеттерiмен таныстыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге болатындығын дәлелдедi. Ж.Аймауытов тарих, мәдениеттегі сабақтастықты сақтау мақсатында тарих, географияны, әдебиетті оқуға кешенді тұрғыдан келiп, 4-сыныптан бастап <<Біздің Отан» деген кiрiктiрiлген курс енгiзудi ұсынды. Ұлттық сананы, улттык мақтаныш сезiмiн қалыптастырудың рөлі мен маңызын түсiнген ол қайғылы жағдайларға душар ететін ұлттық эгоизмнiң көрiнуiнен сактандырады.«Өз ұлтының, Отанының гүлденуіне қамқорлық жасау игiлiктi iс. -деп жазды Ж. Аймауытов. - Бiрақ өз халқына қамқорлық жасап жатқан кезде екiншi бiр жақта дау-жанжал, соғыс болып кетпеуі керек>>. Ұлттық шектелу зорлық-зомбылыққа, қан төгiске әкелетiнiн ескертедi. Ұлтшылдыктың адамшылыққа жат екендiгiн атап көрсетеді.Ж. Аймауытов тәрбиедегi отбасы,баланың құрбылары, тума-туыстардың маңызына тоқталады. <<Ата-ана,қоршаған ортадан кейінгі балага күшті әсер ететін баланың құрбылары, жолдастары» деген. Тума-туыстардың әңгімелері, ана тілі, дуниетанымы, мiнез-құлқы, жүрiс-тұрысы, тұрмысы балаға аз әсер етпейтiндiгiн жазады. Бала мiнезi халык мiнезiне ұқсайтындығын дәлелдегiсi келедi.
М. Дулатулы оқу кітаптарының оқушылардың психологиясын ескеріп, ана тiлiнде жазылуы оқытуды қызықты, түсiнiктi, әсерлі жүргізуге ықпал жасап, ұлттық рухты өшiрмейтiндiгiн жазды. Ол оқыту тiлiне қарамастан. бастауышта оқыту тiлi ана тілі болу керектігін айтты. Дүниеге келген баланы ана сүтіне үйретумен қатар, оның Ұлттық рухын оятып, дәстүр және әдет-ғұрыптарға қатыстыру қажеттігін атап көрсетті. Бастауыш мектепте алған тәрбиенiң пәрмендiлiгi ана тілінде жазылган оқулыктарға байланысты екенiн ескертеді. Ұлттық рухты егiп, ұлттық сана-сезiмдi оятатын, бала табиғатына жакын ана тiлi болғандықтан баланың білім нәрінің бастауы ана тілі болуының тәрбиеге жаксы әсер ететiнiн дәлелдеді. Бастауыш мектепте ана тiлiнде бiлiм алған баланың ұлттық рухы жоғалмайтындығын, сын сағаттарда да ұлтының ұлылығын, ұлттык мәнiн өшiрмейтiндiгiн жазады.
М.Жұмабаев (1893-1938) халық педагогикасын дамытуға үлкен үлес
қосқан қазақтың аса көрнекті ақыны,педагог. 1922 жылы «Педагогика>> окулығын жазған. Онда: «Жалпы педагогика, яғни адамның дене һәм жан
күштерiн тәрбие қылу жолдарын жанжакты талдап, елдiң елдiгiн сақтап,
көтеретін ұлтжанды, жiгерлi, бiлiмдi ұрпақты қалай тәрбиелеп есiру жолдарын көрсетеді», - деп көрсеткен. Ол: <<Тәрбие мақсаты адам деген атты құр жалган кылып жапсырмай, шын мағыналы адам қылып шығару», -деген пiкiрдi келтiредi.Жумабаев жеке тулганы тәрбиелеу мақсаты мен ұлт өкiлiн тәрбиелеу мақсатын бiрлiкте қарастырады. Осыған байланысты тәрбиешiлердiң ұлттық тәрбиемен таныс болу керектігін атап көрсетеді. Ұлттық тәрбиедегі ана тiлiнiң рөліне зор маңыз берді. Ол:
«Ұлтты сақтауга ұлттық мектеп кө-мектеседі». дейді. Басқа елдердің
бiлiм саласындагы тәжiрибелерiн қазақ мектептерiне алдын ала зерттеусiз
көшiруге қарсы шықты.Х.Досмухамедов те барлык ғылымдардың iшiнде ана тiлiн жоғары бағалады. 1924 жылы жарық көрген «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы>> деген еңбегінде «Мәдениет негiзi бiлiм. Бiлiм тiл арқылы келедi. Бiлiмдi халықтардың тілі бай.
Тіл - халықтың жүрегі. Өзінің ана тiлiн бiлмейтiн халықтың болашағы
жоқ. Ана тiлiнде және басқа тілде сейлегенiн жақсы болғанымен, өз
тiлiңдi бiлмегенiн өкiнiштi жағдай болады». деген. Х. Досмухамедов
фольклорды жинаушы және насихаттаушы, зерттеуші. Ол фольклорды халықтың салт-дәстүрлерiмен, әдет-ғұрыптарымен, халықтың наным-сенiмдерiмен бiрлiкте қарап, ауызша халық шығармашылығын 46 түрге бөледi. Әдет-ғұрып, рәсiмдердi, түс жоруды, болжамдарды фольклордың ерекше түрi деп санаған.
Көркемсөз зергері, заңғар жазушы М.О. Әуезов: <<Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындагы отаншылдық сезiмдi, халық уғымындағы адамгершiлiк қасиеттер мен гуманизмдi, сол халықтың өткендегі өмiрiн, аңсау арманын, әдет-ғұрпын, халықтың коллективті тәрбиелеу жемiсiн көреміз», деп әдебиеттің тәлiмдiк мәнiне ерекше тоқталған болатын.
1991 жылдан бастап ұлттық қазақ мектептерін дамытуға алғышарттар
жасала бастады. Зерттеулер мен объективтi талдауға мумкiндiктер
ашылды. Осының бәрi елiмiздiң егемендік алуымен де тығыз байланысты екенi сөзсiз. 1994-1998 жылдары Қазақ Бiлiм академиясы профессор
Қ.Б. Жарықбаев, С. Калиевтердiң басшылығымен қазақтың 14 ғасырлык тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясының екі томдығын шығарды.
3. Сонгы жылдары халык педагогикасы жайлы зерттеу жұмыстарына мән беріп, өз үлестерін қосушылар -Қ.Жарықбаев, С. Қалиев. Қ. Жарықбаевтың «Теңкеріске дейінгі Қазақстандагы педагогикалық ойлардың дамуы» деген докторлық диссертациясында XVIII-XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақтың халық педагогикасындағы және қазақ ойшылдарының мұраларындагы негізгі идеялар талданады. «Халык педагогикасы», «Халык психологиясы» деген ұғымдарга анықтамалар берiлдi. Қ.Б. Жарыкбаев идеясынын негiзгi мәнi: «Халықтық педагогика тәрбиенiн мақсаты мен мiндеттерiне халықтың көзқарасы, халықтың эмпирикалык педагогикалык бiлiмi және тәжiрибесi, этнопедагогика, оның теориялық негiздерiн жасайтын ғылыми педагогиканың саласы». С. Узакбаева - халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбиенi зерттеген қазақстандық ғалым.
С. Ұзақбаева өз зерттеуiнде мына анықтаманы ұстанды: «Халықтык педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халықтың бiлiмдерi, iскерлiктерi мен дағдыларының жиынтығы. Оларды ұрпақтан-ұрпакка ауызша, халық шығармашылығы түрiнде беретiн әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер қалыптасты>> (Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие.Алматы, 1993). С.Узакбаеванын зерттеуiнiң ерекшелiгi - халықтық педагогикадағы білім, іскерлік дағдылардын ұрпақтан-ұрпаққа берiлуiн жан-жақ ты карастыруында. Ол ауызша халык
шыгармашылыгы мен сәндiк-қолданбалы өнердің тәрбиелік мәнін ашты.Республикада бiрiншi рет халык педагогикасының ерекшелiктерi мәселесiне ден қойды.
С. Калиев «Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие мен оқытудың ғылыми-педагогикалық негiздерi>>, <<Халық педагогикасының ауыз әдебиетiндегi көрiнiсi>, <<Қазақ тәлім-тәрбиеci>> (Қ. Жарықбаевпен бiрлесiп жазған) атты зерттеу жұмыстары қазақ халық педагогикасындагы ғылыми-педагогикалық негiздiң дамуына елеулі үлес қосты. Халық педагогикасынын алғашқы қауымдық құрылыстан осы кезге дейінгі дамуын 8 кезеңге белдi.
Профессор С. Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негiздерi және тарихы» (1998) деген монографиясында орыс этнопедагог-ғалымдарының ғылыми еңбектерiне сүйеніп,қазақ этнопедагогикасы ғылымының тарихын үш кезеңге бөледi. Бiрiншi қазақ этнопедагогикасының пайда бола бастауы, Шокан, Ыбырай, Абай
енбектерiнде халықтық педагогика талдана бастады. Екiншi кезең - этнопедагогиканың қалыптасу кезеңі (1920-1946) А. Байтурсынұлы, М. Жумабаев,Ж. Аймауытов, Н. Кулжанова, Х. Досмұхамедов, М. Әуезовтердiң ғылыми-зерттеу еңбектерімен тығыз байланысты. Үшiншi тоталитарлык саясаттын кесiрiнен 30 жылдық үзілістен кейiн 1970-1995 жылдары қазақ этнопедагогикасы қайта зерттеле бастады.
С. Калиев, сондай-ақ, бала тәрбиесiне байланысты салт дәстүрлердi,сандарға байланысты ырымдарды,дене бітімге байланысты сандар мен тыйым сөздерді зерттеген.Автор қазақ халық педагогикасындағы бала тәрбиесiнiң ерекшелiктерiн көрсетуге қадам жасады. Қазақ тәрбиесiндегi айырмашылықтардың бiрiншi тобын ұлттық ой, ұлттық психологиямен байланыстырады. Ұлттық ой ұлттық психология қатаң көшпелі мал
шаруашылығы жағдайында қалыптасты.Халқымыз балаларды көшпелі өмiрдiң құпия сырларына үйретіп, оларды еңбексүйгіштікке, шыдамдылыкка,төзiмдiлiкке, ру, Отан абыройын корғауға тәрбиеледі. Ержүректілік, руын , жетi атасын білу, ата-бабаларды құрметтеу, халықтың дастурi мен әдет-ғұрыптарын қастерлеу, кершiнi ерекше құрметтеу, ата-ананы құрметтеу. қонақжайлық, туыстық сезiмдi тәрбиелеу рудың, этникалык топтын топтасуына көмектесті. Нәтижесiнде қазақтарда ерекше ойлау стилі және арды сақтау, ол ушiн өмiрiн қию (Жаным-арымның садағасы), кенжүректілік, ақжарқындық, адалдық, мейiрiмдiлiк сынды мiнездiң ерекше белгiлерi қалыптасты.
Екiншi топтағы ерекшеліктер қоршаған ортаны қабылдаумен байланысты туған ұлттық психологиялық ерекшеліктермен байланысты болды
(атамекен, ел-жұрт). Қазақтардың ой жүйесінің үшiншi ерекшелігі ана тiлiне жогары баға беруден, сөз өнерiн баға жетпес мұра деп, тапқырлықты,өткiр ойларды, суырып салып айтушылықты кастерлеуiнен көрінді. Қазақтардың ұлттык психологиясының төртiншi ерекшелiгi көшпелі мал шаруашылығымен байланысты болды.
Профессор С. Калиев этнопедагогиканың этнопсихологиямен, ұлттық философиямен, казак мәдениеті тарихымен өзара байланысы туралы ой
қозғайды. Автордын пiкiрiнше, аталған ғылым салаларынын ортақ нысаны -халық тұрмысы, оның ойлау жүйесi өзiндiк санасы, дуниетанымы, дүние
туралы түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, ауыз әдебиеті. Ғалым
«халық>>. «этнос>> ұйымдарының ме нiн талдап, «халық» ұғымының орнына
<<Этнос>> ұғымын қолдануды ұсынады. Себебі «этнос>> сөзі грек тiлінен аударғанда «халық>>, <<тайпа>>деген мағынаны білдіреді (С. Қалиев.
Қазақтың халық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалык негiздерi. - Алматы. 1996). Осы жұмысында «әдет- ғұрып ұғымына анықтама беріп,оны кагаз бетіне түсiрiлмеген, халықтың жадында сақталған мiнез-құлық, қарым-қатынас ережелерi дейді. Аталған зерттеуде С. Қалиев «халыктық педагогика>>, «этнопедагогика>>
ұғымдарына анықтама берді. Оның пiкiрiнше, халықтық педагогика ата-бабалардың тәрбиесiндегi озат ұлттық әдет-ғұрыптардың және салт-дәстүрлердің жиынтыгы.
Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтың озат тәжi-
рибесiнiң мәнiн, мазмұнын, әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыратын теориялық сипаттағы ғылым, педагогика ғылымының құрамдас бөлiмi ретiнде қарастырылады. Этнопедагогикалық зерттеулердің негiзгi нысаны тұрмысы, ойлау жүйесі, санасы, дуниетанымы, әрбір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеуде қолданған әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері,
әдебиеті, ұлттық ойындары, өнері,Дастархан мәзірі, тұрмысы, емiрге көзқарасы, ерекше әдіс-тәсiлдерi және кызметi,ауыз Г.М. Храпченков <<Этнопедагогика>> және <<Халықтық педагогика» ұғымдарын талдап, Г.Н. Волков,А.Э. Измаилов, Г.Н. Филонов. Я.И. Ханбиков және басқа ғалымдардың аталған ұғымдарды шатастыратынын анықтаған. Профессор Г.М. Храпченков халықтық тәрбие деп халықтың тарихи тәжiрибесiнiн өнiмi, оның өмiр тәжiрибесiнен жинақтап, тексерiлген эмпирикалык бiлiм, мәлiмет, іскерлік дағды, құрал, әдіс-тәсілдер жиынтығын айтады. Олар көбiне ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде беріледі деп тұжырымдаған. Осы анықтама негiзiнде ол этнопедагогика терминiн былай айқындайды: «Этнопедагогика жас ұрпақты отбасында және ұлттық оку-тәрбие мекемелерінде оқыту және тәрбиелеу мәні, принциптері, мақсаты, мазмұны, міндеттері, формалары.тәсілдері, құралдары туралы ғылыми-эмпирикалык бiлiмдер жинақталған педагогика ғылымының құрамдас бөлiмi, негiзi>> (Храпченков Г.М.. Ушинский К.Д.О народности в воспитании//Вестник НПЦ, 1994, №6). Ол К.Д. Ушинскийдiн «халық ғылымы болмайды>> деген пiкiрiмен келіспей, онын «халыктык педагогика>> ұғымын қолданбау керектігі туралы пiкiрiн бекерге шығарады .Г.М. Храпченков қазақ халқының этногенезiнiң үстем, алғашқы факторы -космобиосфера адамдардың мәдениетiнiң және шаруашылығының белгiлi бiр геобиоортага икемделуіне әкелiп, олардың өмір салтының пайда болуына себепші болғанын анықтайды.Ал өмiр салты халық тәрбиесi мен этнопедагогика жүйесінің ерекшеліктерін,мазмұнын, құралдарын белгiлейтiнiн атап көрсетеді. Халықтық тәрбие - этностың өмiрi мен қызметi ықпалымен калыптасқан этнопедагогикалық өзара әрекет жүйесі. Автор қазақ этнопедагогикасының ұгымдық-терминологиялық аппаратына «этникалык тәрбие>>, <<ұлттық тәрбие» деген ұғымдарды енгiзудi ұсынады.
Сонымен, 1970-1998 жылдары Қазақстанда этнопедагогикадан 40 диссертация қорғалды. Республикада C.A. Узакбаеванын басшылығымен
«Үздiксiз бiлiм беру жүйесінде балалар мен жастарды қазақтың халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу» деген зертхана жұмыс істеуде. Онда 13
- диссертация қорғалған. Оқулықтар,бағдарламалар, әдістемелік құралдар
жазылды. М.Х. Балтабаев қазақтың дәстүрлі-көркемөнер мәдениетінің құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру багытын дамытты <<Елiм-ай>> бағдарламасымен жұмыс iстейтiн мектептердiн саны көбейді.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. А. Байтұрсынұлы ұстаздық кызметiн бастады:
А. Қала мектебінен;
В. Орта оку орнынан;
С. Ауыл мектебінен;
D. Жогары оқу орнынан;
Е. Бастауыш мектептен.
2. А. Байтұрсынұлының «Мектеп керектері>> деген мақаласы қай жылы
жарияланды?
A. 1926;
B. 1914;
C. 1924;
D. 1931:
E. 1928.
3. А. Байтұрсынулы кай мақаласында ана тiлiнде сауат ашу мәселесін қойды?
А. «Мектеп керектерi»;
В. <<Қазақша оқу жайынан>>;
С. <<Бастауыш мектеп»;
D. Барлығында;
Е. <<Мектеп мәселелері»
4. А. Байтұрсынұлынын ұлттық дуниетанымды iске асыру мақсатын алға қойған оқу құралы қайсы?
А. «Мектеп керектерi>>:
В. «Қазақша оқу жайынан»:
С. <<Бастауыш мектеп»;
D. <<Әліппе»
Е. «Мектеп мәселелері>>
5. А. Байтұрсынулынын «Жоқтау» жинағы қашан жарияланды?
A. 1926;
B. 1914;
C. 1924;
D. 1931;
E. 1930.
6. А. Байтұрсынұлы атаған ұлттық тәрбие негiзi:
А. Дiн;
В. Тiл;
С. Ауыз әдебиеті;
D. Тарих;
Е. Мақал-мәтелдер.
7. А. Байтұрсынұлы халыққа білім беру iсiн бастауды ұсынды:
А. Араб жазуынан:
В. Төте жазудан;
С. Ұлттық жазудан:
D. Орыс әрпінен:
Е. Қазақ әрпінен.
8. Ж. Аймауытовтың «Психология» еңбегi қашан жарияланды?
A. 1926:
B. 1914;
C. 1924;
D. 1931;
E. 1930.
9. А. Байтұрсынұлы халқының қандай бiлiм алуын аңсады?
А. Жоғары:
В. Орта;
С. Ең болмаса бастауыш білім алуын;
D. Бәрiн;
Е. Жалпы орта білім алуын
10. А. Байтұрсынұлының пiкiрiнше, мұндай мектеп саясаттан, миссионерлік пiкiрден аулақ болу керек:
А. Жоғары;
В. Орта;
С. Бастауыш:
D. Бәрi;
Е. Жалпы орта.
11. А. Байтұрсынұлы қай еңбегiнде қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды?
А. <<Мектеп керектерi>:
В. «Қазақша оқу жайынан»;
С. <<Бастауыш мектеп»;
D. <<Тiл құралы>>:
Е. <<Әліппе».
12. А. Байтұрсынұлы кандай әдістің авторы?
А. Оқулықпен жұмыстын;
В. Оку пікірсайыстарынын:
С. Қазақ тiлiн дыбыска белiп оқытудың:
D. Көрнекілік әдiстерiнiң;
Е. Сездік әдiстерiнiң.
13. А. Байтұрсынулы көп күш салды:
А. Қазақ балаларының ана тiлiнде сауат ашуына:
В. Қазақ тілінің әдістемесін жасауға;
с. Оку жоспарына ұлттық бөлiктi енгiзуге;
D. Ауыз әдебиетiн зерттеуге;
Е. Оку құралдарын жасауға.
14. Қазақстанның тұңғыш халық ағарту комиссары:
А. А. Байтұрсынұлы:
В. Ж. Аймауытов:
С. М. Дулатулы
D. M. Жұмабаев:
Е.Ж. Аймауытов.
15. А. Байтұрсынұлы кай жылдары екi сыныптық мектепте оқыды?
A. 1886-1891;
B. 1895-1909;
C. 1891-1895;
D. 1890-1892;
Е. Дурыс жауабы жок.
16. А. Байтұрсынұлы қай жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте окыды?
А. 1886-1891;
B. 1895-1909:
C. 1891-1895:
D. 1892-1893;
Е. Дұрыс жауабы жоқ.
17. А. Байтұрсынұлы қазақ тiлiнде морфология, фонетика, синтаксис
оқулықтарын қай жылдары баспадан шығарды?
A. 1914-1916;
B. 1917-1918;
C. 1920-1921;
D. 1925-1926;
E. 1923-1924.
18. А. Байтұрсынұлы қай мақаласында надандыктың кесiрiнен қазақ елі шикізат көзіне айналғанын жазады?
А. <<Мектеп керектерi>;
В. <<Қазақша оку жайынан>>:
С. <<Бастауыш мектеп»;
D. <<Тіл құралы»;
Е. <<Әліппе».
19. А.Байтұрсынұлынын қай еңбегі ұлттық дүниетанымды қалыптастыру
мақсатын көздеді?
А. <<Әліппе»;
В. «Қазақша оқу жайынан>>;
С. <<Бастауыш мектеп>>;
D. <<Тiл құралы>>;
E. <>.
20. «Адамға тiл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін
бiлiм де сондай керек» деген кiм?
А. А. Байтұрсынұлы:
В. Ж. Аймауытов:
С. М. Дулатұлы;
D. M. Жумабаев:
Е. Ы. Алтынсарин.
21. «Ең әуелі мектепке керегі - бiлiмдi, педагогика, әдiстемеден хабары бар мұғалім, екiншi - құралдар, үшiншi - бағдарлама» деген кім?
А. М. Дулатулы;
В. Ы. Алтынсарин:
С. А. Байтұрсынұлы:
D. Ж. Аймауытов;
Е. М. Жумабаев.
22. Ұлттық педагогиканың негiзiн салушы:
А. А. Байтұрсынулы:
В. Ж. Аймауытов:
С. М. Дулатұлы:
D. M. Жумабаев:
Е. Ы. Алтынсарин.
23. 1922 жылы <<Педагогика>> оқулығын тұңғыш рет қазақша жазған кiм?
А. Н. Кулжанова;
В. М. Дулатулы;
С. А. Байтұрсынұлы;
D. M. Жумабаев;
Е. Ж. Аймауытов.
24. «Жалпы педагогика, яғни адамның дене, һәм жан күштерiн тәрбие
қылу жолдарын жан-жақты талдап, елдiн елдiгiн сақтап кетеретiн ұлтжанды,жігерлі, білімді ұрпақты қалай тәрбиелеп өсiру жолдарын көрсетеді» деген кім?
А. А. Байтұрсынұлы:
В. Ж. Аймауытов;
С. М. Дулатулы:
D. Н. Кулжанова;
Е. М. Жумабаев.
25. «Ана тiлi - мәдениетті меңгерудiң басты құралы» деген:
А. А. Байтұрсынұлы;
В. Ж. Аймауытов:
С. М. Дулатулы:
D. М. Жұмабаев;
Е. Н. Кулжанова.
26. Баланың тілін дамытуға барлық пәндерді оқытуда ерекше көңіл бөлу
керектігін айтқан:
А. А. Байтұрсынұлы:
В. Ж. Аймауытов:
С. М. Дулатулы:
D. M. Жумабаев:
Е. Н. Кулжанова.
27. Тәрбие мақсаты адам деген атты құр жалган кылып жапсырмай, шын мағыналы адам қылып шығару» деген кімнің пікірі?
А. А. Байтурсынулы;
В. М. Жумабаев;
С. М. Дулатулы;
D. Ж. Аймауытов:
Е. А. Құнанбаев.
В. А. Құнанбаев;
С. Ж. Аймауытов:
28. Ана тiлiне зор маңыз берiп, халықтың өздiгiн сақтауға шақырган кiм?
А. Ы. Алтынсарин;
D. M. Дулатұлы:
Е. А. Байтұрсынұлы.
29. Тәрбиеде отбасы, баланың құрбыларына, тума-туыстарға үлкен мән берген:
А. Ж. Аймауытов;
В. М. Дулатулы:
С. М. Жумабаев;
D. A. Құнанбаев;
Е.А.Байтұрсынұлы.
30. <<Ата-ана, қоршаған ортадан кейінгі балаға күшті әсер ететiн-баланың
құрбылары, жолдастары» деген кiмнiң пiкiрi?
А. Ж. Аймауытов;
В. А. Байтұрсынұлы:
С. М. Дулатұлы:
D. A. Кунанбаев;
Е. М. Жумабаев,
31. <<Бала мiнезi халық мiнезiне ұқсайды» деген кім?
А. А. Байтұрсынұлы:
В. М. Жұмабаев:
С. М. Дулатулы;
D. Ж. Аймауытов:
Е. А. Құнанбаев.
32. «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі>> деген зерттеу
жұмысының авторы кім?
А. Қ. Жарыкбаев;
В. К. Кожахметова;
С. Б. Муканова:
D. C. Ұзакбаева;
Е. С. Калиев.
33. Төңкерiске дейiнгi Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуын
зерттеген:
А. Қ. Жарыкбаев:
В. С. Калиев;
С. С. Ұзақбаева;
D. Б. Муканова;
Е. М.Х. Балтабаев.
34. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердi, сандарга байланысты
ырымдарды, дене бітімге байланысты сандар мен тыйым сөздерді зерттеген:
А. Қ. Жарыкбаев:
В. С. Қалиев;
С. Б. Муканова;
D. C. Ұзақбаева;
Е. А. Сейдімбек.
35. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбиенi зерттеген
қазақстандық ғалым:
А. С. Калиев;
В. Б. Муканова;
С.К. Жарыкбаев;
D. C. Узакбаева:
Е. М.Х. Балтабаев.
Достарыңызбен бөлісу: |