I-тарау. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру



бет4/26
Дата05.08.2020
өлшемі188,5 Kb.
#76081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
курсовая работа.ДМ

Зерттеу кезеңдері:

1. тақырыпты негіздеу, мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

2. тақырыпқа байланысты теориялық жадығаттар жинақтау, әдебиеттерге шолу жасау, талдау;

3. ғылыми жобаларды жазудың түрлерін қарастыру;

4. жұмысты қорытындылау.
I-тарау. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру.
1.1. Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы болып табылады.

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысына жетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.

Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет