І тарау. Физика және астрономия –табиғаты туралы ғылымдар



бет11/14
Дата27.05.2022
өлшемі0,91 Mb.
#145271
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Физика 7 сынып анықтамалар

А = IUt = I2Rt. А = Q = І2Rt.
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттайтын формула анықталды. Бұл формула былайша өрнектеледі:
Rt = R0(1 + αt) немесе ρt = ρ0(1 + αt), мұндағы: Rtөткізгіштің t0С температурадағы кедергісі; R0 – 0о С температурадағы кедергісі; ρ – өткізгіштің меншікті кедергісі; α = (Rt – R0)/t – кедергінің температуралық коэффициенті деп аталады. Таза металдар үшін бұл коэффициенттің жуық мәні мына теңдіктен табылады: α = ( 1 /273) 0С–1.
Асқынөткізгіштер деп белгілі бір сындық температурада электр кедергілері кенет жойылатын ерекше өткізгіштерді айтады. 1911 жылы Камерлинг – Оннес ашқан.
Барлық электрлік жылытқыш аспаптарда қолданылатын қыздырғыш элементтер меншікті кедергілері мен балқу температуралары үлкен екі түрлі қоспадан жасалады. Нихром деп аталатын қыздырғыш элемент никель мен хромның қоспасы, ал фехраль деп аталатын элемент темір, хром және алюминий қоспасы болып табылады. Басқа металл өткізгіштерге қарағанда нихромның меншікті кедергісі (ρн = 1,05 ⋅ 10–6 Ом ⋅ м) мен фехральдің меншікті кедергісі (ρф = 1,05 ⋅ 10–6 Ом ⋅ м) ондаған-жүздеген есе үлкен. Сондықтан Джоуль– Ленц заңына сәйкес (Q = І2Rt) мұндай қыздырғыш элементтерде бөлініп шығатын жылудың мөлшері де басқа өткізгіштерге қарағанда ондағанжүздеген есе үлкен болады.
Электрқыздырғыш аспаптар қатарына американдық өнертапқыш Томас Эдисон мен орыс электртехнигі Александр Николаевич Лодыгин жасап шығарған электр шамдарын жатқызуға болады.
Аспаптарды ток көздеріне қосып, электр энергиясын пайдаланғанда қысқа тұйықталу деп аталатын аса қауіпті құбылыстан сақтану қажет. Мұндай қауіпті құбылыс екі жағдайда орын алады. Біріншіден, қысқа тұйықталу ток көзіне кедергісі өте аз аспапты қосқан кезде орын алады. Екіншіден, қысқа тұйықталу ток көзіне бірнеше құралдар мен аспаптарды қатарынан пайдаланған кезде байқалады.
Әдетте қысқа тұйықталу жағдайында туындайтын қауіп-қатерден қорғау үшін балқымалы сақтандырғыштар деп аталатын арнайы құралдар қолданылады.
Металдарда электр тогын тек еркін электрондар ғана тасиды.
Электр өрісі туғызылған жағдайда электр тогы металл өткізгіштерде ғана емес, сұйық ерітінділерде де, газдарда да пайда болады. Сұйық ерітінділерде электр тогын иондар тасиды, ал газдарда электр тогын тасуға электрондар да, иондар да қатысады. Газдардағы электр тогына найзағай және екі электродтың арасында ауада туындайтын электр доғасы мысал бола алады.
Еріткіштің молекулаларының соққылауы әрекетінен кристалдық тор бұзылып, оң және теріс зарядты еркін иондарға ыдырау құбылысы электролиттік диссоциация деп аталады.
Еріткіштің әрекетінен әраттас иондарға ыдырайтын заттарды электролиттер деп атайды. Электролиттерге тұздар, қышқылдар, сілтілер және көптеген органикалық қосылыстар жатады. Электролиттердің ыдыраған иондары бар сұйықтарын ерітінділер деп те, электролиттер деп те атай береді.
Тізбектің сыртқы металл өткізгіштерден тұратын бөлігінде токты электрондар, ал электролит ерітіндісінен тұратын бөлігінде иондар тасымалдайды.
Электролиз арқылы 1807 жылы Г. Дэви бірінші рет электродта бөлініп шыққан натрий элементін ашқан болатын. Электролиз деп тұрақты токтың әсерінен электролиттің ерітіндісіндегі заттардың электродтарда бөлініп шығу құбылысын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет