2.3. Сапалық есептерді сабақта қолдану әдістемесі. Сапалық есептер ауызша шығарылады. Оқушыларда сапалық есептерді саналы тұрғыда шығару дағдысын тәрбиелеу үшін, мұғалімнің олармен белгілі бір жұмыс жүйесі және ойластырылған оқыту методикасы болуы керек. Есепті дұрыс таңдап алудың маңызы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде оқушылардың өз тәжірибесінен белгілі құбылысқа немесе фактілерге түсінік беру ұсынылатын есептер дұрыс болады. Бұлардан оқушылар өмірмен байланысты көреді.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында VII сыныптан бастап-ақ есептердің шартына оқушылар үшін жаңа деректерді, техникалық мәліметтерді енгізген жөн. Есептерді таңдап алуда мектептің айналасындағы өндірістің сипатын және жергілікті жағдайларды ескерудің маңызы зор.
Сапалық есептерді шығару үш кезеңнен тұрады: шартын оқу, есептің анализі және шешуі.
Есеп мазмұнын анализдеу кезінде ең алдымен оқушыларға берілген тақырыптан белгілі ортақ заңдылықтарды пайдаланады: осыдан кейін есептегі айтылған құбылыс нақты қалай түсіндірілуі тиіс екенін айқындайды. Сапалық есептерде шарттың анализі негізделген керекті жауаппен тығыз байланысты. [4].
Сапалық есептер сабақта және сабақтан тыс тапсырмалар бергенде қолданылады. Сапалық есептерді шешу – физиканы оқытуда қазіргі кезде көп қолданылады. Мұнда қызығушылықтың пайда болуы – табысты оқытудың қуатты факторы болып табылады. Проблеманы шешу үшін өз білімін пайдалану оқушылардың оқуға деген қызығушылығын туғызады, ал ынтасын туғызу оқытудың негізгі нақты мақсаты болып табылады.
Қазақстанның экономикалық өркендеп дамуы үшін мұндай жұмыстар өте қажет. Себебі кейбір сұрақтарды жоғары білімі бар азаматтарының өздері шеше алмады, бірақ көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Сондықтан да Қазақстан халқының әдет-ғұрыптарына байланысты және олардың өмірі жайлы физикалық сапалық есептерді қарастырдым. Мысалы мынадай типтегі есептер жиі кездеседі. «Қайсы жылдамдықтар үлкен, 15 м/с па әлде 72 км/сағ па?». Бұл есепті былай айтсақ қызық болар еді. «Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/сағ киікті қуып жете ала ма?».
Мүмкіндігінше сабақта оындай шешкен өте тиімді. Есептерді құрастырғанда әдеби кітаптар, кейбір тарихи деректер, аңыздар, ертегілер, ғылыми жаңалықтарды ескерген дұрыс. Ол біздің күнделікті әлеміміз, ол жер, су, еліміз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, тарихымыз. Міне осының бәріне біз өзіміздің махаббатымызды білдіреміз.